АШЫ? САБА?, ?ам?орлы?.Бердібек Со?па?баев


Тақырыбы: Қамқорлық. Бердібек Соқпақбаев
Мақсаты: Әңгіменің мазмұнын түсіндіре отырып , қамқорлық сөзінің мағынасын ашу,оқушылардың мәнерлеп оқу ,сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғаттағы тірі тіршілікке жанашырлықпен қарауға, қорғауға, мейрімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа даярлық, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Көжек» атты ертегі не жайлы екен? Көжекті тастап кеткен (кім? анасы)(не? қоянның анасы) Оны кім тауып алды? Қайда әкелді? Ал, көжек болса не істеді? Шаруаның аяушылығына көжек не деп жауап берді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Саған ертегі ұнады ма? Туған жер деген сөз саған қандай әсер етеді? Туған жер жайлы қандай мақал-мәтелдер білесің?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі.
- Балалар, үйлеріңде қандай жануарлар немесе құстар бағасыңдар?
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе әңгіме. Б.Соқпақбаев- балалар жазушысы.Ол кісінің «Менің атым Қожа» деген кітабы ,соның желісіне қойылған киносы да бар. Бүгін осы әңгіменің мазмұнын меңгеріп, қамқорлық жасауға, әңгімені өз сөзімізбен әңгімелеуге үйренеміз.
Оқулықпен жұмыс. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы .Сөздік жұмысы.Оқушылардың дауыстап,тізбектей оқуы.
-Балалар, Жантас пен Қожа қандай балалар деп ойлайсыңдар? Егер сендерде осындай жағдай болса не істейсіңдер?
Сергіту сәті.
Суретпен жұмыс. Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?
-Мәтінге сүйеніп, суреттегі торғайдың халін сипатта.
-Торғайдың халі сенде қандай көңіл күй туғызды? Жантастың қылығы ше? Өз көз қарасыңды білдір.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: «Табиғат-менің өз үйім.» бөлімінен торғай туралы қандай әңгіме оқып едің? Есіңе түсір. Ж. Аймауытов пен Б. Соқпақбаевтың шығармаларын салыстыр.
Сұрағы. Жүсіпбек Аймауытов Бердібек Соқпақбаев
Әңгімесі қалай аталады? (Торғай) (Қамқорлық)
Торғай неден қорқып еді? (жылыннан) (Жантастан)
Торғайға ара түскен кім? (Ақбілектен) (Қожадан)
ҮІІ. Қорыту.
- Бүгін қандай әңгімемен таныстық? Әңгіме неліктен «Қамқорлық» деп аталған? Сендер қандай қамқорлық жасайсыңдар? Жантас сияқты балаға қандай ақыл айтар едіңдер? Қамқорлыққа байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Құстар туралы тақпақ, әңгіме білесіңдер ме?
ҮІІІ Үйге тапсырма:1. оқу, салыстырып сипаттау.
Бағалау.