?дебиеттік о?у Шал мен бала. Бердібек Со?па?баев 3 сынып


Қостанай қаласы
№18 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Жуматова Айнагуль Хамитовна
Сынып: 3 «А»
Сабақ:Әдебиеттік оқу
.
Сабақтың тақырыбы Шал мен бала. Бердібек Соқпақбаев
Мақсаты: Оқушыларға Б.Соқпақбаев туралы айта келе, мәтінді түсініп оқуға, әңгімелеуге үйрету;: әңгіменің  мазмұнын ашу.Сабақты өмірмен байланыстыру,оқушыларды мәнерлеп,жылдам оқуға үйрету.        Қызығушылығын ояту,ой-өрісін,тіл байлығын кенейту,сөздік қорын молайту.Оқушыларды адалдыққа,шыншылдыққа және адамгершілікке  үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер,слайд,нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: .  
Психологиялық  дайындық
Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
«  Қонақ  күту салтымыз ,                          
Оқып  біліп  жатырмыз.
Келген  қонақ  сіздерге                                      
Сәлем  бердік  жалпымыз.»          
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді келнен қонақтарға білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар.
                                                                                                            
      Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ана» өлеңін жатқа сұрау. В.Сухомлинскийдің « Ақ шаш» әңгімесі кім туралы екен? Неге анасының шашы ағарды деп ойлайсың? Сен анаңды осылай уайымдатасың ба? Мәтіннің негізгі ойы неде деп ойлайсың?
ІІІ Өткенді пысықтау: «Бала тілі - бал» тақырыбына қандай мақал-мәтелдер білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
Балалар, бір сәт көздеріңді жұмыңдар.Сәл ойланыңыздар.Мына сұраққа жауап берулеріңіз керек.
- Сендердің аталарың бар ма?
-Ол қандай адам? (әр оқушы өз аталары туралы әңгімелейді.)
Ү. Жаңа сабақ:
1.Кіріспе. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесі бойынша түсірілген фильм 1967 жылы  Канн фестивалінің жүлдегері атанды. Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», «Жекпе-жек» повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған.
Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға оқулықтан оқи отырып, өздеріне таныс емес сөздерге белгі қоя оқу.(іштен дыбыссыз оқу), (үш минут). Бұл оқу түрін      INSPT - инсепт деп аталатын стратегиясын пайдалану.
Қиын сөздерге тоқталып түсіндіру.
Сөздік жұмысы
1.Бүкірлеу – еңкейген адам.
2. Қоба сақал – қалың сақалды.
3. Имек бас – қариялар ұстайтын аса таяқ.
4. Ілгері лықсып – алдына қарай жүру.
5. Қауқарсыз – әлсіз, күш-қуатсыз.
6. Біреулерді сүзе барып – біреулерді соға құлайтын еді.
Сұрақ-жауап
-Трамваймен кімдер келе жатты?
-Шал не істемек болды?
-Оған кім көмекке келді?
-Мәуленнің іс-әрекеті атаға ұнады ма?
-Ата кім жайлы әңгімеледі?
-Ол не істеді?
-Сол тақыр бас бала кім еді?
-Ата тақыр басты баланы таныды ма?
-Шал қандай мақал айтты? ( « Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. -Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.» )
-Қарт балаға не үшін рақмет айтты?
-Бала неге қысылды?
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
І.Шығармадағы оқиғаларды ретімен орналастыр:
3.атаның әңгімесі;
1.трамвайдан түскенде; атаның немересі;
2.бейтаныс баланың көмегі;
4.ата мен немересінің әңгімесі.
ІІ. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі ақыл, нақыл сөздерді жазып ал.
(«Ұрлық істеу – ол жақсы адамның кәсібі емес» Жасың ұзақ болсын, шырағым! «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.»)
Жалғасын тап.
Ақыл дос - ...
Көп жасаған білмейді,...
Досы көпті жау алмайды,...
Әдепті бала, арлы бала,...
ҮІІ. Қорыту. 1.Суретпен жұмыс:
Суреттен не көріп тұрсың?
Суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?
Өзің қандай сурет салар едің?
2. Мән беріп оқы. Нақты мысал келтір.
«Мәтінде бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін. Мәтіндегі оқиғалар бір-бірімен байланысты болады.»
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұны,
Бағалау.