Внеклассное мероприятие на тему ! Ба?ытым да, байлы?ым да денсаулы?


Тәрбие сағаты:
«Бақытың да, байлығың да- Денсаулық!»

Өткізген:Аубакирова Раушан Кайнуллиновна
Тақырыбы: Бақытың да, байлығың да - Денсаулық.
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін,.басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.
Көрнекілік: Мақал - мәтелдер, слайдтар.
Кіріспе.
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нурсултан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтады. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытың да, байлығың да - Денсаулық» деп аталады.
I - бөлім. «Тазалық - денсаулық кепілі.»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың- жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық. Денсаулық дегеніз не? - (топтастыру)
Көрініс.
Қоян.
Ой, тісім қақсап барады. Жанымды қоярға жер жоқ
Қасқыр.
Не болды жасырма, айтшы өзің
Неліктен ісінген бас - көзің
Қоян.
Енді не істеймін
Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қасқыр.
Онда дәрігер шақырайық
Дәрігер дәрімен емдейді
Ауырса адамды, аңды да емдейді. Кәдімгі мейірімді дәрігер шақырсақ қалай келмейді.
Дәрігер.
Кәне аузыңды аш көрейін
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалaп
He жесең де күніне
Екі рет тісті тазала.
Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін
Тістеріңді күнде жуып күтіп жүріңдер.
ІІ-бөлім: «Шынықсаң- шымыр боласың»
Мұғалім.
- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар.
Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз.
Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын достары да, қастары да бар.
(Кесте толтыру тақтада)
Достары Қастары
Оқушы.
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай
Оқушы.
Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Оқушы.
Ауырасын соншама
Асқазанды бүлдірсең
Жазылмай қанша күн жүресің.
*
Сонымен бірге денсаулықтың бір дауасы таза ауа. Оқушы.
Денсаулықтың дауасы Даланың ауасы.
Көк өзен, күмбез тау.
Ну орман ағашы.
Жұмбақтар шешу.
Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)
Түйістіреді көзіңді көзіңе Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)
Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр, (тарақ)
Бәтеңкесін, полтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
Көзінен жас кетпейді Балалардан шеттейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бүл баланы кім дейді? (салақ)
Мақал - мәтелдер
(Оқушылар денсаулық туралы мақал - мәтелдер айтады)
«Кел ойнайық» Сөзден сөз шығару «Денсаулық»
“Мені жалғастыр” ойыны
1. Зиянды заттардан ертең емес бүгін ...
3. ... - зор байлық.
... саудың - жаны cay.
...- бар байлықтан қымбат.
Ауырып ем іздегенше,... ауырмайтын ем ізде.
“Өмір театр” көрініс .
(Сахнаға ақ сақалды дана қарт пен жас бала шығады.)
-Ата, мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма?
шылым шегудің үш түрлі “пайдасы” бар, балам.
Біріншіден, Шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды. -Қалайша?
-Себебі, олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді.
-Екіншіден, олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.
-Қалайша?
-Себебі, шылым адамның өкпесі таза болмайды да күндіз- түні күркілдеп жөтелумен болады. ¥рылар үй иесінің көкжөтелін естіп, үйге жақындай алмайды.
Үшіншіден, шылым шегетін адамды ешқашан да ит қаппайды.
-Қалайша?
-Себебі, олар өте ерте мүгедек болып қалады да, таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма, айналайын?
Оқушы:
Шомыламын күнде мен
Суық судың несі айып,
Тамаша екен бұл деген.
Шынығайық халайық.
Балақайлар бәріңде
Кеңестері айтылған
Дос болыңдар суменен.
Тазалыққа лайық.
Дос бол сабын,сумен сен,
Жуын тамақ алдында,
Жиі-жиі жуын сен
Жуын тамақ соңында
Таңертең де,кеште де,
Жуын ұйықтар кезінде,
Жуын күндіз-түсте де.
Жуын тұрған мезгілде.
Су мен сабын бір жолдас
Жоймас олар кір болмас!
З.Денсаулық - ол күлуің,
Басты байлық - денсаулық
Болсаң да әлі қаршадай.
Құру үшін сен сауық.
Көңіл күйің жадырай,
Бабам айтқан даналық,
Ойнау үшін шаршамай.
Керек жақсы денсаулық.
*
5. Денсаулық - ол жүруің,
Оқу үшін мектепте.
Ешбір жерің ауырмай,
Дұрыс тамақтану үшін де.
Ал енді мысалдарға көңіл аударайық:
Астында шетелдік машина, бірақ қатты ауырады. Ол адам бақытты ма ?
Миллион теңге ақшасы бар, бірақ ауырады. Ол адам бақытты ма ?
Үлкен әдемі үйі бар. Бірақ ауырады- ол адам ше? Жоқ.
Ал сонда дүниедегі ең басты бақыт не екен ?
Денсаулық.
Қандай мақал білеміз?
Кеңес беру:
Айранның денсаулыққа пайдасын айту.
Мынау - Алматыдан шығарылған айран. Бүл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Оның құрамындағы дәрумендері өте көп. Спрайт, фанта, кола ішкенше осы айранды сатып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дэмді.
Құрттың пайдасы
Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт. Оның тіске пайдасы бар.
Ол тісті қатайтады. « Орбиті» алғанша осы құртты пайдаланған дұрыс.
ОЙЫН: «ЖАСЫРЫНҒАН СӨЗДЕР»
Мұғалім: Біз қазір сендермен «жасырынған сөздер» айтып ойнайық. Оқушылар яғни, аналарына тұспалдап , қалдырып, жұмбақтап сөздер айтады. Ол сөздің қандай сөз екенін табыңыздар. Егер дұрыс тапсаңыздар сол сөздердің бірінші дыбыстарымен сөз құрауға болады. Ол қандай сөз екенін табыңыздар.
1.Іш ауырса, тіс ауырса
Анамбереді. (ДӘРІ)
Басыңнан сипап, арқаңнан қағатын аяулы жан кім? (ӘЖЕ)
Талап еңбек терең ой,
Қанағатойлап қой.( РАҚЫМ )
Киіз үй шаңырағын біріктіріп көтеріп тұратын не? (УЫҚ) 5) Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың. Ол не? (МЕКТЕП)
Мықты ағаш, одан парталар жасалады. (ЕМЕН)
Дастарханға бірінші қойылатын ас. (нан)
Мұғалім: Осы тапқан сөздеріңнің бірінші дыбыстарынан қандай сөз шыққанын оқиық.
Бәрі хормен : «Дәрумен»
Қазіргі уақытта адам ағзасының қорғаныс қабілетін арттыруда дәрумендердің атқарар қызметі зор.
Тағамдар түрлі дәрумендеге бай. Дәрумен жетіспеушілігінен адам әлсіреп тез шаршайды, түрлі ауруларға шалдығады.
Мұғалім: Ендігі сөзді дәрумендерге берейік.

Халқымыздың сүйікті сусыны - қымыз.Қымыздың құрамында түрлі дәрумендер көп. Күніне жарты литр ішіп тұрғанның өзі өте пайдалы.Ал шұбат болса дәрумендерге екі есе бай.
Мұғалім: осы дәруменді қайдан алдық ?
- Табиғаттан .
Табиғаттың бізге берер пайдасы көп екен. Содықтан табиғатты аялайық.
Мұғалім: Табиғатты қорғау, оған үнемі қамқорлық жасау- әрбір адамның міндеті.
Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.
Денсаулығың жақсы болу үшін уақытыңды, күш жігеріңді, еңбекті тіпті барлық дүниені аямау, жұмсау керек.
Денсаулығы мықты адам ыстыққа да, суыққа да төзе алады.
Денсаулықтың жақсы болуы дегеніміз - ұзақ өмір сүру. Біздің барлығымыздың да үзақ өмір сүргіміз келеді.
Адамның өмір сүруі 3 түрлі салаға бөлінеді: Тіршілік деңгейіне, тіршілік саласына, тіршілік әрекетіне байланысты. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, адам денсаулығының 20%- тұқым қуалауға, 20%- экологияға, 10%- денсаулық сақтау жүйесіне, ал , 50%- адамның өзіне байланысты екен. Бұл « денсаулық сақтау - өз қолыңда» дегеннің дәлелі.
Сауалнама
Нансыз тамақ ішесің бе?
Қандай көкөністерді күнделікті жейсің?
Қандай жемістің шырынын ішесің?
Күніне неше рет сүт ішесің?
Сен балықты жақсы көресің бе?
Шайға қантты көп саласың ба?
Залдағы көрермендермен сергіту сәтін өткізу.
Темекі тартпайтындар орындарынан тұрсын
Үйде жаттығу жасайтындар оң қолын көтерсін
Таңертең және кешке үнемі тісті тазалайтындар сол қолын көтерсін
Арақты зиян деп түсінетіндер екі қолын төмен түсірсін
Ешқашан ауырғысы келмейтіндер бір орында тұрып жүгірсін
Бақытты да ұзақ жасағысы келгендер алақандарын соқсын
«Денсаулық-басты байлық» дегенді қолдайтындар орындарына отырып тұрсын
«Спорт -біздің досымыз» атты спорттық сайыс
Гир көтеру.
Қол күшін сынау
Секіртпемен секіру
Обручпен жаттығу
Сөзжүмбақ шешу:
1.Денені шынықтыратын денсаулыққа мол сабақ.- дене шынықтыру
2.Жалқаудың досы- еріншек
3.Қандай адамдардың көңіл күйі болмайды?- нашар
4.Жуынбай жүрген бала қандай бала?- салақ
5.Салақ бала неге ұшырайды?- ауруға
6.Түмау кезінде ішетін үнтақ дәрі не?- упса
7.Қоршаған ортаны неден қорғау керек?- ластан
8.Не болса бәрін істейсің?- ынта
9.Денсаулық адамга өте- қымбат
Тренинг: Мен саған... тілеймін. «Жүректен - жүрекке»