Саба?ты? та?ырыбы: Ол а?ын болар ма еді? Коммунар Табей


Сабақтың тақырыбы: Ол ақын болар ма еді? Коммунар Табей
Сабақтың мақсаты:
1.Тәуелсіздік жолында мерт болған желтоқсанға қатысушы Қайрат Рысқұлбеков өмірімен таныстыру, түсініп оқып, жүйелеп айтуға үйрету;
2.Есте сақтау, жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап айта білуге дағдыландыру;
3. Елін,Отанын сүюге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру : сабаққа дайындық. Алақан» жаттығуы.
-Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Рейхстаг деген не?
- Рақымжан командирінен қандай тапсырма алды?
- Ту тігу үшін командир Рақымжанды неге таңдады деп ойлайсың?
-Командирдің тапсырмасы қалай орындалды?
-Қашан ту тігілді? 30 сәуірдің кеші, 6 сағат 30 минут, 1945
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
- Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі саған қалай әсер етті?
- Ұлы отан соғысының тағы қандай батырларын білесің? Ата.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық . Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні деп қай күн жарияланды?
Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу.
-Мәтінде кім туралы әңгімелейді?
-Ел басынан қандай кезең өтті?
- Бұл қашан болған?
-Неге автор Қайратты тірі қалса ақын болар ма еді деп ойлайды?
-Оның шығарған өлеңін, айтқан өсиетін тауып оқы.
ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау:Қайраттың әке-шешесінің есімдерін ата.(әкесі- Ноғайбай, шешесі-Дәметкен)
ҮІІ: Үйге тапсырма: мазмұнын айту, «Ер есімі-ел есінде» деген тақырыпқа әңгіме жазып кел.
ҮІІІ. Бағалау.