О?ушыларды сырт?ы ба?алау ж?йесіне дайындауда мектеп пен ата-анаынтыма?тасты?ы


Бекітемін
Мектеп директоры: Е.Умирзаков
Мерзімі:29.04.2016 ж
Коуч:Есет Сұлу Рахиқызы
Мамандығы:бастауыш сынып мұғалімі
Коучинг сессия тақырыбы Оқушыларды сыртқы бағалау жүйесіне дайындауда мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы
Жалпы мақсаты - оқушылардың білім нәтижелерін сыртқы бағалау жүйесі туралы ата-
аналарда түсінік қалыптастыру;
-тестке дайындау кезінде кездесетін кедергілерді анықтау;
-ата-аналарды бірлесіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа баулу.
Күтілетін нәтижесі - балаларына психологиялық тұрғыда қолдау білдіру қажеттігін түсінеді;
-ата-ана мен мектептің ынтымақтастығы артады;
-бірлескен жұмыс нәтижесі туралы ой қалыптасады.
Негізгіидеялар Жұмыла көтерген жүк жеңіл .
Қолданылатын
әдіс -тәсілдер Жаңа әдіс тәсілдер, СТО, АКТ,
Ресурстар А- 3 парақтары,стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам, жеке жұмыс , топтық жұмыс, «Табыс ағашы»,презентация тақырып бойынша, әр түрлі суреттер постерге,
Тапсырмалардың түрлері Уақыт
60 мин Коучтың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті Бағалау Қажетті құралдар
Ата-аналарға психологиялық ахуал туғызу.

Миға шабуыл.

ҰБТ сөзін естігенде ойларыңызға не келеді?
5 мин
10 мин
«Өрмекші торы» әдісі.
Топқа бөлу. Сыйлықтар қобдишасынан түрлі - түсті қаламдар алу арқылы үш топқа бөлу.
Топ басшысын сайлау,топтың ережелерін анықтау
Ата-ана пікірін тыңдау.Интербелсенді тақтадан осы сөз ге байланысты слайдты көрсету. Сіздердің ойларыңызбен сәйкес келді ме?
Тақырып қандай деп ойлайсыздар? Тақырып, мақсат, міндеттері, күтілетін нәтиже айтылады. Шаттық шеңберіне тұрып,
«Өрмекші торы» әдісі арқылы бір-біріне тілектерін білдіреді. .
Қалам түстеріне сай топқа бөлінеді,топ басшысын сайлайды.
Ата-аналар өз ойларын айтады.
Берілген сөз туралы өз пікірлерін білдіреді. Слайдтты көру арқылы өз айтқандарын салыстырады. Сұрақтарға жауап береді. Топтық бағалау


Жіп

Үлестірмелі материалдар, а3 қағазы, маркер стикерлер А3 қағазы, ватман Әр түрлі суреттер

№ 1 тапсырма "" 5 мин
Топтық жұмыс. Постер қорғау.1-топ. «Фишбон» әдісі бойынша.
2-топ.«SWOT-талдау» бойынша.
3-топ. «Құндылықтар спектрі» әдісі бойынша.
1-топ.Жоғары сынып оқушылары үшін тест тапсыру кезінде кездесетін кедергілерден шығу жолдары.
2-топ.Орта буын оқушылары үшін тест тапсыру кезінде кездесетін кедергілерден шығу жолдары.
3-топ.Бастауыш сынып оқушылары үшін тест тапсыру кезінде кездесетін кедергілерден шығу жолдары. Берілген әдістер бойынша жазып,қорғайды Топтық бағалау А3 қағазы, ватман , әр түрлі суреттер, үлестірмелі материалдар.

№2 тапсырма
10 мин
Жағдаят шешу. Бұл кезеңде үш топқа жағдаят беріледі. Топ бірлесіп жағдаяттан шығу жолдарын іздеп, бір өкіл қорғап шығады.
І - топқа жағдаят Айтулы күн жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы қашып, мазасыздана бастады. Ең алдымен ол мектептің, ата - анасы және өзінің абыройын ойлады. Осыған дейін тер төгіп дайындалған еңбегінің еш кеткенін қаламады. Оның үстіне ата - анасы баласына тым жоғары талап қойып отыр. Баланың ата - анасы ретінде баланың қорқынышын қалай басасыз, қандай қолдау көрсетесіз?
ІІ - топқа жағдаят Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты қиналып жүр. Жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?
ІІІ - топқа жағдаят Сіз екі мезгіл жұмыс жасайсыз. Сіздің 2 жасар ұлыңыз бар Қызыңыз биыл 11 сыныпқа көшті. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен қызыңыздың күн тәртібін енді Сіз қалай өзгертесіз? Қызыңызға өз тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалуына қалай жағдай жасайсыз? Топтық бағалау Ватман, А3,А4 қағаздары стикерлер маркер,
Презен
тация. Әдістер схемасы.
№3 тапсырма "5-5-1"әдісімен
Тақырыптың өзектілігі,оның тиімді және ұтымды тұсын ашып көрсету арқылы Топ мүшелері бүгінгі тақырыпқа байланысты 5 сөйлем құрайды,оның ішінен негізгі деген бессөзді қалдырады,ең соңында тақырыптың түйіні болатын бір сөзді қалдырады.Содан соң үш топтың түйінді сөзінен бүгінгі тақырыптың түйінді ойын айтады. Кері байланыс 7мин
«Табыс ағашы» әдісімен. «Табыс ағашы» әдісіне коучинг туралы ойлары жазылған стикерлерін жапсырады. Өзіндік бағалау «Табыс ағашы»суреті
Стикер
лер смайлик
тер