Коучинг: О?ыту ?шін ба?алауды саба?та тиімді ?олдану


Коучинг тақырыбы: Оқыту үшін бағалауды сабақта тиімді қолдану
Жалпы мақсат: Мұғалімдер оқыту үшін бағалауды сабақта тиімді қолдану әдістерімен таныса отырып, оны өз сабақтарында пайдалана білуге үйренеді.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 104-109-бет
Үлестірмелі нұсқаулық
Күтілетін нәтижесі Оқыту үшін бағалауды сабақта тиімді қолдану стратегияларымен және әдістерімен танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа көзқарастары қалыптасады;
Өз тәжірибесінде рефлексияда оқыту үшін бағалауды қолдана алады;
Жаңа әдісті тәжірибесінде пайдалана алады.
Түйінді идеялар: оқыту үшін бағалауды үйрену нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін.
Сабақта қолданылатын ресурстар: А- 4 парақтары, стикер, флипчарт, маркер, қалам,
Оқыту әдістері Тікелей назар аударуға арналған ойлау құралы
Дереккөздері: Мұғалімге арналған нұсқаулық 104-109 -беттер
Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары
Тапсырмалар: Ойлау карталары, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия
Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық.104-109-беттер
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Психологиялық ахуал туғызу Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Коучинг деген не?
(2 мин) Бейнесюжет көрсету Мұғалімдер бейнесюжетті тамашалайды.
Топқа бөлу(2 мин)
Сандар бойынша 4 топқа 4 адамнан бөлу.
Ойынның шарты: Менің қолымда сандар жазылған парақтар бар. Ал, енді сіздер сандарды таңдаңыздар. Сандар бойынша топтасыңыздар. Сабақ басындағы көңіл-күйді смайликпен белгілеу. Сандар бойынша шағын төрт топқа бөлінеді.
Кіріспе тапсырма:
Топта ойланып,ойын қорытып, жеткізе білу (10 мин)
«Дейін» стратегиясы
«Балауыз шам»
1-топ-Балалық шақ
2-топ-Менің досым
3-топ-Ұстазым
4-топ-Мен таңдаған мамандық Берілген стикерлерге өз көңіл-күйлерін смайлик арқылы белгілейді..
Әр топ мұғалімдері бөлінген тақырыптар бойынша эссе жазады
Топ бойынша оқып,таныстырылады..
Топтар бірін-бірі бармақ арқылы бағалайды.
Оқуға ынтасын арттыру, нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау,жауапкершілікті сезіну (10 мин)
Дарынды,талантты оқушының моделін жасап шығу
Топ мүшелері талқылайды, постерге жазады және қорғайды,постерлер ілінеді.Мұғалімдер жеке-жеке өздеріне ұнаған постерлерге өз аттары жазылған стикерлерді жапсырады.Өз тобының постеріне жапсыруға болмайды.Топ бірін-бірі бағалайды.
Сергіту сәті (3 мин) Сергіту сәті: « Асан-ақылды»Шеңберге тұрып, сағат тілімен «Адам есімінің бас әрпіне сәйкес сын есім қосу» Шеңберге тұрып, сағат тілінің бағытымен бір-біріне теңеу сөздерді айтады.
Ақпарат (3 мин) Оқыту үшін бағалауды сабақта тиімді қолдану тақырыбында интерактивті тақтадан көрсетілім Слайд көреді
Топтық жұмыс (5мин) А-4-ке белгілеп жазу
Әр топқа тапсырмалар беріледі Абай Құнанбаевтың И.С.Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңіндегі іс-әрекетке баға беру.
Рефлексия(3 мин ) «Кейін» стратегиясы Стикерлер таратылады Стикерге өз көңіл-күйлерін смайлик арқылы белгілеп, сабақ басында көңіл-күйін белгілеген смайликпен салыстыру
Кері байланыc (2мин) «Екі жұлдыз,бір тілек» Рефлексия жасайды