Сауат ашу п?нінен Ф дыбысы мен ?рпі та?ырыбы бойынша КМЖ


Сабақ: Сауат ашу
Тақырыбы: Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі
126- сабақ Маңғыстау облысы
Жаңаөзерн қаласы
Мектеп: №9 орта мектеп
КҮНІ: МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Кулбаракова Күнсұлу Жалгасбаевна
СЫНЫП:1 «В» Қатысқандар саны: 18 Қатыспағандар саны: 2
Оқу
мақсаты: 1.2.9.2 Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну және дұрыс оқу
1.2.1.2 Оқудың түрлерін қолдану
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.1.9.1 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне адалдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Ертегі , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Кофе- кофе- coffee
Сабақтың
мақсаты: Барлық оқушылар білуге тиісті:
Ұлттық кейіпкерлерді таниды.«Ф» дыбысы мен ол кездесетін сөздерді, «Ф» әрпінің таңбасын біледі. Дыбыстық талдау жасайды. Буындық талдауды мұғалімнің көмегімен талдайды.
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:
Ұлттық кейіпкерлерді таниды, сипаттайды. Жетекші сұрақтар арқылы сөйлемдер құрайды. Дыбыстық, буындық талдаулар жасайды.
Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Ұлттық кейіпкерлерді көркем сөздер пайдалана отырып сипаттайды. Берілген сөздерге өз бетінше буындық,дыбыстық талдаулар жасайды. Берілген сөздерге сөйлем құрап айтады.
Алдыңғы білімдер Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? «Я» дыбысы мен әрпі.
Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс- әрекет Дереккөздер
Сабақтың басы
7 минут
3 минут
4 минут Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Ертегі кейіпкерлері арқылы топқа бөлу
Топтың аттары: «Алдаркөсе», «Бай», «Толағай»
Топ басшысын сайлау.
Топ ережесін еске түсіру
Топ басшылары топтағы оқушыларды
жетондар арқылы қолдап отырады.
(Ұ) «Кейіпкерлер сөйлейді»
Ертегі кейіпкерлерінің суреттері бойынша әңгіме.
Интерактивті тақтадан кейіпкерлердің суреттерін көрсете отырып, оқушылармен ұлттық кейіпкерлерді сипаттау жұмысын жүргізу.
-Балалар енді біз осы ұлттық кейіпкеріміз Алдаркөсемен бірге Бай ауылына қонаққа барамыз. Ол үшін біз Алдаркөсенің тапсырмаларын орындауымыз керек.
1-тапсырма
«Шынжыр» ойыны (Т)
Шарты: Әр топқа әріптер жасырылған карточкалар таратылады. Сол әріпке байланысты сөз, сөйлем құрайды.
Шаттық шеңбері
Топқа бөлуге арналған суреттер
Интерактивті тақта
Әріптер жазылған
карточкалар
Сабақтың ортасы
31 минут
4 минут
4 минут
5 минут
2 минут
5 минут
1 минут
4 минут
6 минут 2-тапсырма
«Ертегі әлемінің ғажайып сыры» (Ұ)
«Ф» дыбысына байланысты «Үш торай» ертегісін АКТ арқылы, суретін интерактивті тақтадан көрсете отырып, айту.
Балалар қасқыр қалай үрледі?
Балалардың жауаптары
Бүгін «Ф» әрпімен танысамыз.
«Ф» дыбысының артикулияцясымен таныстыру.
«Ф» қайталап айтқызу
«Ф» қандай дыбыс?
-Ф- дауыссыз дыбыс. Себебі ол созылып айтылмайды. Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс. Орыс тілінен енген дыбыс. Ф дыбысының артикуляциясы: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса, Ф дыбысы жасалады.
3-тапсырма «Кім тапқыр»
Жұмбақ шешу (Ұ)
(Ө; Қ)«Телефон» сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасату
4- тапсырма «Тез оқы, сөз оқы»
1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану
«Түртіп алу» стратегиясы
Оқулықтағы сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалау.
Кестедегі сөздерді тізбектеп, жеке оқыту.
Мағынасы таныс сөздерді түртіп алу.
«Сөз- маржан»
Оқулықтағы сөздердің мағынасын интерактивті тақтадан көрсете отырып түсіндіру.
5- тапсырма
(Т)Шығармашылық тапсырма
«Ойлан- жұптас- талқыла»
Қ. Баянбай туралы мәлімет.
Суретпен жұмыс.
Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме жүргізу. Өлеңді мәнерлеп, оқытып «Қуаттың ісі дұрыс па ?» сұрағына жауап алу.
Сергіту сәті
Мынау- менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрін осы атқарған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі атқарған
6- тапсырма
«Қай әріпті жоғалттым?»

АКТ арқылы «Ф» әрпінің элементтерін, жазу техникасын түсіндіру.
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
«Қалам үстел үстінде» сәті Дәптермен жұмыс
(МК;Ө;Қ)
Оқушыларға «Ф» әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, көркем жазуын қадағалаймын.
Дәптерде берілген сөздерді оқытып, дыбыстық талдау жасату. Берілген сызбаларды бояту.
Интерактивті тақта
АКТ
Интерактивті тақта
Үлестірме қағаздар
Оқулық
Интерактивті тақта
Интерактивті тақта
Қорытынды бөлім
7 минут
6 минут
1 минут (Т;Қ)
«Ассоциация» әдісі
«Ф» дыбысына байланысты сөздерді топтастырады.
Топтық жұмыстарын қорғау.
Алдаркөсенің соңғы тапсырмасы
Рефлексия
«Жетістік баспалдағы» арқылы оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін көрсетеді.
Стикерлерді жабыстырады. Қосымша ақпарат
Дифференциация:
Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар өз бетінше дыбыстық, буындық талдауды жасайды. Сөздерді тұтастай оқиды.
Оқыған сөздерінің көпшілігінің мағынасын түсіндіре алады. Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін өзіндік жұмыстарда, топтық жұмыстарда бағалаймын. Оқу түрлерін қолдана отырып бағалаймын. Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсете білуге, аадалдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? (тапсырмалары сәйкес болды ма?)
Уақыт дәлдігі қалай болды?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім?
Ия
«Ф» дыбысының жасалуын, оның дауыссыз дыбыс екенін,ф дыбысынан кездесетін сөздердің жазылуын білді
Жақсы өтті деп ойлаймын
Сәйкес болды
Сәл ауытқушылық болды.
Өзгерістер енгізбедім
Қорытынды бағалау
Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.
Жаңа тақырыпты ашу кезеңі
«Түртіп алу әдісі» кезеңі. Оқушылар сөздердің мағынасын жақсы түсінді.
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.
1.Топтық жұмыс
2. Өзіндік жұмыс
Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?
Кейбір оқушылар топпен жұмыс жасағанда белсенділік танытпады. Сол оқушыларды қалыптастыру мақсатында көбірек жұмыс жасау керек.