Д?ниетану. Жануарлар жемін ?алай аулайды.


Сабақтың тақырыбы:Жануарлар жемін қалай аулайды?
Сабақтың мақсаты: Білімділік.Жануарлар дүниесінің көптүрлілігін, олардың қоректенуіне байланысты шөпқоректілер және жыртқыштар болып бөлінетіндігін түсіндіру. Жануарлардың жемін қалай аулайтындығы жайлы әңгімелеу.
Дамытушылық. Жануарлардың тіршілігі, қоректенуі және оларға қажетті жағдайлар жайлы түсініктерін , дүниетанымдарын кеңейту. Тәрбиелік. Оқушыларды табиғаттың жанашыры болып қорғауға өз үлесін қосуына, табиғатты қорғау парызын орындауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі:
Сабақтың типі:
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік
Көрнекілігі: жануарлар суреттері және слайд.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Сабақтың жүргізілу барысы
І. Ұйымдастыру.
(1 мин)
ІІ. Өткенді қайталау.
(1 мин)
Жаңа сабаққа кіріспе
Сөзжұмбақ
(3 мин)
Жаңа сабақ
(10 мин)
Бейнеролик көрсету
(5 мин)
Сергіту сәті
(2 мин)
Оқулықпен жұмыс
(3 мин )
Дәптермен жұмыс
(5 мин)
Жаңа сабақты бекіту.
(5 мин)
Ойын «Үндемес»
Қорытындылау
(9 мин)
Жұмбақ шешу
Үйге тапсырма
(30 сек)
Бағалау.
(30 сек)
Оқушыларды түгендеп, сабаққа әзірліктерін тексеру.
Психологиялық дайындық: «Ақ тілек. Әсем күлкі»- Көңіл - күйлеріңіз қалай?- Керемет! (қолдарын көтереді)- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)- Ынтаңыз ше?- Ғажап! (қолын көтереді)- Ендеше, бастайық!- О, о, о (Бас бармақтарын көрсетеді).
Табиғатта жануарлардың көптігі соншалық, олар туралы ұзақ әңгімелеуге болады. Суреттерге қарашы - олар әр түрлі!(Слайдтан жануарлар суреті көрсетіледі)- Жануарлар топтарын айтып беріңдерші? (Құстар, жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, жәндіктер, аңдар)- Жануарлар қайда тіршілік етеді? (Суда, ауада, жер бетінде, топырақ арасында)- Жануарлар немен қоректенеді? (Бунақденелермен, өсімдікпен, өз әлдері келетін жануарлармен)Балалар мен үй тапсырмасын сөзжұмбақ жасыру арқылы сұрағым келіп отыр.
Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады.
Оқушылардың барлығына жануарлардың немен қоректенетінін қаншалықты білетіндігін тексеру мақсатында парақшалар таратылады. Оқушылар суреттегі жануарларға қарай отырып олардың немен қоректенетінін меңзермен көрсетуі тиіс. Оқушылар белгілеп болғаннан кейін жанындағы оқушыға өзінің парағын береді, сол кезде мұғалім дұрыс жауаптарды ашады. Оқушылар бір-бірінің жауабын тексереді.1. Балықтар қай жері арқылы тыныс алады? (Желбезек)2. Қысқа азық дайындайтын аң. (Борсық)3. Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін жануар. (Кірпі)4. Қыста азығын табиғаттан іздейтін аң. (Түлкі)5. Қысқа қарай жүнін өзгертетін жануар. (Қоян)6. Мүйізінен дәрі жасалатын жануар. (Бұғы)7. Шөптің түсімен түсі бірдей жәндік. (Шегіртке)8. Шөлге шыдамды жануар. (Түйе)9. Қыста ұйқыға жататын аң. (Аю)10. Өмірі жарық көрмей үнемі топырақ арасында тіршілік ететін жануар. (Соқыр тышқан)
Қандай сөз шықты?(Жыртқыштар) Жыртқыш жануарларға қандай аңдар жатады?
-Балалар қалай ойлайсыңдар жануарлар өз жемдерін қалай аулайды?(оқушылар өз ойларын айтады)
Мұғалімнің түсіндіруі.
Жыртқыш аңдар әлі жеткен аңдар мен құстармен қоректенеді. Жыртқыштар басқа жануарлар сияқты табиғат өміріне қажет. Оларды құртып жіберуге болмайды. Олар табиғаттағы көптеген зиянды кеміргіштерді жейді және жыртқыштар жануарлардың ішінен әлсіреген, көп өмір сүре алмайтындарын ғана ұстап жейді. Жыртқыштар осы тұрғыдан алғанда нағыз табиғат санитарлары.
Жолбарыс, қасқыр, сілеусінді жыртқыштар дейді.
Жыртқыштар жемін әр түрлі тәсілдермен аулайды.
Жолбарыс пен сілеусін жемін тасада жатып аңдиды. Кейде оған бұқпантайлап жетеді де, аңдаусызда бас салып ұстап жейді.
Мысықтың тышқанды аулағаны тәрізді айлакер түлкі кірпіні ептеп домалатып әкеп суға тастап жібереді. Ол бауырын жазған кезде бас салып жеп алады.
Дала бүркіті тышқан , қоянменмен, саршұнақ сияқтыларды аңдып, көбінесе биіктен бақылайды. Жемін көзі шалып қалса болды , ол көкке шапшаң көтеріліп, құйындатып келіп үстіне тұмсығымен шоқып қона кетеді.
Тағы бір жыртқыш құстардың бірі жапалақ . Жапалақ түнде өте жақсы көреді, сондықтан да түнде аңшылыққа шығады. Ол ұсақ сүтқоректілерді, құстарды дәл тауып, ұстап жейды. Сол себепті ол жыртқыш құстардың бірі.
Сыныптағы 2 оқушы шығып слайдпен жұмыс жасай отырып, бір жануардың жемін қалай аулайтынын оқушыларға түсіндіріп өтеді.
Жануарлардың жемін қалай аулайтындығына байланысты бейнеролик көрсетіледі.
Бейнероликті талдау:
Жыртқыш жануарлар өз жемтігін қалай аулайды?
Әр жануардың аңшылық барысында қандай ерекшеліктері бар?
Мысық тектес жыртқыштардың қоректерін аулауында қандай ұсастық байқадың?
Қорбаңдаған аюдың
құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Оқушылар оқулықтағы мәтінді іштерінен бір рет оқып шығады.
Әр топқа бір парақшадан таратылады. Әр парақта жыртқыш жануарлардың аты жазылады. Оқушылар өзара келісе отырып сол жануардың жемін қалай аулайтынын жазады.
Жануар Жемін қалай аулайды
Қасқыр Алыстан бақылап, аңдиды. Жанына ақырын жақындап, ұстап жейды.
Түлкі Інін қазады, аңдып ұстап алады.
Оқушыларға проблемалық жағжаяттар тудыру. Әр қатарға әр түрлі жануарларға байланысты сұрақтар беріледі. Топ мүшелері бірігіп ойланып жауап береді.
І-топ. Халық ертегілерінде тіпті ауыл адамдарында қазір де, қасқырды жауыз, ұры, қарақшы деп жек көрушілер бар. Неге? Сен қасқыр туралы өз пікіріңді айт.ІІ-топ. Аю адамнан, ал адам аюдан қорқады. Онда бұл екеуін бір-біріні жау деуге болады ма?ІІІ-топ. Аңдарды хайуанаттар паркінде ұстаған дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар?Балалардан өз пікірлерін айтуы.
Мұғалім бір топтан бір оқушыдан шығарып жануардың суретін көрсетеді. Суретті көрген оқушы басқа оқушыларға сөйлемей мимикамен келтіңріп көрсетеді. Қай жануарды көрсеткенін оқушылар табуы тиіс.
Сұрақ-жауап:
-жануарларды қоректенуіне байланысты нешеге және қалай бөледі?
- Шөпқоректілерге нелер жатады?
-Жыртқыштарға нелер жатады?
-жыртқыштар өз жемін қалай аулайды?
Әр топ келесі екі топқа өздерінің дайындаған 2 жұмбағын жасырады. Шешкен топқа бір ұпайдан беріліді.
Ит сияқты пішіні,Ұнатпайды кісіні.(қасқыр)Жазда сұрғылт.Қыста аппақ.(қоян)Басына өскен тарбиып,Жапырақсыз бұтағы.Алады одан қан құйып,Емге шипа бұл дағы.(марал)Қайда болсын баратын,Мінсең – ұшқыр қанатың.(жылқы)Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)Адамға серік,Күзетке берік.(ит)
Мәтінді мазмұндап, бір жыртқыш жануар туралы ертегі тауып әкелу.
Топ басшысы тұрып өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
№45 бейімделген орта мектебі КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы:«Жануарлар жемін қалай аулайды?»
Дайындаған: Самарканова А.С
Өскемен қаласы
2013-2014 жыл