Жануарлар жемін ?алай аулайды?


Сабақтың тақырыбы: Жануарлар жемін қалай аулайды? Сабақтың мақсаты: Дамытушылық. Оқушылардың алған білімдері бойынша түйін сөз таба білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілеттерін арттыру;Білімділік. Тірі табиғаттың ірі бөлігі ретінде қорек түрлері арқылы жануарлардың айналадағы дүниемен кең алқымды байланысы бар екенін, жануарлар қанша көп түрлі болса олардың азық ететін қорек түрінің де сонша әралуандығын, соған қарамастан қорек түріне қарай жануарларды топтастырып, оларды тіршілік ету түрін ықшамды жүйемен танып білуге болатынын түсінуге бағдарлау. Суреттер, сызбалар бойынша өздігінен жұмыс істеу білуге қалыптастыру, ой қиялын, тілін дамыту. Табиғаттың қызығын тамашалауға тәрбиелеу. Тәрбиелік. Оқушыларды табиғаттың жанашыры болып қорғауға өз үлесін қосуына, табиғатты қорғау парызын орындауға үйрету;
Сабақтың түрі: Аралас Сабақтың типі: Пән аралықСабақтың әдісі: Түсіндіру, зерттеу, сұрақ-жауапСабақтың көрнекілігі: Слайд  суреттер, сызбалар, сөзжұмбақ. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. (Шаттық шеңбер) Жақсы оқып сабақты,Әдеп сақтау сәніміз.Сәлем бердік сіздерге,Басымызды иіп бәріміз. Топқа бөлу: I-топ Жолбарыс II-топ Сілеусін III-топ Түлкі IV-топ Қасқыр
II.Үй тапсырмасы: Балалар мен үй тапсырмасын сұрақ-жауап алу арқылы қорыту. Қәзір мен тақтаға суреттер жасырып қойдым. Осы суреттерді әр топтан бір-бір баладан шығып алады. Осы жануарлардың суретіне жемін жабыстырып, осы аң туралы не білесіңдер тірек сызба арқылы көрсетіңдер. Топтастыру стратегиясы:
4658360194945Құрт
0Құрт
3305556161417Тиын
00Тиын
1806194152019Әтеш
00Әтеш
315722158623 аю
0 аю

Балалар мен үй тапсырмасын сұрақ-жауап алу арқылы қорыту.
III. Жаңа сабақ: (суреттер интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.). Жыртқыш аңдар әлі жеткен аңдар мен құстармен қоректенеді. Жыртқыштар басқа жануарлар сияқты табиғат өміріне қажет. Оларды құртып жіберуге болмайды. Олар табиғаттағы көптеген зиянды кеміргіштерді жейді және жыртқыштар жануарлардың ішінен әлсіреген, көп өмір сүре алмайтындарын ғана ұстап жейді. Жыртқыштар осы тұрғыдан алғанда нағыз табиғат санитарлары.
IV.Оқулықпен жұмыс: 4-бөлікке бөліп оқыту
V.Постер қорғау.Екінші тапсырма.І-топ. Халық ертегілерінде тіпті ауыл адамдарында қазір де, қасқырды жауыз, ұры, қарақшы деп жек көрушілер бар. Неге? Сен қасқыр туралы өз пікіріңді айт.ІІ-топ. Аю адамнан, ал адам аюдан қорқады. Онда бұл екеуін бір-біріні жау деуге болады ма?ІІІ-топ. Аңдарды хайуанаттар паркінде ұстаған дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар? IV-топ. Жыртқыштарға қандай жануарлар жататынын ата VI. Сергіту сәті VII.Дәптермен жұмыс. VIII. Сабақты қорыту. Тест 1.Сүтқоректілерге қайсысы жатады? а) балық, құс; ә) сиыр, бұғы; 2.Жыртқыш аңдарды тап? а) арқар, құлан, түйе; ә) қасқыр, түлкі, аю; 3.Тиін немен қоректенеді? а) бидай, арпа, сұлы; ә) саңырауқұлақ, жаңғақ; 4.Балықтар қайда тіршілік етеді? а) суда; ә) орманда; 5.Бауырмен жорғалаушы қайсысы? а) жылан, кесіртке; ә) қоңыз, көбелек; 6.Бақа жануарлардың қай түріне жатады? а) қосмекенді; ә) бауырмен жорғалаушы; 7.Жыл құстарын ата? а) қарға, көгершін, сауысқан; ә) қарлығаш,тырна, қараторғай; 8.Қоян неге түлейді? а) жауынан қорғану үшін; ә) сәндік үшін; 9. «Құралай» деп нені айтады? а) аюдың баласын; ә) киіктің баласын 10 Қыста қыстап қалатын құстар? А) қарлығаш; ә) торғай
IX. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу.
Бағалау.
Кері байланыс. Оқушылар смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жапсырады.