Биология п?ні м??алімдеріні? бірлесіп зерттеуі (LESSON STADY)


БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ: САБАҚТЫҢ ЗЕРТТЕУІ (LESSON STADY) МЕН ІС-ӘРЕКЕТ БАРЫСЫНДА ЗЕРТТЕУДІ (АCTION RESEARCH) ҚОЛДАНУ – САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕПІЛІ.
Муканова Г.У.
«Өрлеу» БАҰО АҚФ “Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ“ “Жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»“ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі.
Қазіргі заманда оқушылардың 21-ғасыр дағдыларын, яғни жоғары деңгейде ойлаудың кешендік дағдыларын және оларды нақты проблемаларды шешуде қолдануды игеруі білім беру саласын дамытудың басымдық бағыты болып табылады. Осы бағытты қамтамасыз етудің кешенді шараларының бірі - өзінің тәжірибесін өзгерту мақсатындағы мұғалімнің кәсіби дамуы. Педагогтердің кәсіби қызметінде зерттеушілік жұмыстың ролі маңызды құзыреттіліктердің бірі – ол мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері, мәселелері және қажеттіліктеріне сәйкес өзінің кәсіби (педагогикалық) қызметін дара осы типтегі кәсіби мәселелерді тиімді шешу педагогтің шағын ғылыми-зерттеу жүргізу және оны өзінің оқушылардың ерекшеліктеріне бағытталған қызметіне кіріктіруін талап етеді.
Lesson Study үдерісін заманауи мектепке өзінің тәжірибесін талдай алатын, проблемаларды көріп және оларды оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру арқылы табысты шеше алатын зерттеуші-мұғалім дайындау, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде, әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйрету, сабақ уақытында оқушылардың материалды игеруі туралы оқушылардың болжамдары арасындағы олқылықтарды анықтау және бірлескен тәсілге негізделген кәсіби оқытуды дамыта отырып, оқушылардың егжей-тегжейлі оқытылуын бақылау мақсатында қолданады .
Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді [1, 8 бет].
Lewis (2002) Lesson Study тиімділігін былайша сипаттайды:
• білім беру стандарттары мен мақсаттарын сыныпта жүзеге асырады;
• ақпаратқа жүгініп дамуды көздейді;
• түрлі қасиеттеріне әсер ете отырып, оқу процесін дамыту;
• даму қажеттігі жайлы мәселе қояды;
• мұғалімдерді бағалау [2, 11 бет].
Жоғарыдағыларды ескере отырып, химия – биология пәндері мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аясында дәріскер ретінде Lesson Study зерттеуін ұйымдару әдістемесінің теориясын тыңдаушыларыма берген соң осы топта оқып жатырған ұстаздармен жаңартылған білім бағдарламасының талаптарына жауап бере алатындай бірлесіп сабақ жоспарын құрып, мектепте практика жүзінде осы сабақтың тиімділігін зерттейік деп ұсыныс тастадым. Сабақты осы топта біліктілігін арттырып жатырған мұғалімнің мектебінде өткізу ұсынылды.
Мақсат: жаңа әдістер мен жаңа бағалау формаларын сабақта қолдану қаншалықты тиімді екенін анықтау болды.
Зерттеу жұргізетін мұғалімдер тобы алдын ала:
- мектеп психологімен кездесіп, кластың деңгейінің орташа екенін анықтады;
- әдебиеттермен танысты;
- зерттеу жүргізетін сыныпты, пәнін, 3 оқушыны анықтады;
- сабаққа қатысудың алдында бірлескен жоспар жасалынды;
- сабаққа жасайтын талдауды анықтап, сабақтың соңында жүргізілетін сауалнаманың сұрақтарын құрастырды.
Курс тыңдаушылары бірлесіп 8 кластың биология сабағынан «Жүрек - қантамырлары жүйесі. Қанайналым мүшелері» тақырыбына жоспар жасады. Жоспарда сабақтың психологиялық дайындық кезеңі «Қос қабат шеңбер», қызығушылықты ояту «Кілттік сөздер», мағынаны тану «Инсерт», ой толғаныс класты 4 топқа бөліп: І –топ жүрекке ассоциация жасау, ІІ-топ Венн диаграммасымен кіші және үлкен қан айналу шеңберлерін салыстыру, ІІІ – топ сандырды сөйлету, ІV суретпен жұмыс жасап, сабақ мазмұнын қорытындылау арқылы жобаланды. Сонымен қатар бағалау түрлері және кері байланыс та ескерілді.
Сабақ курс аясында Ақтөбе қаласы №33 орта мектебі базасында өткен соң тыңдаушылар «Бұл сабақтағы қолданған әдіс, тәсілдер қаншалықты тиімді болды?» деген сұрақ төңірігенде өз-ара пікірлесті және төмендегідей шешімге келді:
сабақ өтілген кластың психологиялық тренинг «Қос қабат шеңбер» өткізуге кішкентай болғаны, сондықтан келесі сабақта бұл әдістің орнына «Миға шабуыл» әдісімен ауыстыру қажет;
формативті бағалауды «Бағдаршам» әдісімен жүргізгенде тақтадағы бағдаршам суретіне алып барып, өз ойларын стикерге жазып, жапсыру уақытты алып кеткені, сондықтан кейінгі сабақта оқушылар орындарында отырып, жасыл, сары, қызыл стикерлерді көтеру де жеткілікті;
Венн диаграммасын пайдаланып, салыстыру жасауда оны алдын ала сызып алып келу уақыт ұту үшін тиімді;
«Инсерт» стратегиясын қолданып жаңа тақырыпты меңгеруде оқушылардан сұрақтардың аз түсуі мәтінді құрастырғанда тек оқулықпен шектелініп, басқа әдістемелік құралдар, интернет материалдарын қолданып, оқушылардың қызығушылығын оятуға бағытталуы ескерілмеген.
Дегенмен бұл сабақтың сәтті шыққан тұстары да мол болды:
«Сандар сөйлейді» әдісі бойынша оқушылар тақырып бойынша көп ақпарат берді, жүрекке ассоциация жасау арқылы көптеген мәліметтер ұсынды, Венн диаграммасы негізінде кіші және үлкен қан айналу шеңберлерін жақсы салыстырды, «Кілттік сөздерді» қолданып, сөйлемдер құру да өз нәтижесін берді. Ал «Ашық микрофон» арқылы рефлексия оқушылардың сабақтың мазмұнын меңгергенін, олардың сұрақ қоюға қиналғанын, жалпы сабақтан жақсы әсер алғанынан хабардар етті.
Таңдап алынған 3 оқушыны зерттеу басында және барысындағы сабақ мазмұнын меңгеру деңгейі:
Оқу-шы Зерттеу барысында Зерттеу барысында
А Айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары орта деңгейде. Кілттік сөздерден күрделі сөйлемдерді құрастырып жаза алады, оларды өз түсінігімен айтады, мәтінді оқып, деректерді талдай, салыстыра алады, кері байланыста өзіне не жетіспейтінін түсінеді.
В Қарапайым сұрақтарға жауап берді, биологиялық терминдерді тәжірибеде қолдануда, оқығанын өз тілімен сипаттауда кейде қиналады Тапсырмаларды орындай отыра, қорытынды шығарып, сыни тұрғыдан ойланады, бірақ пәндік терминологиялық тіл оқушыға әлі де киындық тудырады және толыққанды талдау жасауға қиналады.
С Теориялық білімі таяз, қарапайым сұрақтарға жауап беруде қиналады, толық ойын жеткізе алмайды Мәтін мазмұнын түсінеді, қарапайым сұрақтарға жауап бере алады, бірақ пәндік тіл дағдылары төмен, жауапты мұғалім көмегімен бере алады.
Сұхбат және сауалнаманың арқасында, сабақтағы бақылаулардың нәтижесі бойынша зерттеу жұмысы көптеген мәселелерге назар аудартты:
оқушылар суреттермен бұрын аз жұмыс жасаған, сондықтан алғашқы кезде абдырап, кейін жұмысқа кірісіп кеткені;
мұғалімнің топтық жұмысты ұйымдастырғанда жұмыс бағытын анық түсіндірмегені;
оқушылар бұрын күрделі сұрақтар қоюға дағдыланбаны.
Lesson Study бір-екі сабақтың ішінде аяқтайтын жұмыс емес, сондықтан болашаққа жоспарлап зерттеуде курс тыңдаушылары жоғарыдағы кемшіліктер мен мәселелерді ескеріп, жоспар жасайтындарын баяндады. Оқушыларға ойландыратын терең мағыналы сұрақтарды жиі қолдануымыз керек деген тұжырымға келді. Lesson Study зерттеуі топ мүшелеріне: тәжірібелі мұғалімдерге де, педагог жұмысын жаңадан бастап жатқан мұғалімдарге де қызықты және керекті жұмыс болды. Себебі заманауи мұғалім тек қана сабақ беруші емес зерттеуші де болуы керек. Сондықтан, Lesson Study сияқты зерттеулер мұғалімге өте пайдалы жұмыс деп санаймыз. Өзіміздің зерттеумізді жалғастырып, үздік нәтижесіне жетуді жоспарлауға талпынамыз. Бұндай тәсіл мұғалімнің қолдананатын тәжірибесін, бірақ көп жағдайда жасырын қалатын білімдерді ашық көрсетеді. Талқылау арқылы олар өз біліімдері туралы тереңірек біледі, демек тәжірибені әрі қарай жетілдіруге мүмкіндің алады. Педагогтер өздерінің іс-әрекетіндегі нақты сыныптағы проблемаларды анықтауға, ойлануға, өз тәжірибесі бойынша мағлұматтар жинауға үйренеді. Іс-әрекеттегі зерттеуді мұғалімдер командасы арқылы жүргізу олардың арасындағы инновациялық ынтымақтастыққа түрткі болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Пит Дадли. Lesson Study: теориясы мен қолдану тәсілдер.8 бет
2. «НЗМ» ДББҰ ПШО Әдістемелік кеңесі. Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық.