«?БТ-?а н?тижелі ?ол жеткізудегі ынтыма?тасты? ы?палы» коучинг


Тақырыбы: «ҰБТ-ға нәтижелі қол жеткізудегі ынтымақтастық ықпалы» коучинг
Мақсаты: Оқушылырға стресстік жағдайларды жеңе білуге және Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесу.
Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Күтілетін нәтижелер Тренинг соңында оқушылар :1. Зияткерлік тапсырмалар,оқушы әлеуетін дамыту мақсатында зерттеулер пайдасын біледі.2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады.
Қолданыла
тын ресурстар интернет ресурстары,бейне жазбалар
Көрнекі құрал - жабдықтар Стикерлер, түрлі – түсті маркерлер, қаламдар, суреттер, желім, қайшы, интербелсенді тақта, слайдтар
Тренингтің өту барысы Коучтың іс -әрекеті Оқушылардың іс -әрекеті
Психология
лық жағымды ахуал қалыптасты
ру(5 мин) Себетте тұрған жемістерді таңдау. Жемістерде тілек сөздер жазылған. «Мен 125 балл аламын», «Мен армандаған оқуыма түсемін»
Топқа бөлу
(2 мин) Қатысушылар ақ және қара түсті қағаздармен екі топқа бөлінеді.
Өзіне сенімділер қорқынышы бар оқушыларға тілек айтады. Ақ түсті –өзіне сенімділер Қара түсті-аздап қорқынышы бар
Қызығушы
лығын ояту.
(7 мин) 1. «Сенімділік» жаттығуы
Мақсаты: оқушыларды стрестік жағдайдан арылтып,сенімділікке үйрету.
Шарты: Оқушыларға бос ақ парақ таратылды. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу
ұсынылды. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп,бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін,
екінші бөлікке жағымды қасиеттерін жазады. Өздеріне жағымды қасиеттерін
қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады.
5 мин
ҰБТ-ға дайындық барысына ағзаға түсетін ауырлықтарды жеңу үшін жаттығулардың маңызы зор
Көзің шаршаса не істейсін?
Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзіңіз шаршаса, онда агзаңыз шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшіңіз жетпейді. Сондықтан көзіңіздің демалуына жағдай жасау керек. Кез-келген 2 жаттығуды орындаңыз -Кезегімен жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қараңыз;
-Көз қарашығыңызбен аты-жөніңізді жазыңыз;
-Ұзақтағы бір затқа 20 секунд, сосын алдыңыздағы қағазға 20 секунд көзіңізді тігіңіз;
-Сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңыз бен квадрат, үшбұрыш салыңыз
Күн тәртібі
Бір күнді үш бөлікке бөліңіз:
-Емтиханға дайындық күніне 8 сағат
-Спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге 8 сағат
-8 сағаттан кем уйықтамаңыз және қажет болса тусте дем алып алыңыз
Тамақтану
Тамақтану 3-4 реттен витаминге толы болу керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Емтихан алдында көп тамақтанбау керек. Өз ойларымен бөліседі.
Мағынаны тану
(3-5 мин) Сұрақтар беріледі: 1.Сынама тест тапсырғанда қандай пәндер қиындық туғызды? 2.ҰБТ-ге ата-анаң тарапынан қандай көмек көрсетілуде? 3. 6. Пән мұғалімдерінен саған қандай көмек қажет? Қандай пәннен? 4. Сынама тест тапсыру кезінде сенде қобалжу болды ма? 5. Барлық уақытыңды ҰБТ-ге дайындыққа жіберіп жатсың ба? Сағат тілімен жауап қайтару
(7-10 мин) «Шынымды айтсам» топтық жаттығулар.
Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан, қорқыныштан арылту, ашық болуға бағыттау.
Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыз.
Нұсқау: алдарыңызда
топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-бірден аласыз. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау керек. Топтама үлгілері:
Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойласам ...
Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда ...
Оқушылар кезекпен шығып, сөйлемді жалғастырады
Ой қозғау.
5мин «Стресс» тесті
Мақсаты: бітірушінің стресске берілгіштігін анықтау.
Нұсқау: пікірлерді оқып, өз келісіміңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.
Ешқашан – 1 балл
Кейде – 2 балл
Жиі – 3 балл
Әрқашан – 4 балл Тест орындайды, нәтижесін тексереді
Қорытынды
лау 7мин «Жабайы қаздар» бейне көрініс көрсетіледі .
Өз ойлары мен бөліседі
Кері байланыс
2 мин Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазу. Стикерлерге ұсыныстарын білдіру.
Коуч- Бияшева Гулжан Ибраемовна