Саба? Т?рт т?лікті? ке?есі ?дебиеттік о?удан (4 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі.
Сабақтың мақсаты:
1.Өлеңді оқып,талдау арқылы төрт түлік туралы білімдерін кеңейту,олар туралы білу.
2. Тіл байлығын арттыру арқылы сөйлеу мәдениетінің сауаттылығын арттыру,
З.Оқушыларға төрт түлікті аялауға , оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: төрт түліктің жеке - жеке суреттері,мақал-мәтелдер кітабы
Сабақтың әдіс тәсілдері: ой шақыру, сұрақ-жауап, өздік жұмыс,
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезең
І.Қызығушылығын ояту.
1. Жұмбақтар шешу арқылы төрт топқа бөлу.
І топ .Төрт бұлағы –сүт, баға білсең-құт (сиыр)
ІІ топ. Қамыс құлақ,тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі ,еті тамақ (жылқы)
ІІІ топ .Кезікті бір жануар ,үстінде екі тауы бар (түйе)
ІҮ топ .Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)
2.Мағынаны ашу Әр топқа тапсырмалар беру.
1. Суреттер арқылы қосымша шағын деректерді түсіндіріп беру.
-25781074930І топ .Сиыр- кеуделі айыр тұяқты,адам баласы алғаш рет қолға үйрете бастаған жануар дың бірі Еті,сүті,терісі де жақсы бағаланды.Былғарысынан неше түрлі бұйымдар жасап киім тігеді. Сондай-ақ сүйек ұнтағы,желім, сабын,бағалы дәрі-дәрмектік заттар алынады.
00І топ .Сиыр- кеуделі айыр тұяқты,адам баласы алғаш рет қолға үйрете бастаған жануар дың бірі Еті,сүті,терісі де жақсы бағаланды.Былғарысынан неше түрлі бұйымдар жасап киім тігеді. Сондай-ақ сүйек ұнтағы,желім, сабын,бағалы дәрі-дәрмектік заттар алынады.


-328930113030ІІ топ .Жылқы- ірі, өте әдемі жануар,жеті қазынаның бірі,киелі мал.Ол- кеуделі,аяқтары бұлшық етті,күшті жануар.Жылқы өзін күткен адамға тез үйренеді,оны таниды. Дүние жүзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар.
00ІІ топ .Жылқы- ірі, өте әдемі жануар,жеті қазынаның бірі,киелі мал.Ол- кеуделі,аяқтары бұлшық етті,күшті жануар.Жылқы өзін күткен адамға тез үйренеді,оны таниды. Дүние жүзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар.

-32258017780ІІІ топ.Түйе- ең ірі,денесі үлкен ауыр салмақты жануар.Күй талғамайды,тікенекті,қатты өсімдіктермен қоректенеді.арқасына май жинайды.Оны «өркеш »дейді. Аузы тие қалса, 10мин-12 шелек суды ішеді.Жазда -4 күн, қыста-8-12 күн су ішпей ,шөлге шыдайды.
00ІІІ топ.Түйе- ең ірі,денесі үлкен ауыр салмақты жануар.Күй талғамайды,тікенекті,қатты өсімдіктермен қоректенеді.арқасына май жинайды.Оны «өркеш »дейді. Аузы тие қалса, 10мин-12 шелек суды ішеді.Жазда -4 күн, қыста-8-12 күн су ішпей ,шөлге шыдайды.

-322580-1270ІҮтоп. Қой- еті дәмді,тамақтығы мол. Қой сүтінен май алынады,ірімшік,құрт жасайды. Терісін илеп,өңдеп жылы сырт киім ,тон,ішік,аяқ киім де тігеді. Олардың жүнінен пима басып, кілем,киім,қолғап,мата тоқиды.
00ІҮтоп. Қой- еті дәмді,тамақтығы мол. Қой сүтінен май алынады,ірімшік,құрт жасайды. Терісін илеп,өңдеп жылы сырт киім ,тон,ішік,аяқ киім де тігеді. Олардың жүнінен пима басып, кілем,киім,қолғап,мата тоқиды.

2. Оқулықтан өз тобына байланысты жазылған өлең шумақтарымен танысу.
І топ . Сиыр ІІ топ Жылқы
Қалың құрақ нуға бітем, Бетегелі белге бітем,
Қоры үзілген қуға бітем. Найза ұстаған ерге бітем.
ІІІ топ . Түйе ІҮ топ. Қой
Жалмаң құлақты ерге бітем, Күнгейлі қара тасқа бітем, Ел ішіндегі зорға бітем. Шаруа қуған басқа бітем.
Сұрақ-жауап:
Әрқайсысың қандай жерде өсімтал болатындығы жазылған?
Өздеріңді өзара салыстыру
Көктемгі тіршіліктерің туралы не айтасыңдар?
3.Мақал-мәтелдер жарысы.
( Әр топ өздеріне сай мақал-мәтелдер айтып жарысады.Оны өздерінің мақал-мәтелдер кітабынан тауып,іздеп ,жарысады)
4.Тыйым мен ырымдарды айтып жарысады.
Малды аяқпен тебуге болмайды;
Мал байлайтын арқанды ,жіпті көгенді аттамайды;
Малға дауыс көтеріп ұрсуға,тіл тигізуге болмайды;
Жатқан малдың үстінен аттауға болмайды;
Малдың кемшілігін айтып сөйлесе,мал ауырады немесе сүт бермейді; т.б.
Практикалық жұмыс
( Дайын эскизге қағазды ұсақтау арқылы жапсырмалау)
І топ. Сиырдың суретін эскизі арқылы жапсырмалау.
ІІ топ. Жылқының суретін эскизі арқылы жапсырмалау.
ІІІ топ Түйенің суретін эскизі арқылы жапсырмалау.
ІҮ топ Қойдың суретін эскизі арқылы жапсырмалау.
Ой толғау
Қазақ дәстүрінше барлық мал тұқымы төрт түлікке бөлінеді:қой-ешкі,сиыр,жылқы,түйе. Сол төрт түліктің өз пірі (қасқоршысы ) бар.
Шопан ата-қой-ешкі қамқоршысы.
Зеңгі баба-сиыр қамқоршысы.
Қамбар ата-жылқы қамқоршысы.
Ойсыл қара-түйе қамқоршысы.
Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ешкі туралы біз сөз қозғаған жоқпыз,сондықтан ол туралы бәріңде дерек жинап келесіңдер.
Әр пірлерің жайлы тағы не білесіңдер соны жинақтау.
Бағалау