Ж.Жабаевты? шы?армасы Мені? ?мірім ашы? саба?


3810-16764000Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Зеленобор мектеп – гимназиясының
бастауыш сынып мұғаліміКуандыкова Асия Жетыспаевна

Сабақтың тақырыбы: Менің өмірім. Ж. Жабаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт-дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу.
Дамытушылық: оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.
Тәрбиелік: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Араласып кеткен оқиғалар», «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл ақын және Сүйінбай портреті.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардан бүгін естіген жағымды сөздерін еске түсіріп, жазу сұралады.
Мысалы:
Қайырлы таң!
Сәлеметсіз бе!
Отырыңыз.
Кешіріңіз!
Дауысың жақсы.
Көмек керек пе?
Ештеңе етпес.
Иә, балалар, бүгін қайырлы күн, сәтті сабақ болсын! - деп, сабақтың басталатындығын хабарлап, үстел үстіндегі хатқалтаны әр топқа беру. Ескерту: Оқулықтың беті жабық болады.
2. Жаңа сабақ:
Хатқалтада жаңа мәтін абзац бойынша төрт бөлікке бөлініп берілген (алдын ала мұғалім мәтінді бөліктерге бөлін, дайындап қояды). Оқушылар мәтінді оқып, мазмұны жүйелі болатындай етіп, әңгімені ретімен қойып орналастырып шығады. Топтағы жұмыс тез, өнімді, сапалы болу үшін балалар бір-біріне көмектеседі, ақылдасады.
Мәтін бөліктері:
Шу өзенінің бойымен жүгіре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларды көшіп-қонып жүрген.
Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып қойылыпты.
Бұл 1846 жылдың ақпан айы екен.
Менің әкем Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.
Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды.
Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді...
Менің ағам, әкемнің інісі, белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, ...бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді.
Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда, даусым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім.

Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым.
Үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сияпат көрсете бастады.
Он беске толғанда мен атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келдім де, әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:
- Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім, деді.
Қарт ақынның тілегі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, оны аспан әлеміне, нұрға бөлеп, таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, қолдауын сұрадым. Ол уәде берді.
Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді.
- Мәтін кім туралы?
- Жамбыл Жабаев туралы не білеміз?
- Мәтін кімнің атынан жазылған?
- Қолдарыңдағы мәтін бөліктерін реттеу кезінде, неге бөліктерді осылай орналастырдың? Дәлелдеу.
- Осылай қоюға қай сөз немесе мәтіндегі белгі көмектесті?
Оқушыларға сұрақтар қойылады: :
- Сонымен, Жамбыл ақынның аты туралы не білдік?
«Батырдың ұрпағы» әңгімесіндегі жерге ат қоюға байланысты оқиғаны еске түсіру, салыстыру.
Жамбылды балалық шағында жақсы сөзімен адамгершілікке
тәрбиелеген кімдер болды?
Бұл жерде Сүйінбай ақын туралы айтып кету керек. Ақынның
«Менің пірім - Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай»
деген өлең жолдарынан оның өмір жолында нағыз ұстаз болғанын атап өту.
- Бала Жамбылдың кіршіксіз таза ойы, шын сыры қандай жақсы сөздерінен байқалады?
729615167640Бақыт
0Бақыт
«Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді».
- Жамбыл үшін бақыт деген не?
- Сендер үшін «бақыт» деген не? Ойларынды жазындар.
Әртүрлі пікірлерден кейін өз пікірін оқыған бала қайтадан өзінің соңғы сөйлемін оқиды. «Сен өз пікіріңді өзгертпейсің бе?» - деген сұрақ қойылады.
3. Оқулықпен жұмыс.
Осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін оқушылар оқулық бетін ашып, мәтін ретін қалай қойып шыққандарын тексереді және кездескен түсініксіз сөздермен жұмыс жасалады.
4. Бекіту.
5. «Сандар сыр шертеді» ойыны
12 жас 14 жас 15 жас
6. Қорытынды: Бала Жамбылдың азамат болып қалыптасуына жақсы адамдар мен жақсы сөздердің, халқымыздың ежелден келе жатқан баланы жақсы әдет-ғұрыпқа тәрбиелеуінің үлкен мәні болғанын айта келіп, сабақ басындағы тақтада жазылған жақсы сөздерге қайта оралып, біз де өмірімізде жақсы сөз естіп, жақсы сөз айтып өмір сүрейік деген оймен қорытындылану керек.
7. Үй жұмысын беру: Мәтін бойынша 5 мақал мәтел жазып келу.