«?аза? а?ындарыны? шы?армаларында?ы ислам дініні? сипатталуы» та?ырыбында мектеп о?ушылары арасында ?ткізілген ауданды? бай?ау


«Қазақ ақындарының шығармаларындағы ислам дінінің сипатталуы» Бүгінгі таңда еліміздегі дін саласында туындап жатқан сұрақтар өте көп. Теріс пиғылды діни ағымдардың жетегінде кетіп жатқан жастарымыз да аз емес. Әрине мұның барлығы азаматтарымыздың, соның ішінде жас буынның діни тұрғыда сауатының төмен болуы, рухани иммунитетінің әлсіз болуы-бірден бір себеп болып отыр. 
Осыған орай, Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында қазақ ақындарының шығармаларын насихаттау, оқушыларды қазақ поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылары арасында «Қазақ ақындарының шығармаларындағы ислам дінінің сипатталуы» атты байқау ұйымдастырылды.
Байқауға барлығы 14 оқушы қатысып, қазақ ақындарының шығармаларын мәнерлеп оқудан жарысты. Нәтижесінде І орынды Қахар Бақытжан (№95 мектеп), ІІ орынды Шыныбай Нұрбол (№249 мектеп-лицей), ІІІ орынды Ідіріс Ләззат (№70 мектеп) иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
#‎ЖАҚСЫ_ІСТЕР_ЖАЛҒАСЫН_ТАБА_БЕРЕДІ‬‬‬‬Орындаған: С.Мынжасарова.

2015 жылдың желтоқсан айының 23 күні «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақ ақындарының шығармаларындағы ислам дінінің сипатталуы» тақырыбында мектеп оқушылары арасында өткізілген аудандық байқау