7 сыныпта биология п?нінен Lesson Study бойынша ?ткен ашы? саба?ты? есебі.


7 сыныпта биология пәнінен Lesson Study бойынша өткен
ашық сабақтың есебі.
Сабақтың тақырыбы: Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: 7 модуль идеяларын қолдана отырып, ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктер туралы білімді бірлесе отырып алу.
Ең алдымен оқушылармен амандасып алғаннан кейін, оқушылардың сабаққа деген көңіл күйлерін сұрап, ынтымақтастық атмосфераны жақсартып алдым (1-сурет). Үй тапсырмасын тексеру үшін, интербелсенді тақтада тест сұрақтары және логикалық сұрақтар берілді оқушылар жауап берді және жауаптары тексеріліп отырды (2-сурет).

1-сурет 2-сурет
Үй тапсырмасы тексеріліп болған соң жаңа топ құрып алу үшін, түрлі түсті кеспе қағаздар таратылып, 2 жаңа топ құрылды (3,4,5-суреттер).

3-сурет 4-сурет 5-сурет
Жаңа ақпарат алу үшін БББ стратегиясын қолданатынытығымыз айтылып, оқушыларға жеке-жеке «БББ» кестесі таратылып берілді (6,7-суреттер).

6-сурет 7-сурет
Оқушыларға жұмыс барысы түсіндіріліп болған соң , оқушылар 1-ші және 2-ші бағанды толтыра бастады (8,9,10,11-суреттер).

8-сурет 9-сурет

10-сурет 11-сурет
2 бағанды толтырып болғаннан кейін мәтінді жеке-жеке оқыды (12,13 суреттер).

12-сурет 13-сурет
Жеке оқып болғаннан кейін жұппен жұмыс жасады (14,15,16,17,18-суреттер)

14-сурет 15-сурет 16-сурет

17-сурет 18-сурет
Жұппен жұмыс жасап болғаннан кейін топпен жұмыс жасау үшін, топтарға флипчарттар мен түрлі түсті фломастерлер таратылып берілді, оқушылар ойларын қағаз бетіне түсірді (19,20,21,22,23-суреттер).

19-сурет 20-сурет

21-сурет 22-сурет 23-сурет
Ойларын қағаз бетіне түсіріп болғаннан кейін әр топ, өз жұмысын ортада қорғады (24,25-суреттер)

24-сурет 25-сурет
Жаңа ақпаратты алғаннан кейін , яғни білімді толықтыру үшін тақырыпқа байланысты 3 түрлі бейне фильм назарларына ұсынылды (26,27,28,29,30-суреттер).

26-сурет 27-сурет 28-сурет

29-сурет 30-сурет
Бейнефильмді тамашалап болғаннан кейін,алған білімдерін «БББ» кестесінің 3-ші бағанына жазып толтырды(31,32,33-суреттер).

31-сурет 32-сурет 33-сурет
Денсаулық сақтау технологияларын қолдану үшін , оқушылармен музыкалық сергіту сәтін өткізіп, шамалы сергіп қалдық (34,35-суреттер)

34-сурет 35-сурет
Сабағымызды әрі қарай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында тақырып бойынша «Бес жолды» өлең құру тапсырылды және оқушылар кезекпен оқыды (36,37-суреттер).

36-сурет 37-сурет
Бүгінгі сабақта әр оқушы бүгінгі жасаған жұмысы бойынша өзін ғана бағалады және кері байланыс жүргізіліп, кеспеге апарып ілді. Үй тапсырмасы беріліп, сабағымыз аяқталды (38,39-суреттер)

38-сурет 39-сурет
Химия, биология пәнінің мұғалімі - Болатова М.К.