Балм?зда? ?дебиеттік о?у п?нінен ашы? саба?, 4 сынып


ҚР, ШҚО облысы , Семей қаласы
«№ 41 Жалпы орта білім беретін мектеп»
Бастауыш сынып мұғалімі: Садыкова Айгуль Жумановна
Сабақтың атауы Е.Өтетілеуұлы. Балмұздақ
Мақсаты
Берілген шығарманы түсініп оқуға үйрету.
Шығарманың негізгі идеясын түсіне білуге және Е. Өтетілеуұлының өмірімен қысқаша таныстыру.
Біреудің жоғалтқан нәрсесін орынсыз иемденуге болмайтынын үйрету. Адамгершілік құндылықтарын түсіну.
Күтілетін нәтиже
– шығарманы, түсініп оқи алады– алған білімдерін айта алады–өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра алады
Сабақтың жабдығы Е.Өтетілеуұлы суреті, балмұздақ суреттері
Түрі Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ-ны қолдану: презентация, слайдтар.
Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлауПсихологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,Айналаға нұр шашылды.Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.Мақсатымыз - білім алу,Міндетіміз - еңбектенуЕңбектену арқылы“5 “- ке қолды жеткізу! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Үй жұмысын тексеру Сұрақтарға жауап беру.
1.Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді?
2.Әскербек әтешін көз тигеннен қалай емдемек болды?
3.Әтештен басқа тағы қандай үй құстарын білеміз?
4.Әскербек қандай бала?
Қызығушылықты ояту 172148569850Жұмбақ жасыру.
Аппақ қардай,
Дәмі балдай .
Ұнатары баланың
Балдай тәтті тағаммын
Ортаңғы буын алынса
Сүйеніш боп қаламын.
-Бұл не балалар?
Балмұздақ - тоңазытылып жасалған тағам. Балмұздақты сүт, қаймақ, қант, сары май, жеміс-жидек, сондай-ақ, дәмді, хош иісті тамақтық заттар қоспаларынан жасайды. Тиісті қоспалар араластырылғаннан кейін, арнаулы ыдыста 63—70°С температураға дейін қыздырылып, зиянды  микробтар  жойылады.
Балалық шақта балмұздаққа әустенбеген адам жоқ шығар. Бәрімізде балмұздақты күннің аптап ыстығы тұрмақ, ауа райының салқын мезгілдерінде тұтынуды күнделікті дағдымызға айналдыратынымыз белгілі. Балдай тәтті дәмімен тіл үйіргенімен қоймай тамақты қабындыратын бұл тәттінің кейде адам ағзасына пайдасы да бар екен.
Оның бір сыры тәтті құрамындағы инулинде жатыр. Мұның бірден-бір пайдасы ағзадағы майлылықты азайтуында.Сонымен қатар, құрамы лактоза, кальций, магний, түрлі дәрумендермен бірге ацидофильді қоспалармен байытылған балмұздақтың пайдасы асқазан, ішек жолдарының жұмыс істеу қабілетін жақсартып, микрофлораның артуына септігін тигізеді. Мұнан бөлек, жүрек-қан тамырларының жұмысын, көз-тері қабілеттерін жақсартады. Демек, тәттіні балалардан бастап, қарияға дейін тұтынғанның зияны жоқ. Есесіне, денсаулыққа пайдалы тұстары да баршылық. Бұл қоспа адам ағзасын сергек сезінтіп, жағымды көңіл-күй сыйлайтын қасиеттері бар көрінеді. Әсіресе, көңіл-күйі түсінкі, жан күйзелісінде жүрген адамдарға таптырмайтын ем
Автормен танысу.
Өтетілеуұлы Ермек — 1938 жылы 
2540-1136651 каңтарда HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D2%9B%D0%BC%D0%BE%D0%BB%D0%B0_(%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D1%96%D1%80%D0%B3%D1%96_%D0%90%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0)_%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Ақмола (қазіргі Астана) қаласы (мұндай бет жоқ)"Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1957_%D0%B6%D1%8B%D0%BB" \o "1957 жыл"1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогтік институтыңың филология факультетіне оқуға түседі, кейін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің мамандығын алып шығады. 1962—1964 жылы Целиноград (қазіргі Акмола облысы) Қорғалжын аудандық "Шамшырақ нұры" газетінде қызмет істеген.
HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1994_%D0%B6%D1%8B%D0%BB" \o "1994 жыл"1994 жылы"Балауса" баспасынан халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен және бұрынғы-соңғы қазақ ақындарының мектеп жасына дейінгі балалардың және оқушылардың жаттап алуына лайықты деген өлеңдері мен тақпақтары енген: "Балдырғандар үшін", "Естиярлар үшін", "Ересектер үшін" деп аталып, үш бөлімнен түратын "Жаттамақтар" деген көлемді жинақты құрастырады. 
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс
Тізбектеп оқу.
Іштей оқу.
Тапсырма:Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
- Балалар не тауып алды?
-Мирас не істеді?
-Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты?
-Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты?
Әңгімені өз ойыңмен аяқта.

Ой толғаныс Шығармашылық жұмыс
Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің?
Топтық жұмыс
«Мәтіндегі негізгі ой».
Оқушылар плакатқа өз ойларын жазады.
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады