?аза? тілі п?нінен Балм?зда? та?ырыбында жа?артыл?ан ба?дарлама бойынша


Сабақ жоспары 7-бөлім Тағам мен сусын 7-сабақ
Тақырыбы: Балмұздақ Мектебі: №31 орта мектеп
Күні, айы Мұғалімнің аты-жөні: Молдабаева Сымбат Канатовна
1-сынып Сабаққа қатысқан оқушылардың саны:______ Сабаққа қатыспаған оқушылардың саны:____
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары 1.1.2.1 Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес сурет тыңдау. 1.2.4.1. Шағын мәтінді қарапайым оқиғаларды мазмұндау
1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.
1.5.2.2. Мұғалімнің көмегімен ә,ө,ү,ұ,і,ң,қ,ғ,һ, әріптері кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:
Балмұздақтың қандай болатынын (дәмді, тәтті, суық) және өзінің балмұздақты жейтін/жемейтінін айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады Қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер қатарын дұрыс жаза алады.
Кейбір оқушылар:
Балалардың басқа да сүйікті тәттілерін атай алады, оларды сипаттай алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Бағалау критерийі Берілген түстерді ажыратады
Суретер бойынша көрсете алады
Сөздердің мағынасын түсінеді.
Күнделікті өмірде қолданады Дескриптор
-суреттерді ажыратады
-берілген заттарды ажыратады
-сөздердің мағынасын түсінеді
-сөз тіркестерін құрап айта алады
Алдыңғы оқу Өмірде қолданып жүрген сөздері арқы мысалдар келтіру, өздері білетінін айту
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы
(2-5 минут) (МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. Аудиодиск
Оқулық
А4 форматты ақ қағаздар
Қарындаштар
Карточкалар
№2 жұмыс дәптері
Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс
Мұғалім оқушылардың назарын 1-тапсымадағы сөйлеу үлгісіне аударады. Сөйлеу үлгісі бойынша дәмді , тәтті, суық, сөздерінің мағынасына түсіндіреді. Берілген үлгі бойынша оқушылар «Балмұздақ қандай болады?» деген сұрақпен танысады.
(Ұ) 2-тапсырмада берілген сұраққа оқушылар өткен сұрақтар бойынша өз қалауымен (жеймін, жемеймін) жауап бере алады. Сұрақ: Сен балмұздақ жейсің бе?
(МК, Ұ) 3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар дәмді, тәтті, суық сөздерін қайталады. Оқушылар өз қалауы бойынша «Балмұздақ қандай болады?» деген сұраққа жауап береді.
(МК, Ұ) 4-тапсырмадағы сөйлесу үлгілері бойынша оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқушылар сөйлесу үлгілерін тыңдайды, рөлге бөліп оқиды. Содан кейін осы үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Оқушылар жеймін/жемеймін сөзін қайталайды, сондай-ақ өздерінің балмұздақты неге жейтін/ жемейтіндерін түсіндіре алуға жаттығады. Үлгі:
- Сен балмұздақ жейсің бе?
- Иә, мен балмұздақ жеймін. Балмұздақ тәтті.
- Сен балмұздақ жейсің бе?
-Жоқ, мен балмұздақ жемеймін. Балмұздақ суық.
(Т) Осы бөлім бойынша өткен сөздер арасынан қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер қатары іріктеліп алынады (өрік, алмұрт, қызанақ, қияр, ботқа, сүт, бауырсақ, балмұздақ.) Мұғалім оқушыларға осы сөздерден суреті берілген карточкалар таратады. Оқушылар2-3 топқа бөлініп жұмыс істейді. Топтық жұмысты екі түрлі өткізуге болады:
1)Оқушылар суреті бойынша сөздерді жазып шығады;
2)Оқушыларға осы сөздержазылған парақ таратылады. тОқушылар тиісті әріптерді толықтырып жазып шығады. Мысалы: ..р..к, алм..рт...
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө). Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақа алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. Сабақтың соңы
(41-45 минут) (Қ)Сабақты қоыртындылау мақсатында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызған туралы ой – пікірлерін білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағанадағ сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысында өзгерту енгіздіңіз бе?
Неге?
2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? Қoрытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1.
2.