Ба?ытым да байлы?ым денсаулы?ым (3сынып)


Тақырыбы: Бақытым да, байлығым- денсаулығым Сыныбы: 3-сынып Мерзімі: 14.01.2015 жыл Өткізген : Ибраева.Г Мақсаты:
1.Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру, салауатты өмір салтын    насихаттау; 2. Оқушылардың  жаман әдеттен  бойларын  аулақ   ұстау, аурудың алдын – алу , санитарлық гигиеналық   талаптарды орындау дағдысын   дамыту. 3.Жеке бас тазалығын сақтауға , күн тәртібін дұрыс пйдалана білуге,   спортпен  айналысуға,  таза  ауада  серуендеуге,табиғатқа қамқор болуға, еңбек етуге тәрбиелеу.
Барысы: Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап алайық.
Қызығушылықты ояту.
-Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын ,сіздер сиқырлы сандықшаны ашып көрулеріңіз керек.Сандықшаның ішінде адамның ең қымбат байлығы бар..(Сандықша ішінен «Білім»сөзі шығады)
-Неліктен « Байлыққа жету жолы білімде» дейді екен?
-.Білім таусылмайтын-қазына........................
..(Сандықша ішінен «Еңбек»сөзі шығады)
- Неліктен «Еңбекті байлыққа жету жолы » дейді екен?
-.Еңбек арқылы көп байлыққа қол жеткізесің.Тіпті білімнің өзі еңбекпен келеді...............................
..(Сандықша ішінен «Денсаулық»сөзі шығады)
Білімге еңбек арқылы қол жеткізетін болсақ,жан саулығы,денсаулық болмаса еңбектену қиынға соғады,білімді де жете меңгере алмайсың.Ендеше адам үшін басты байлық-не?
-Денсаулық,
. Олай болса, құрметті оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Бақытым да, байлығым -денсаулығым» . Бүгінгі тәрбие сағатымыз денсаулық жөнінде болмақ.
-Балалар денсаулықтың қандай достары бар?
-Таза ауа,дұрыс ұйқы, тазалық,дұрыс тамақтану,спорт
Ендеше тақырыбымызға орай 4 топқа бөлінеміз.
1 топ-Табиғат 2-топ- Шымыр 3 топ-Тазалық
Ендеше әр топ денсаулық жайлы өз ойларын ортаға салсын.
Табиғат тобы
оқушы:Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі.Алуан түсті гүлдер,сайраған құстар,бұлақ сылдыры, биік таулар,жарқыраған күн ,таза ауа адамға саулық пен қуаныш сыйлайды.
оқушы:.Адамдар өсімдіктердің арқасында таза ауамен дем алады.Ал таза ауа адамға өте қажет. Сондықтанжасыл желекті көптеп егіп,күтім жасай білейік.

оқушы:Табиғат тазалығы-адам денсаулығының кепілі Табиғатты тамақ қалдықтарымен, өзендерді, көлдерді ластама. Демалыс жорықтарға шыққан кезде айналаңды жинап жүр.
Шымыр тобы
оқушы: Халық даналығында «Денсаулық – зор байлық» деген сөз бар. Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланың дені сау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақ тарту, найза шаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден – ақ білген.
оқушы:Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі.. Спорттың түрлеріөте көп. Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайда болды.. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар.
оқушы:Денсаулықты нығайту үшін ширақ , жігерлі,сымбатты өсу үшін баршамыз спортпен айналысуымыз керек. Спорт арқылы бұлшық ет ширығады, таза ауа өкпедегі тыныс жолдарын ашады. Адам сергиді, ұйқыдан тез оянады..
оқушы:
Спорт деген –денсаулыққа пайдалы,
Жаттықсаң сен түсінесің пайданы.
Спорт деген шынықтырар денені,
Сонымен бірге шынықтырар сананы.
Оқушы:
Жан мен тәннің бастау алар бұлағы,
Спорт мәңгі көкте биік тұрады.
Серік қылған спортты тек жанына
Салауатты сауық сайран құрады.
«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.Есік қағылады. Ішке бала кіреді.Дәрігер:- қандай себеппен келдің?Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? Қалай тамақтанасың?Бала:-.Чипси,кирешки,кола ішкенді ұнатамын, қолыма не түседі, соны жей саламынДәрігер:- Нені ұнатасың?Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.(Балалар жауабын тыңдау)
-Дәрігер:
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Деніміз сау болу үшін күн тәртібін сақтау керек,дүрыс тамақтану керек,зиянды әдеттерден аулақ болу керек.
Тазалық тобы
оқушы: Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.
оқушы:"Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек.Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық –гигиеналық талапқа сай болуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.
оқушы:Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.
оқушы: Дос бол сабын, сумен сен, Жиі – жиі жуын сен: Таңертең де, кешке де, Жуын күндіз – түсте де, Жуын тамақ алдында, Жуын тамақ соңында, Жуын ұйықтар кезіңде, Жуын тұрған мезгілде.
Дәрумендер    оқушы:Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
оқушы: Витаминдер –тірегін, А – сы қажет көзіне, А,В,С,Д,Е –деп аласың. В – жүйкені тоғайтар. Жетіспесе бірі оның, С – дан микроб безінер, Ауырып сен қаласың. Д – сүйекті нығайтар.
  «Әлемдегі ең пайдалы азықтар»   оқушы: Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Жаңғақтар.  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қорыҚызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. оқушы: Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.Көк шәй:  Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
оқушы: Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. 
оқушы: Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді. Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы.  Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Жағдаяттар.
1-жағдаят Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты.Анасы оның бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой.Отырып дұрыс тамақтансаң қайтер еді »деді. «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?»деп жүре тыңдады. -Қалай ойлайсың Саматтың айтқаны дұрыс па?
2- жағдаят Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?
3-жағдаят Әсеттің анасы ауыр жұмыстан көңіл күйі болмай,ауырып оралды.Бірақ үйге енген соң балаларының әрекеті оның ауырғанын ұмыттырып жіберді.
Балалары қандай іс-әрекет жасады деп ойлайсың?
оқушы:«Тәні саудың жаны сау» демекші,егер адам әрдайым жақсылық жасап,алғыс алып жүрсе,оның жан дүниесі де таза болады.
оқушы:Үлкен кісілермен амандасып жүр.Сау болғың келсе барша адамдарға саулық тіле.
оқушы:Өз бойыңдағы жаман әдеттерді таста.Жаман ойлардан аулақ бол.Ауыра қалсаң,көп уайымдама.
оқушы:Адамның ішкі ойы таза болса,дені де сау болады.Өзгеге жақсылық тілесең,өзіңе қайтып оралады.
Жаңа деректер
7 сәуір-Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күні
Гигиена - бұл денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылым.
Салауатты өмір сүру дегеніміз – шылым шекпеу, арақ ішпеу, есірткі қолданбау, спортпен айналысып, шынығу.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының
40 проценті -экологияға,
40 проценті- өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса,
18 - 20 проценті ғана дәрігерлік - медициналық көмекке тәуелді екен.
«Жалғасын тап»Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен.Е - Емнің алды - еңбек.Н - Негізгі байлық - денсаулық.С - Саулық - байлық негізі.А - Ас – адамның арқауы.У – Уланудан сақтан.Л - Ластың досы - шыбын.Ы - Ыдысы тазаның, ырысы таза.Қ - қотыр қолдан жұғады.
-Денсаулық дегеніміз-..............Денсаулық – күш-жігерДенсаулық – байлық Денсаулық -тазалықДенсаулық - ел дамуының басты арқауы.Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.Денсаулық- дененің саулығы Денсаулық- көтеріңкі көңіл......
-Деніңіз сау болсың десеңіз;
-Ұзақ өмір сүргіңіз келсе;
-Салауатты ғұмыр кешем десеңіз;
-Көңілім көтеріңкі болсын десеңіз;
-Сымбатты болғыңыз келсе;
-Бақытты болғыңыз келсе;
-Зиянды әдеттен аулақ болғыңыз келсе..............
Табиғат тобы:Табиғатқа қорған бол!
Шымыр тобы:Спортпен шұғылдан!
Тазалық тобы:Әрдайым тазалық сақта!
Қорытынды:
Дені сау халық- бай халық.С.Назарбаева: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» деген болатын. Халықының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз.Мемлекетімізде халық денсаулығын жақсарту мақсатында медицинамыз дамып, Денсаулық пойыздары үздіксіз қызмет көрсетуде.Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан, сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау..Ендеше жаны сұлу, тәні сау ұрпақ саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтеріңдер!
Тренинг «Әлемге денсаулық!»
(Глобусқа тілек жазып жапсырады)
Бәрі:Әлемге денсаулық тілейміз.Болашаққа денсаулықпен бірге барайық!
Жағдаяттар.
1-жағдаят Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты.Анасы оның бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой.Отырып дұрыс тамақтансаң қайтер еді »деді. «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?»деп жүре тыңдады. -Қалай ойлайсың Саматтың айтқаны дұрыс па?
2- жағдаят Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?
3-жағдаят Әсеттің анасы ауыр жұмыстан көңіл күйі болмай,ауырып оралды.Бірақ үйге енген соң балаларының әрекеті оның ауырғанын ұмыттырып жіберді.
Балалары қандай іс-әрекет жасады деп ойлайсың?
«Жалғасын тап»Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен.Е - Емнің алды - еңбек.Н - Негізгі байлық - денсаулық.С - Саулық - байлық негізі.А - Ас – адамның арқауы.У – Уланудан сақтан.Л - Ластың досы - шыбын.Ы - Ыдысы тазаның, ырысы таза.Қ - қотыр қолдан жұғады.
\
-Денсаулық дегеніміз-..............Денсаулық – күш-жігерДенсаулық – байлық Денсаулық -тазалықДенсаулық - ел дамуының басты арқауы.Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.Денсаулық- дененің саулығы Денсаулық- көтеріңкі көңіл......
-Деніңіз сау болсың десеңіз;
-Ұзақ өмір сүргіңіз келсе;
-Салауатты ғұмыр кешем десеңіз;
-Көңілім көтеріңкі болсын десеңіз;
-Сымбатты болғыңыз келсе;
-Бақытты болғыңыз келсе;
-Зиянды әдеттен аулақ болғыңыз келсе..............