«Т?УЕЛСІЗДІК-ЕЛІМНІ? ТІРЕГІ!» АТТЫ КОНЦЕРТТІК БА?ДАРЛАМА (4сынып)


«ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛІМНІҢ ТІРЕГІ!» АТТЫ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА
Ән- Туған жер
 1-жүргізуші.   Лаура    
Көк туым көтерілді бағым жанып,
 Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
 Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
 Арманым –Ата заңым қабылданып.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 24 жыл толып отыр.
  2-жүргізуші: Айбек
«Мен  - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,  Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстандарының барлығы да қуғын – сүргінге  ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің  азаттық идеясын жалғастырған, қыршын  кеткен арыстандардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
(Екі жүргізушіде бірге хормен).
Бүгінгі «ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛІМНІҢ ТІРЕГІ» атты концерттік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші: Лаура
Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды.
2-жүргізуші: Айбек
Бұл  күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының  туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
  (Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады).
1-жүргізуші: Лаура
Рахмет
Келесі кезекте Желтоқсан оқиғасы жайындағы-видео роликті тамашаланыздар!
2-жүргізуші:   Айбек
Ән трио «Ризамын».
Лаура сен білесін бе?- Бүгінгі күнде Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
   1-жүргізуші: Лаура
     1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Шеруіл аяусыз басылды. Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.
1-оқушы:Диана
Жас арудың жанарында – Желтоқсан, Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан. Қаралы өмір қайыстырған халқымның, Қара тұман қабағында – Желтоқсан. Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан, Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан. Жазықсыздың көз жасына жуынып, Абақтыға тастаған да – Желтоқсан. Намысымның шырағы да – Желтоқсан, Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан. Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан, Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.          
2- оқушы:Айсұлу
 Қатал екен желтоқсанның ызғары, Қазағымның езгіленген ұлдары мен қыздары Қара бұлттар түнереді аласапыран зең дала Еріп түсті ерімейтін жауыздықтың мұздары Кешкен сонда алып тұлға керуендей кездерін, Жол таба алмай соқпақтағы іздеді ме іздерін. Кеуде керіп Шаханов та ұлты үшін күресіп, Құрбан еткен талай жастар елі үшін өздерін. 
2-жүргізуші:   Айбек Ән ”Отан”
1-жүргізуші: Лаура
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.
Екі жендет: Қайрат кінәңді мойныңа ал. Савицкиді өлтіргенің үшін?Қайрат: Жоқ, мен емес.Жендет: - Сен өлтірдің. Мойныңа ал!Қайрат: - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
  (Екі жендет Қайратты ұрып соғып түрмеге қамап кетеді. Сосын темір тордың ішінде Қайрат өлеңін оқиды).
Қайрат:
Қайнама қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда.
Сөйлесем даусым жетпейді,
Кез болдық мынау заманға.
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалға.
(Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі).
Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар!
Хатшы: Отырыңдар!
Сот үкімді оқиды.
Сот: -Алдындағы сот нәтижесі бойынша:
Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес соталқасы Үкім етеді.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.
Қазақ КСРО Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСРО қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.
Апасы: -Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.
Хатшы: -Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.
Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?
Қайрат: Бар.
”Ақтық сөз” өлеңін оқиды.
Қайрат:
”Ақтық сөзің не?” – деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтамын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
”Еркек тоқты — құрбандық”,
Атам десең атыңдар!
Хош аман бол артымда,
Ағайын, туған-азамат.
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым саған аманат!
Сот: -Бүгінгі сот жабық!!!
(Екі жендет Қайратты залдан жетеледі. Осы кезде апасы баласының соңынан жүреді.”Қайрат” анама өлеңін оқиды).
Қайрат:
Мейірімді ақ жүзіне анамның,
Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.
Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,
Кемістігі  көп-ау мына балаңның.
Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,
Өкінем де, басымды иіп өтінем.
Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой,
Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп ем.
2-жүргізуші: Айбек
 Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.
3-оқушы:Нұрдәулет
Қайраттай қайсар ұлдарың Қанымен келген еркіндік Сәбира менен Ләззаттың Арымен келген еркіндік Желтоқсанның алғашқы Қарымен келген еркіндік Алтынайдай ананың Зарымен келген еркіндік Алаңда салған Шәмшінің Әнімен келген еркіндік Қиындықтың осындай Бәрімен келген еркіндік! 
2-жүргізуші: Айбек
Ән «Желтоқсан желі» 
1-жүргізуші:Лаура
Ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастарымыздың арасында Чайковский атындағы Музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова желтоқсан құрбанына айналарын білмеген болар. Ар ожданы озбырлықпен тапталып, жапа шеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге жұмбақ.
4- оқушы: Рахат
Ләззаттың анасының жоқтауы:
                                                 Оу,  көздің жасын бұлайын,
                                                 Жүректі жеді – ау уайым.
                                                 Саған ғұмыр бермеді – ау
                                                 Жарылқағыш құдайым.
                              Мынау неткен зар заман,
                              Жүректіге тар заман.
                              Сені өлтірген дұшпанға
                              Зауал келсін Алладан.
                                                 Құлыным менің қор болды –ау?!
                                                 Заманың сенің зор болды –ау?!
                                                 Желтоқсанның қайғысы
                                                 Сан анаға  сор болды – ау?!
                              Заманына қайқайып,
                              Қарсы тұрған боташым.
                              Алтын сақа асықтай
                              Алшы тұрған боташым.
                              Дәл өзіңдей қыз туған
                              Менде арман бар ма екен?!
2- жүргізуші:Айбек
  Сәбира Мұхамеджанова  1985 жылы  8 жылдық мектепті үздік бітірген. Ол Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының  шындығын білуге барған. 26 желтоқсанда өткен жиналысқа анасымен барған Сәбираны айыптайды. Содан соң албырт жас жатаханасының өзі тұратын бөлмесінен секіреді.
5-оқушы:Әсел
           Нашақор деп, ұлтшыл деп,
           Қазаққа күйе жаққан күн
           Базары кетіп бір күнде
           Қайғыға халық батқан күн.
           Әділдік пен шындықты
           Өтірік жала жапқан күн
           Надан жасаған сұмдықтан
           Адамдар азап шеккен күн,
           Қасқалдақ ұшып көлінен
           Шүрегей келіп қонған күн.
           Қырандар қуып көгінен
           Қарғалар билік алған күн.
6-оқушы:Мерей
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәтті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
1- жүргізуші:Лаура
  1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды. 
7– оқушы: Әлия  
                     Көзіңнен айналайын төңкерілген,
                     Көрікті қабағыңмен көмкерілген,
                     Жанарың алға ұмтылып атылып тұр
                     Сұмдардың  өткеліндей өңменімен.
                     Бұл күнде осы бейнең қайда жатыр,
                     Үстінде топырақтан ба шатыр?
                     Жазықсыз,  жас тәніңді қинағанда
                     Япырмау, қайда болдым мен бір пақыр?
                    Ақиық ақын болып кетер ме едің,
                     Туғаннан «Халқым» дедің «Ұлтым» дедің.
                     Ұшқанша көкірегіңнен ақтық демің,
                     Сол сәтте тірлігіңді көрсем егер
                     Жолыңа құрбан болып кетер едім.
8 – оқушы:Сания
           Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
           Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
           Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
           Айналайын жас қайраты, жас өркені халқымның.
           Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
           Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
           Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,
           Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
           Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
           Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
           Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
           Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
9 – оқушы. Алина
Дәл осынау тәуелсіздіктің таңын атқызуға арқау болған 16 желтоқсан оқиғасынан кейін  арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың 16 желтоқсан күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік біздің басымызға қонған бақ, бақыт. Бұл оңайлықпен келген  арзан бақыт емес. Бұл Тәуелсіздік Сырым Датұлы, Кененсары, Исатай, Махамбет,  Аманкелді Иманұлы,Қайрат Рұсқұлбеков сияқты ардақты ұл- қыздарының төгілген қанымен  терінің нәтижесінде келген еркіндік. Ендеше Тәуелсіздік –қасиетті  ұғым   тізгіні  берік қолда.
1-жүргізуші: Лаура
Ән трио «Мереке»
Қазіргі күндегі Қазақстанның жаңа ел ордасы Астана туралы-видео роликті тамашалаңыздар!
10– оқушы. Нұрай
Биіктігі 91м Қазақ елі монументі, Президент резиденциясы, Ақорда, Министрлер үйі, биіктігі 97 метрлік  Бәйтерек, Пирамида, 2 мың орындық Думан ойын –сауық орталығы, 30 мың кісілік Астана жабық стадионы- осының бәрі Тәуелсіз мемлекет  Елорданың ажарын ашып, айбынын асқақтады.
11– оқушы. Арман
  1992  жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
           Пай, пай!
           Киелі неткен жер!
           Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер.
           Ғашықтар бір – бірін өпкен жер,
           Сарылып сал – сері кеткен жер.
           Бас иіп, иіскеп топырағын,
           Тағзым жасамай өтпеңдер!
1-жүргізуші: Лаура
Ән-Астана
2-  жүргізуші: Айбек
  Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз Қазақстан!
           Неткен байтақ, неткен ұлы сен елім,
           Нендей күйге жүрегімді бөледім,
           Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,
           Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
1-жүргізуші: Лаура
  Тәуелсіздік! Қасиетті де, құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік. Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата – бабамыздың ғасырлар бойғы талай – талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр.
2-  жүргізуші:Айбек
  Иә, көк туымыз асқақ желбіреп, тәуелсіздігіміз салтанат құрғаныны 24 жыл. Тарих үшін қас – қағым сәт, азаттық аңсаған Алаш баласы үшін ғасырдан да қымбат мың жылға айырбастамас 24 жыл. Тәуелсіздік алып келген жетістік те оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі.
1- жүргізуші:Лаура
           Өзіңдікі елің де,
           Өзіңдікі жерің де.
           Өзіңді өзің еткен бақ
           Тәуелсіздік төрінде.
2- жүргізуші:Айбек
           Асқар тау да сенікі
           Бақша – бауда сенікі
           Қалтықсыз доспенен
           Қатал жау да сенікі.
Хор:
           Өзіңдікі туыңда
           Отпен ауа, суыңда
           Жаса, Қазақстаным
           Белді бекем буында.
1- жүргізуші:Лаура
Ән- Жаса Қазақстаным.
1 – жүргізуші. Елімізде тыныштық,  әлемде бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын дей отырып бүгінгі «ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛІМНІҢ ТІРЕГІ!» атты концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз.