Сыныпта?ы о?ушылар ?шін саба? ?дерісін ?алай жа?сарту?а болады?коучинг жоспары



Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
Тегісшілдік ауылы №6 орта мектеп КММ
Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін
арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында
екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді
оқыту курсын аяқтаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мукишева Дана Азанбаевнаның коучинг жоспары
Тақырыбы: Сыныптағы барлық оқушылар үшін оқу үдерісін қалай жақсартуға немесе үлгермеуші оқушымен жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?
Мақсаты:
Мұғалімдердің кәсіби дамуына көмек көрсету, өзімнің теориялық және практикалық тәжірибеммен бөлісу.
Оқу нәтижесі:
Сабақ беретін сыныптарында оқу мен оқытуды жетілдіреді,оқушылардың дамуы мен қалыптасуына жағдай жасау үшін кәсіби құзыреттіліктерін арттыру қажеттілігін түсінеді.
Негізгі идеялар:
Сыныптағы оқушылардың оқуын жақсарту үшін мұғалімдерге нені оқыту керек және қалай оқыту керектігі туралы мәлімет бере отырып, бүгінгі қоғамға қажет жаңа мұғалім моделін түсіндіру.
Материалдар мен құрал-жабдықтар: Мұғалімге арналған нұсқаулық екінші (негізгі) деңгей.Флипчарт,маркер,интерактивті тақта,магниттік тақта
Өткізу барысы:
Этап Тапсырма Уақыт Коучтың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру.
Психологиялық тренинг өткізу. «Жұдырық» тренингі.Қатысу-
шылар бір- біріне қарама- қарсы отырады. 5 минут Амандасу,коучингтің тақырыбымен таныстырып,бүгінгі жұмыстарына сәттілік тілеу;
мұғалімдерді ортаға шақыру,тренинг шартымен таныстыру.
Қарама- қарсы топтың бірі жұдырықтарын жұмады, келесі топ жұмылған жұдырықты ашуға тырысулары керек.
Қорытынды: Жылы -жылы сөйлесең жылан да інінен шығады демекші, күш жұмсамай -ақ,қолыңызды аша салыңызшы деп өтінуге болады. Амандасады,ортаға шығып,тренингке қатысады.Жұмылған жұдырықтарды ашуға тырысады,күш жұмсайды.
2.Топқа бөлу, көрсетілім 3 минут Әр түрлі геометриялық фигуралық арқылы топтарға бөлу; Көрсетілім арқылы таңдаған фигуралары арқыла адам бойындағы қасиеттеріне тоқталып өту Топқа бөлінеді,топқа ат қояды, топ басшысын сайлайды. Өздері таңдаған фигуралардың мәнін түсінеді.
3.Ой қозғау № 1.Постер қорғау 6 минут Бүгінгі мәселемізді шешу үшін, ең алдымен мынадай сұрақтар төңірегінде ой қозғап көрелік:
І топ: «Оқу дегеніміз не?»
ІІ топ: «Оқыту дегеніміз не?»
ІІІ топ: «Үлгермеуші оқушыға сипаттама» Топтар ойланады,постерге түсіріп,бір спикер топ жұмысын қорғайды.
4.Бейнеролик көрсету №2 тапсырма 5 минут «Балалар эмоциясы» бейнеролигін көрсету7
Сұрақ: «Менің пәнім бойынша үлгермеуші болмау үшін не істей аламын?»
Ойларыңызды ортаға салып,жазып шықсаңыздар. Көреді,өздерінше ой түйеді,өз іс -әрекеттері туралы ойланады.Ортақ пікірге келіп, жазғандарын қорғайды.
5.Сергіту сәті «Өмірлік кеңестер» 2 минут Бейнежазба көреді. Көре отырып,өмірлеріне қажетті кеңестер алады.
6.Бейнеролик көрсету №3 тапсырма 5 минут «Менің оқығым келеді» бейнеролигін керсету арқылы оқушымен қалай жұмыс жасау керектігі туралы айтып өтемін. 7.Тренинг, топтық жұмыс №4 тапсырма.
Рөлдік ойын 5 минут «Оқушыны сабаққа қалай қызықтыруға болады?» деген сұрақ төңірегінде ойлана отырып, мұғалім- оқушы арасындағы қарым қатынас туралы рөлдік ойын көрсету Ойланады,өз ыңғайларына қарай рөлдік ойын көрсетеді.
8.Бағалау 1 минут Топтардың жұмысын «Басбармақ», «От шашу» әдістері арқылы бағалап өтейік. Бір -бірінің жұмысын бағалайды.
9.Рефлексия «Бес саусақ» әдісі 3 минут Бес саусақ салынған кері байланыс парақтары таратылады.Көрсетілім арқылы әр саусақтың міндеті таныстырылады . Оқиды,әр саусақтың міндетіне лайық жауап жазады.Топтың бір мүшесі жазғанымен таныстырып өтеді.
Дереккөздер: МАН ІІ деңгей ,интернет материалдары, тренингтер өткізуге арналған кітапша, бейнежазбалар