Коучинг жоспары Lesson Study. Іс-?рекеттегі зерттеу


«Lesson Study. Іс-әрекеттегі зерттеу»
тақырыбындағы коучинг жоспары
Р/c Тақырыптың атауы Lesson Study. Іс-әрекеттегі зерттеу
1 Мақсаты Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілі арқылы зерттеу жүргізе білуге машықтау
2 Күтілетін нәтижелер Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің тарихын, философиялық негіздерін, кезеңдерін біледі.
3 Сілтемелер Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ деңгей ІІІ басылым – 84-97 бет.
4 Ресурстар
Слайдтар, маркерлер, стикерлер (әр түсті), тапсырмаларға арналған плакаттар, Іс-әрекеттегі зерттеудің жүйесі. Видео «Все в твоих руках».
5 Түйінді идея Білгеніңді үйрету, білмегенді меңгеру
Жұмыс барысы
Коучинг кезеңдері Уақыты Коуч пен мұғалімдердің іс - әрекеттері
Тренинг. (жағымды ахуал туғызу, шабыттандыру) 1 мин Кітап пен папкалар арқылы 2 топқа бөлу
Ұйымдастыру 2 мин Коуч мұғалімдерге сұрақ қою арқылы іс- тәжірибесін шыңдауда өз әрекетін талдау, деңгейі әр түрлі оқушыларды оқытуда тиімді әдіс- тәсілдерді таңдауда кездесетін проблемалар, қиындықтарды анықтап алады.
Теориялық білімге шолу 5 мин «Lesson Study. Іс-әрекеттегі зерттеу» Слайд көрсету. L.S. тарихын, философиялық негіздерін, кезеңдерімен таныстыру
Көрсетілім 5 мин Видео «Все в твоих руках». Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің кезеңдерін талдау
Жүйелеуге үйрету 7 мин Іс-әрекеттегі зерттеуге қарай жасалатын 5 қадам бойынша міндеттерді талдау
Практикалық жұмыс 24 мин Топта іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің жоспарын құру
Постер қорғау 4 мин Құрылған жоспарларымен таныстыру
Бағалау 3 мин Әріптестерінің қорғауына 2 жұлдыз, 1 тілек айту.
Сергіту сәті 2 мин «Пингвиндер биін» билеу
Қорытындылау
5 мин Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің кезеңдерін талдау:
Іс-әрекеттегі зерттеудің тәжірибеңізді шыңдауда қаншалықты пайдасы бар деп ойлайсыз?
Рефлексия 2 мин Бүгінгі жұмыстың нәтижесінде жоспарыңызға қандай өзгеріс енгізу ойы туды ?