План методического совета на тему Абай болмаса, Ш?к?рім болар ма еді?…


Исжанова Княз Мусулумовна
әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіМерзімі
Уақыты 16.03.2015 жыл
60 минут
Коучингтің тақырыбы Абай болмаса, Шәкәрім болар ма еді?
Мақсаты Топтық жұмыс арқылы мектептегі тәлімгерлік үдерісін жүргізу әдістері мен формалары туралы түсінік беру; СТО стратегияларын қолдану арқылы тәжірибе алмасып, пікір алысу; Өз ойларын бөлісе отырып білімдерін жетілдіру.
Нәтиже Топтық жұмыс арқылы мектептегі тәлімгерлік үдерісін жүргізу әдістері мен формалары туралы түсінік беріледі; СТО стратегияларын қолдану арқылы тәжірибе алмасып, пікір алысады; Өз ойларын бөлісе отырып білімдерін жетілдіреді.
Түйінді идеялар Топтық жұмыс әдістемесі, формативті бағалау, «Екі жұлдызша, бір тілек», сын тұрғысынан ойлау, өз ойларын айту, АКТ, диалогтық оқыту, тәлімгерлік үдерісі
Ресурстар Таныстырылым, флипчарт, маркерлер, тақта, проектор, компьютер, А4 форматындағы парақтар, түрлі – түсті стикерлер
Сілтеме Нұсқаулық ІІ деңгей, ғаламтор желісіндегі материалдар
Ұйымдастыру: «Австралия жаңбыры» «Австралия жаңбыры» жаттығуы арқылы ұйымдастыру кезеңі жүргізіледі
Топқа бөлу: жолақшалардағы топ атауы арқылы бөлу «Тәлімгер», «Абай», «Шәкәрім», «Жас ұстаз» топтарына бөлу; әр топ өз тобы туралы қысқаша таныстыру
Топтағы рөлдерге бөлу
Көшбасшы, хатшы, таймкипер, баяндамашы, сарапшы
Ой тастау: Абай болмаса, Шәкәрім болар ма еді? Сұрақ бойынша әр топ тақырып не жайында болу керек екендігі жайлы түсініктерін айтады.
Коучингке қатысушыларға флипчарттар мен ноутбуктар таратылып, сілтеме беріледі, берілген ресурстар мен ғаламтор желісі арқылы материалдар іздеп, қорғауға дайындалады (20 минут).
Топты аралап кеңес беру, топ жұмысын бақылау, қолдау көрсету.
Әр топ өз жұмысын қорғау
Кері байланыс: «Екі жұлдызша, бір тілек» Әр топ қорғап болған соң, басқа топтар «Екі жұлдызша, бір тілек» стратегиясы бойынша бағалайды.
(Бағалау критерийлері: топта колаборативті ортаның орнауы; белсенділік; тапқырлық; сұрақтарға нақты жауаптың болуы)
Қорғау тақырыбы бойынша презентация арқылы тұжырымдау Таныстырылым кезінде әр топ мүшесі коучпен диалогке түседі.
Қорытынды «Адасқан әріптер» ойыны Түрлі әріптер арқылы бүгінгі коучинг мазмұнына байланысты сөздерді құрастыру
Коучингке кері байланыс 1. Тапсырманы орындау кезінде Сіз не үйрендіңіз?
2. Тапсырманы орындау кезінде Сізге қандай қиындықтармен бетпе-бет келуге тура келді және сіз оны қалай жеңдіңіз?
«Үміт ағашы» арқылы кері байланыс Топ мүшелері коучингтен алған әсерлерін бөліседі.