Педагогикалы? ?жымды ?зекті та?ырып бойынша зерттеу т?сілі к?рсетіледі.


2014-2015 оқу жылында мектептің өзекті тақырыбын жүзеге асыруға бағытталған мұғалімдермен зерттеу жұмысының қорытындысы.
(жыл басы)
Педагогикалық ұжымнан сауалнама алынып, келесідегідей сұрақтар қамтылды:
«Управление современной школой»басылымынан алынды .2013,№5) Бағалау: 1,2,3,4,5
№ Мазмұны Баға
1 Сабақ мақсаттарын қоя білуіңіз, сыныпқа күнделікті сабақта жариялау 4,7
2 Оқушыларды білімді белсенді игеруге бағыттай білуіңіз 4,5
3 Сабақта қарқынды оқыту әдістерін қолдана алу мүмкіндігіңіз 4,3
4 Сабақтың барлық уақытын тиімді қолдануыңыз, қорытындылып бағалау жүргізуіңіз 3,8
5 Оқытудың топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы нәтижеге жете білуіңіз. 4,2
6 Үй тапсырмасының көлемі мен оқушы біліміне тиімділігін кеңінен ойластыруыңыз 4
7 Бақылау мен бағалауды сабақтың барлық барысында нақты қадағалай білуіңіз 4,1
8 Оқыту құралдарын, (АКТ, көрнекіліктер, сызбалар мен кестелер, интернет материалдарын, электронды оқулықтарды) сабақ мазмұнымен үйлестіруіңіз 4,6
Педагогикалық ұжымнан алынған сауалнама нәтижесінің салыстырмалы диаграммасы:

Қорытынды: неғұрлым жоғары деңгейді байқатқан көрсеткіш мұғалімдердің сабақ мақсаттарын қоя білуі және сыныпқа күнделікті сабақта жариялау (4,7); оқыту құралдарын, (АКТ, көрнекіліктер, сызбалар мен кестелер, интернет материалдарын, электронды оқулықтарды) сабақ мазмұнымен үйлестіру екені байқалса, төмен деңгейді көрсеткен сабақтың барлық уақытын тиімді қолдануыңыз, қорытындылып бағалау жүргізілуі (3,8), үй тапсырмасының көлемі мен оқушы біліміне тиімділігін кеңінен ойластыру (4); бақылау мен бағалауды сабақтың барлық барысында нақты қадағалай білуі (4,1). Ендеше, педагогикалық ұжымға сабақтың тиімділігін арттыратын уақытты үнемді қолдану, үй тапсырмасының көлемін кеңінен ойластыру, бақылау мен оқушы білімін бағалаудың жолдарын жетілдіру қажет.
Педагогикалық ұжымның жаңа заман сабағына қойылатын талаптарды әдістемелік жағынан ықпалдастыру, кәсіби құзіреттілікті күнделікті іс-әрекетте қолдану жағдайларын бақылау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнамаға енгізілген сұрақтар кестесі:
№2. Бағалау: 1.«иә », 2.«жоқ», 3.«кейде» 4.«қиналамын» (цифрлар қоюға болады)
№ Мазмұны 1 2 3 4
1 Әр сабаққа күнделікті мұқият ізденіп, даярланамын, қосымша әдебиеттерді қарастырамын 19 1 2 Оқушыларды әр тақырыбыма қызықтыруға тырысамын 19 1
3 Жаңа әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданамын, әр сабақтың мақсатына орай іріктеймін 14 5 1
4 Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізуге қызығамын, сабақтарға ықпалдастырамын 16 1 3
5 Оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін арттыруға бағыттаймын 17 2 2
6 Деңгейлеп оқытуды қолданып, барлық оқушыларды оқу еңбегімен қамтимын 11 6 3
7 Оқушыларға қойылатын талап түсінікті, нақты, ғылыми түрде болуын қадағалаймын 15 2 3
8 Оқушылардың өздік жұмыстарының үлесін арттыру арқылы белсендіре аламын 17 1 2
9 Белгіліден белгісізге, жеңілден ауырға өту жағдайын нақтылаймын 16 2 1
10 Интербелсенді әдістерді тиімді таңдай аламын 16 2 2
Сауалнама қорытындысының салыстырмалы диаграммасы:
Сауалнама қорытындысынан байқалғандай педагогикалық ұжымда жоғары көрсеткішті байқатқан сабаққа күнделікті мұқият ізденіп, даярлану, қосымша әдебиеттерді қарастыру, оқушыларды тақырыпқа қызықтыруға тырысу бағыттары болса, төмен деңгейді байқатқан деңгейлеп оқытуды қолданып, барлық оқушыларды оқу еңбегімен қамту және жаңа әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданып, әр сабақтың мақсатына орай іріктеу бағыттары болды. Сондықтан, педагогикалық ұжымға жаңа заман сай оқытудың тиімді түрлерін енгізіп, оқушылардың жеке бс қабілеттеріне орай деңгейлеп оқытуды кеңінен дамыту керек.
Мектептің өзекті тақырыбына орай орта (8а, 8б, 9а,) және жоғары буын (10-11) оқушыларынан сауалнама алынды.
Сауалнама қорытынды кестесі бойынша
№ Сұрақтар м/а Қаз әдеб Физ Шет хим биол О.т тар геог
1 Қай пәнге сабақта белсенділік танытасың? 17 17 18 11 14 13 14 16 15 16
2 Сені қызықтыра жүргізілетін пәндер қайсы? 15 13 13 11 11 8 9 7 9 17
3 Жаңа материалды өздігіңнен меңгеруге бағыттайды 13 11 12 12 8 8 11 7 18 19
4 Үй тапсырмасын қиналмай орындайсың 15 21 22 15 22 15 19 20 20 22
5 Сенің бағаңды нақты айтатын пән 14 15 14 10 7 12 9 12 12 11
6 материалды толық меңгеруге тырысасың 21 17 15 18 16 17 11 14 17 15
7 Сен үшін ең қызықсыз өткізілетін сабақтар 4 2 2 6 3 4 3 4 5 3
Сауалнама қорытындысы бойынша белсенділік танытатын пәндер ретінде әдебиет, математика, қазақ тілі пәндері, қызықтыра жүргізілетін пәндер география, математика пәндері көрсетілсе, жаңа материалды өздігінен игеруге бағыттайтын пәндер ретінде география, тарих пәндері, үй тапсырмасын қиналмай орындайтын пәндер шет тілі, әдебиет, география пәндері көрсетілген. Бағалауды нақты жариялайтын пәндер қазақ тілі, математика, әдебиет пәндері, материалды толық меңгеруге тырысатын математика сабағы, ең қызықсыз өтетін пәндер ретінде физика, тарих пәндері атап көрсетілген.
Міндеттер:
Педагогикалық ұжымда жеке тұлғаға бағыттай оқыту жолдарын инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы жетілдіру керек.
Педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігін арттыру мақсаттарында әдістемелік жұмыстарды инновациялық ұйымдастыру жолдары арқылы жүргізу.