Ана тілі п?нінен К.Табей “Ол а?ын болар ма еді ” та?ырыбы (3-сынып)


Сабақтың тақырыбы: К.Табей “Ол ақын болар ма еді ”
Сабақ мақсаты: Жас ұрпақты елінің тарихын білуге талпындыру ,халық батырларын құрметтеуге үйрету , адамгершілік ,патриоттық сезімдерін арттыру арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Еріктілікті дамыта отырып ,патриоттық адамгершілік сезімдерін бойына сіңірген шығармашылық қабілетті мүмкіндігінше дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың тәсілі: Түсіндірме ,сұрақ –жауап ,ой-қозғау ,тест ,оқулықпен жұмыс ,поэзия минуты ,топтастыру.
Көрнекіліктері: Кесте ,суреттер ,үлестірме материалдар.
Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Оқушылар бүгін біз “ Өткен өмір” тарауын қайталау арқылы халқымыздың басынан кешкен қиын өмірлерін еске түсіреміз.
Болмаса да оқыған тарихшы атым
Жинадым ескілерден тарих хатынz
Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса
Айтылған аталардың аманатын
Міне оқушылар сіздер де өз тарихыңызды білуге тиіссіздер.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ елі – өнерлі өсиетті
Египетте билеген Бибарыстың
Елі текті ,киелі ,қасиетті
Кәне оқушылар бәріміз көзімізді жұмып ата – бабаларымыздың басынан кешкен қилы – қилы оқиғаларын бір сәт көз алдымызға елестетейік.(“Елім –ай”әні жай жүріп жатады )
1723 жыл. Ел жайлауға көшіп ,қаннен-қаперсіз күн көріп жатқан елімізге жоңғар тұтқиылдан шабуыл жасады. Қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып ақ табан шұбырынды болды. Жұрт Алакөлге аялдап қасиетті Қаратауға бас сауғалады. Ердің ерлігін сынайтын күн туды. “Елім-ай”әні сол кезде дүниеге келді.
1916 жыл. Қазақ ұлт азаттық көтерілісті бастан кешті. Талай боздақтарымыз жазықсыз жазаланды. А.Иманов ,Т.Бокин ,Бекболат Әшекеевтер ел бостандығы үшін атқа қонды.
1933-37 жылдар. Қазақ халқы адам айтса нанғысыз ашаршылықты бастан кешірді.ұрпағын сақтап қалу үшін ана баласын арқалап қиын кезеңді бастан кешірді.
1941-45 жылдар. Қазақ халқы адамзат тарихында болмаған алапат соғысын да көрді. Ана жесір ,бала жетім қалды.
Енді балалар көздеріңді ашып тақтаға көз жүгіртейік. Менің айтқан халқымыздың басынан кешкен оқиғалары кезеңге бөлініп көз алдарыңызда тұр. Әр кезеңнің батырларын атайық(Сурет бойынша оқушылар жауап береді).
Енді осы кезеңдер бойынша , өткен тарау бойынша дайындалған алдарыңызда тест сұрақтары бар соларға жауап берейік(Тестіні шолып тексеру).
1986 жыл. Желтоқсанның ызғарлы күні Тәуелсіздік үшін аланға шыққан тағы да қазақ жастары. Қазақ халқы тағы бір ауыр күнді бастан кешірді. Ол биыл өткеніне 28 жыл толғалы отырған желтоқсан оқиғасы еді.
Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың
Шарпысқан сәті үміт пен күдік наланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пен Сабира
Құрбаны болған жаланың
Желтоқсан – майдан жанжалы дем көшенің
Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара
Бүгін менен кешенің
Бүгін біз елінің тәуелсіздігін аңсап, дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастарымыздың ерен ерлігімен танысамыз.Ол Коммунар Табейдің “ Ол ақын болар ма еді ” мәтінімен танысамыз.
Балалар дәптерімізді ашып күннің жадын жазамыз.
Коммунар Табей – желтоқсан оқиғасын көзімен көрген бірден – бір журналист. Ол оқиғаның басы қасына болып, сот процесіне де қатысқан.
Мәтінмен танысамыз.

Түсіндіру
1 . Іштей оқу
2 . Тізбектей оқу.
Ал балалар оқып болдық па? Мен сұрақ берем, соны мәтіннен тауып бересіздер.
а) Қайраттың өз шығармасы келтірілген үзіндіні тауып оқы.
ә) Қайраттың күнделігіне жазған сөздерін тауып оқы.
б) Әңгімеде Қайраттан басқа тағы қандай “Желтоқсан құрбандарының” аттары аталған? (тауып оқы)
в) Қайраттың әке – шешесінің есімдерін ата.
Дәптермен жұмыс.
Пешене – жазмыш, тағдыр
Енді оқушылар желтоқсан батырларын жазайық. (Топтастырып жазу бойынша плакатка жазу)

Поэзия минуты
Енді оқушылар қайсар рухты Қайраттың түрмеде отырып жазған өлеңдеріне кезек берейік. ( 5 оқушы өлең оқиды)
“ Желтоқсан желі ” өлеңін хормен айту.
Оқушыларды бағалау
Не үйрендік, не білдік? Сонымен біз бүгін “ өткен өмір ” тарауында кімдермен таныстық. Желтоқсан оқиғасы қашан болды? Олар не үшін шықты?
Балалар біз осындай қиыншылықты бастан кешіре отырып, біздің батыр халқымыз өз тәуелсіздігіне қол жеткізді.
- Біз, ендеше, қандай халықпыз?
- Батыр.
-Мен қазақпын деп мақтана аламыз ба?
- Аламыз.
Қорытынды.
Аман қалған шабуылдан жүздеген
Батыр халық екнбіз ғой біз – деген
Аямаған жұрттан нанын тұзбенен
Жомарт халық екенбіз ғой біз – деген
Айтысатын ақсақалмен қызбенен
Ақын халық екенбіз ғой біз – деген
Болашақтан бірде күндер үзбеген
Жарқын халық екенбіз ғой біз деген
Соңы .

Үйге тапсырма :
“ Ер есімі ел есінде ” әңгіме жазу.
Маңғыбаева Салима
Ақтау қаласы. №28 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі