«Алтын са?а» ойынын ?ткізу ?дістемесі.


«Алтын сақа» ойынын өткізу әдістемесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өткен тақырыптар бойынша қорытынды бақылау жүргізіп, оқушылардың алған білімдерінің нәтижесін тексеру
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, алғырлығын, тапқырлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: достыққа, адамгершілік қарым-қатынасқа, ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: іскерлік ойын
Сабақта пайдаланылған көрнекі құралдар: мультимедиялық проектор, маркер, плакаттар, асықтар
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Топтарды екіге бөліп, оның атын, эмблемасын белгілеу
3.Өткен тақырыптарды тексеру
Әрбір топ мүшелері дұрыс әрі тез жауап беру үшін жарысады.
1.Таныстыру бөлімі.
Топ мүшелері өздерін таныстырады.
2.Алшы
3.Тәйке
4.Бүк
5.Шік
6.Жанкүйерлер жарысы
7.Сабақ нәтижесін қорытындылау
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқытушы: Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – барлық өткен тақырыптар бойынша қорытынды бақылау жүргізіп, оқушылардың алған білімдерінің нәтижелерін тексеру. «Алтын сақа» іскерлік ойынында – біз не білеміз, нені үйрендік, алған білімдерімізді жалпы қорытындылап нәтижесін бағалаймыз. Ойынымыз асық ату ойынының негізінде ұлттық тәрбие мен экономикалық тәрбиені ұштастыру мақсатында ерекше «Алтын сақа» ойыны ретінде жүргізіледі. Асық ойындары – қазақ даласына кең тараған ойындардың бірі. Ол дене қимылының ептілігін, оңтайлылығын арттыруға, сондай-ақ көз мергендігі мен қол икемділігінің дамуына көп септігін тигізеді. Ал, біздің бүгінгі ойынымызда осы қабілеттермен қоса экономикалық ойлау қабілеттері мен тапқырлық, іскерлік, шығармашылық, экономикалық тілде ойлау қабілеттерін дамыту көзделеді.
Сондықтан топты екі командаға бөлдік:
1 команда «Брокер», 2 команда «Дилер» деп аталады.
Ойын 6 кезеңнен тұрады.
1.Таныстыру бөлімі.
2.Алшы
3.Тәйке
4.Бүк
5.Шік
6.Жанкүйерлер жарысы
Оқытушы: - Ең алдымен, бүгінгі ойынды бағалайтын және ойнайтын өздеріңіз. Асық ойынының шарты бойынша кім көп асық жеңіп алса, сол жеңімпаз болады. Олай болса, іске сәт деп ойынымызды бастаймыз.
Ойынға қатысатын топ өздерін таныстырудан бастасын.
1.Таныстыру бөлімі (топтар өздерін таныстырып өтеді, 3 минут).
2.«Алшы»
Оқытушы: Енді келесі «Алшы» бөліміне көшейік. Бұл бөлім шарты – асық үйіріп, алшыға кім асықты тұрғызса, сол топ бастайды. топ мүшелеріне сұрақтар қойылады, қай топ тез әрі көп сұраққа жауап берсе, сол көп асыққа ие болады.
1. Кәсіпкер терминін енгізген экономист кім? (Француз экономисі Ришар Контильон, 18 ғасыр).
2.Монополия ұғымы? (Тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады).
3.Нарық мәні? (Тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арсындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы).
4.Экономикалық жүйенің түрлері (Дәстүрлі, әміршіл, нарықтық және аралас).
5.Сұраныс пен ұсыныс заңы дегеніміз не?
6.Монополия түрлерін атаңыз? (Жабық, ашық және табиғи монополия).
7.Өндіріс ұғымы? (Өндіріс бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі).
8.Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері? (Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауар өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар жоқ деп айтуға да болады. Болған күннің өзінде ол ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді).
9.Меншік дегеніміз не және оның экономикалық қатынастары? (Меншік дегеніміз – өндіріс құрал жаблығын иелену қатынасын және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Иелену, пайдалану, бөлу).
10.Экономикалық жүйенің сипаттары? (ашық экономика және жабық экономика).
3. «Тәуке». Бұл бөлімнің шарты бойынша монитордағы ұяшықтарда асықтарда сұрақтар жасырылған, әрбір асық сіздерге ұпай әкеледі. Ол үшін таңдаған асықтағы сұрақтарға дұрыс жауап беру қажет.
1-ші ұяшықтағы сұрақтар
Оң жақтағы 10 саны.
Ақша дегеніміз не? Ол қалай пайда болды? (Ақша тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ эквивалент рөлін атқару).
Ортадағы 10 саны
Инфляцияға қарсы шаралар, оның бағыттары?
Нөлдендіру – мемлекет құнсызданған қағаз ақшаны жарамсыз деп жариялауы керек.
Девальвациялау – ұлттық валюта курсының шетел валютасына қатынасы бойынша немесе халықаралық ақша бірлігі есебіне төмендеуі.
Деноминациялау – ақша белгісі ұлттық құнының бекімделуі және оларды жаңа ақша бірлігіне айырбастау, сондай арақатынаста баға,тариф, жалақы т.б. бір мезгілде жүргізу.
Сол жақтағы 10 саны
Ақша қандай қызметтер атқарады?
1.Құн өлшемі – ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын
көрсетуге болады.
2.Айналым құралы – ақша қолма-қол түрін де атқарады.
3.Төлем құралы – ақша несиеге сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидентті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.
4.Ақшаның әлемдік ақша түрінде болуы.
Оң жақтағы 20 саны
Инфляция ұғымы және оның қандай түрлері бар? (Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануымен пайда болатын әлеуметтік-экономикалық процесстер жиынтығы. Ол жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады).
Инфляция түрлері: баяу, қарқынды, ұшқыр
Ортадағы 20 саны
Акция, облигация ұғымы? (Бұл – бағалы қағаз, белгілі акционердің қоғам капиталына қаржысын салғанын куәландырады. Ол иесіне акционерлік қоғам пайдасынан дивиденд түрінде белгілі табыс алуға құқық береді).
Сол жақтағы 20 саны
Акционерлік қоғам, акционерлік капитал дегеніміз не? (Акционерлік қоғам – кәсіпорын, ұйым мен мемлекеттік орындардың еркін біріккен түрі. Ол уақытша босаған ақша қорын өндірісті ұйымдастыру мен көптеген жұмыс түрлеріне жұмылдыру болып табылады).
Оң жақтағы 30 саны
Жер рентасының пайда болуы мен қайнар көзі? (Жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем, Осы төлем қосымша құнның арендатор капиталының орташа пайдасынан артық болу есебінен пайда болады).
Ортадағы 30 саны.
ҚР-да «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң қай жылы қабылданды? («Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң 1997 жылы 15-ші наурызда).
Сол жақтағы 30 саны.
Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері? (Монополиялық бағаны анықтау барысында осы шартты пайдалануды практикада жеңілдіту үшін «бас бармақ» ережесін қолданады. Бұл ереженің негізгі шарты – шекті шығындарға белгілі мөлшерде үстеме баға қосу арқылы тауардың бағасын анықтау болып табылады).
Оқытушы: - Енді біз келесі бөлімге көшейік, ол – «Бүк» бөлімі. Бұл бөлім «Мен – саған, сен – маған» деп, өздері бір-біріне дайындап, келген сұрақтарға жауап береді. Айта кететін жәйт, кім асықты бүк тұрғызса, сол сұрақ қояды. Кім дұрыс жауап берсе, сол топқа сұрақ қойған топ өзі жинаған асықтарынан әрбір сұраққа асық береді.
Оқытушы: - Келесі бөлім – «Шік». Бұл – топ басшыларын сынайтын бөлім. Топ басшыларына экономикалық 7 сөз беріледі. Берілген сөздерді ретімен пайдаланып, іскерлік хат жазу керек. Кімнің нағыз іскер екендігін анықтаймыз (фирма, тауар, жарнама, бартер, аренда, келісім, бизнес).
Оқытушы: - Сайысқа түскен топтар өздерінің асық ойнау шеберліктері мен экономикалық білімдерінің тереңдігін көрсетті. Енді осы топтарға жанкүйер болып отырған ойыншыларға да арналған сұрақтар бар. Мына плакаттарда тұрған қазақтың ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары, ұлттық мерекелері, ұлттық киімдері деген бөлімдерде жасырылған сұрақтарды таңдап, сол сұрақтарға жауап беріп, өз жақтаушыларына ұпай жинайды. Дұрыс жауап берсе, өздері жанкүйер болып отырған топқа ұпай беріледі. Ал, дұрыс жауап берілмесе, ұпай да, асық та берілмейді. Плакаттардағы сұрақтардың нөмірі ұпай саны мен асық санын көрсетеді.
Сабақ нәтижесін қорытындылау. – Топ ойыншыларының ойынын қорытындылаймыз