Мені? ?мірдегі м?мкіндіктерім тренинг


Тақырыбы: «Менің өмірдегі мүмкіндіктерім» психологиялық тренингі
Мақсаты: Мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңге оқушылардың мінез - құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін; өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын оқытуын, сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.
Міндеттері: стресске қарсы тұруын арттыру, сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру, эмоциялық ерік сферасын дамыту, эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім білдіру, ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту, іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу, конструктивті өзара әрекет дағдысына оқыту.
Қажетті құрал-жабдықтар: слаид, проектор, интерактивті тақта, бор, қарандаш
Оқушыларға 3 сурет ұсынылады «Жүзім, сиыр, карандаш». Осы суреттердің қайсысын сыйлыққа алар едіңіз?! Әр оқушы өзіне ұнаған затты таңдап алады.
«Карандаш, жүзім, сиыр» суреттер таңдау
«Қазіргі таңдағы біздің мүмкіндіктеріміз» ой қозғау
Өсиет әңгіме «Өмір ұсынған мүмкіндіктер
«Қазіргі таңдағы біздің мүмкіндіктеріміз» тақырыбында ой қозғау. 3-топқа бөлінген оқушылар бір-бірімен ұйымдасып, өздерінің ойларын ортаға салып, талқылайды. Тиісті сұрақтар:
Жалпы өмірдегі мүмкіндіктер
Дәл қазіргі таңдағы мүмкіндіктер
Болашақтағы мүмкіндіктер
Өсиет әңгіме «Өмір ұсынған мүмкіндіктер»
Бір күні түнде бір адамға періште келіп, оған оны күтіп тұрған ұлы істер туралы айтып кетеді. Ол адамның қолында үлкен байлық болатынын, қоғамда беделді азамат болып, керемет әйелге үйленуге мүмкіндігі бар екенін айтады. Ол өмір бойы сол айтылған ғажайып өмірді күтеді, бірақ ең соңында жалғыздықтың күйін кешіп, кедейліктің азабын тартып, өмірден өтеді. Ол жұмақтың есігінің алдына келгенде сол баяғы өзіне келіп кеткен періштені көріп қалады да айтады: «Сен маған үлкен байлық, қоғамда бедел және керемет әйелің болады деген уәдең қайда? Мен өмір бойы соны күттім, бірақ ешнәрсе өзгермеді», - дейді. Сол кезде періште тұрып: «Мен оны уәде еткен жоқпын, мен саған қолыңда үлкен байлық болатынын, қоғамда беделді азамат болып, керемет әйелге үйленуге мүмкіндігің бар екеніне уәде бердім, бірақ сен оның барлығын өз уысыңнан шығарып алдың», - дейді. Сол кезде ол адам аң-таң күйде періштеге қарап: «Мен сенің не туралы айтып тұрғаныңды түсінбедім»,- дейді. Сол кезде періште: «Есіңде ме, сенде жеке шаруашылық ашу туралы ой болған, бірақ сен тәуекел етпедің, сәтсіздіктен қорықтың, сөйтіп ешнәрсе істемегенің рас қой?»,- деп сұрайды. Әлгі адам қызарып кетеді. «Сенің сол ойыңды жүзеге асырудан қорқып, одан бас тартқаның үшін, ол бірнеше жылдан кейін басқа өзінің қорқынышын жеңе білген адамға берілген болатын. Егер есіңде болса ол адам хандықтағы ең ауқатты адамдардың бірі болды. Сонымен бірге, есіңдеме, қалада жер сілкінісі болып, көптеген үйлер қирады, қаншама адамдар үй астынан шыға алмай мерт болды. Сол кезде сенің кейбір адамдарды құтқаруға мүмкіндігің болды, бірақ сен ешкімді құтқармадың, қорықтың, өзің жоқта үйіңдегі мал-мүлкіңді тонап кетер деп жан айқайы шығып, көмек сұраған адамдарға қарамай, өз үйіңе кетіп қалдың», - дейді. Ол адам өзінің ұятты тірлігін есіне түсіріп, қызарып кетеді. «Бұл сенің мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға деген үлкен мүмкіндігің еді. Сол кезде сені қалада тірі қалған халықтың барлығы сыйлайтын еді», - дейді періште. «Есіңде ме, саған бір сарғылт шашты өте керемет әйел ұнаушы еді ғой. Ол оған дейін және кейін көрген әйелдердің ешбіріне ұқсамайтын. Бірақ, сен оны ешқашан өзің сияқты адамға тұрмысқа шықпайды деп ойлап, қорыққаннан одан сырт айналдың. Осы кезде әлгі адамның көзінде жас пайда болды. «Иә, досым менің», - деді періште, ол сенің жарың болатын еді, екеуіңде тамаша сәбилер де болатын еді, сен ол әйелмен өмір бойы нағыз бақытты адам болатын едің», - дейді. Өмірде бізге күн сайын әртүрлі мүмкіндіктер кездесіп отырады, бірақ көбінесе біз оны мына оқиғадағыдай қорқыныш пен тәуекелге бара алмауымыздан ол мүмкіндіктерді қолдана алмаймыз.
Оқылған аңыз әңгімені талдау. Әр оқушы өз ойын жеткізу, ойын оқушылармен бөлісу.
«Сіз тапсырмаларды дұрыс әрі тез орындай аласыз ба?» тестін ұсынамыз. Уақытыңыз 5 минут.
1.Барлық тапсырмаларды мұқият оқып шығыңыз,сонан соң ғана орындаңыз.
2.парақтың оң жағына атыңызды жазыңыз.
3.Әр бұрышқа бір-бір дөңгелек алыңыз.
4.Дөңгелектердің арасын сызықпен қосыңыз.
5.2-ші тапсырмадағы атыңызды дөңгелектеңіз.
6.2000-ды 4-ке көбейтіп, оны 2-ге еселеңіз.
7.Шыққан саннан 7-ні азайтып, қорытындысын алдыңдағы қағазға жазыңыз.
8. «Мен бұл тапсырмаларды бәрінен тез орындаймын!» деп дауыстап, айқайлаңыз.
9.4 ромбик салып, әрқайсысының ішіне жүректің суретін салыңыз.
10.9-шы тапсырманы орындап болсаңыз ,11-ге көшіңіз.
11.Мына сөзді тез әрі дұрыс жазуға тырысыңыз. Склеробордемициталамингаммафторацетатнатрия
12.Дұрыс жазып болсаңыз «Алақай! Мен Қазақпын» деңіз.
13.Абайдың өлеңін жалғастырыңыз: «Өлсем орыным қара жер сыз болмайма?»
14.Бүгінгі сабақ туралы пікіріңізді парақтың артына жазыңыз.
15.Сызықтармен адамның суретін салыңыз.
16.Суреттің астына бір адамның атын 2 рет жазыңыз.
17.Егер осы тапсырманы оқып отырсаңыз, онда тек 2-ші тапсырманы орындап, қалғанын жасамаңыз.
18.17-ші тапсрманы орындап болсаңыз «Мен болдым!» деп айқайлап, қолыңызды көтеріңіз.
Рефлексия.
Қатысушылар жаттығудан алған әсерлері туралы ой бөліседі.
Мектеп психологы Ж.Қанатова
А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп
Тақырыбы: «Менің өмірдегі мүмкіндіктерім»
9-11сыныптарға арналған психологиялық тренингі

2016-2017 оқу жылы