?дебиеттік о?у Ол а?ын болар ма еді 3 сынып


Бекітемін:
14.12.2016ж
Сыныбы: 3 «В»
Иманмадиева Ж.
Сабақтың тақырыбы: Ол ақын болар ма еді?
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Осы тарау тақырыптарын жалғастыра оқыту арқылы батырлар және тарихи тұлғалар ерлігі жайында кеңейтілген түсінік беру.Жазушы Коммунар Табейдің суреттеуі арқылы, әңгіме барысындағы әке-шешесінің еске алуы арқылы Қайраттың бейнесін, оның ерлігін оқушылардың танып-білуіне жағдай жасау.
2. Дамытушылығы: Халқымыздың тарихынан тағылым бере отырып, баланың бойындағы патриоттық сезімінің оянуына,Отанды қорғау,сүю сезімдерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу.
3.Тәрбиелілігі: Оқушының тіл байлығын арттыру,байланыстыра сөйлеуге дағдыландыра отырып, өз ойларын жазбаша немесе сурет арқылы сипаттауға нұсқау беру.
Көрнекілігі:Қ.Рысқұлбековтің портреті,интербелсенді тақта, слайдтар, бейнебаян
Сабақтың әдісі: талдау- жинақтау, сұрақ – жауап көрнекілік, баяндау, сөзжұмбақ,
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Оқушы назарын сабаққа аудару.
-Балалар,мен бүгін сендермен тағы да кездескеніме қуаныштымын. Біздің бүгінгі кездесуіміз ерекше жағдайда өткелі тұр. Арамызда қонақтар бар.
Психологиялық дайындық(Релаксация түрінде үнтаспадан А. Еңсеповтің күйі орындалады)- Қане балалар, көзімізді жұмайық!- Өзіңді көк аспанның төрінде самғап ұшып келе жатқан қыран құстың бейнесінде елестет. Сен көк аспанды жарып ұшқан, желіне де дауылына қарамайтын қырансың. Қане көзіңе елестет! Анау тұрған биік тауды көрдің бе? Оның ар жағында өз алдына дербес, еркін де тәуелсіз ел бар. 
2.Топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.-Ту тіккен Рақымжан
Мазмұнын әңгімелеу-Кәкімжан Қазыбаев кім?-Рақымжан Қошқарбаев кім?
ІІІ.Қызығушылықты ояту
1.Ой қозғау
Сөзжұмбақ шешу.
Азаттық жолында әңгімесі кім туралы? ТоҚаш
Б.Майлиннің қандай әңгімесін оқыдыңдар ? КүлпАш
Алмас қылышты ардагер кім ? БөгенбаЙ
Рейхстагқа ту тіккен кім ? Рақымжан
Алғаш қазақ жасағын құрған кім ? ҚабанбАй
Жәңгір ханның әскеріне қарсы күрескен батыр, ақын ? МахамбеТ
-Балалар,қызыл қоршаудан қандай сөз шықты?
-Қайрат.
ІҮ.Жаңа сабақ
1.Бейнетаспа
2.Желтоқсан оқиғасы
Өздерің желтоқсан оқиғасы туралы білесіңдер ме?- 16 желтоқсан 1986 жыл(Тақтадан желтоқсан оқиғасына арналған слайд, үнтаспадан «Желтоқсан желі» әні)Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.Желтоқсан айы... Желтоқсан мен қараша сол бір, екі ай. Кешегі дүркіреп өткен 1986 жылдың желтоқсанында қазақ халқы ұлтаннан сұлтан болып, тар жол, тайғақ кешуден өтті.16 желтоқсан Қазақстан тарихында өзінің жаңғырығымен өшпес із қалдырған небәрі 18 минутқа созылған Республика Орталық пленумда Республикамызды басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Колбин сайланды.17 желтоқсан Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп шеруге шықты. Олар «Тәуелсіздік керек. Қазақ елінің көсемі сайлансын!» - деген тілек білдірді. Ұлт намысын қорғап алаңға шыққан жастардың арасында Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхамеджанова болды. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайраты Рысқұлбеков те бар еді.- Ендеше бүгінгі сабағымызды желтоқсан құрбаны болған Қ. Рысқұлбеков ағамыз туралы жазған К. Табейдің Ол ақын болар ма еді?….. мәтінімен танысамыз.
3..Автор жөнінде мағлұмат беру.
Коммунар Табей – желтоқсан оқиғасын көзімен көрген бірден – бір журналист. Ол оқиғаның басы қасында болып, сот процесіне де қатысқан.
Коммунар Табей 1956ж 5 мамырда Семей обл Аягөз ауданы Шолпан кеңшарында дүниеге келген. Заңгер мамандығын бітірген.Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 — наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келген. Қайрат 1973 — 1981 жылдары Шу ауданындағы Төле би ауылына орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп — интернатта оқып сегіз жылдық білім алды. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, кластан класқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектептің бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның бас тізгіні қайдағы біреуге тапсырылуына бейбіт наразылық білдірген жастар мен студенттерге қосылып, Орталық алаңға шығып, шеруге қатысты.
4.Кітаппен жұмыс.Мұғалімнің оқуыОқушылар іштей оқиды5.Сөздік жұмыс:
Пешене – жазмыш, тағдырОн екіде бір гүлі ашылмаған – жас
6.Топпен жұмыс
Мәтіннен тауып оқу
а) Қайраттың өз шығармасы келтірілген үзіндіні тауып оқы.
ә) Қайраттың күнделігіне жазған сөздерін тауып оқы.
б) Әкесі Ноғайбай мен анасы Дәметкеннің сөздерін тауып оқы
7.Түртіп алу
Қайраттың әке – шешесінің есімдерін ата.
Желтоқсан құрбандарын жазып алу
8.Топтастыру
Енді оқушылар желтоқсан батырларын жазайық.
(Топтастырып жазу бойынша плакатка жазу)
Ү.Оқушыларды бағалау
Не үйрендік, не білдік? Сонымен біз бүгін “ өткен өмір ” тарауында кімдермен таныстық. Желтоқсан оқиғасы қашан болды? Олар не үшін шықты?
Балалар біз осындай қиыншылықты бастан кешіре отырып, біздің батыр халқымыз өз тәуелсіздігіне қол жеткізді.
- Біз, ендеше, қандай халықпыз?
- Батыр.
-Мен қазақпын деп мақтана аламыз ба?
- Аламыз.
ҮІ.Қорытынды.
Аман қалған шабуылдан жүздеген
Батыр халық екенбіз ғой біз – деген
Аямаған жұрттан нанын тұзбенен
Жомарт халық екенбіз ғой біз – деген
Айтысатын ақсақалмен қызбенен
Ақын халық екенбіз ғой біз – деген
Болашақтан бірде күндер үзбеген
Жарқын халық екенбіз ғой біз деген
ҮІІ.Кері байланыс
ҮІІІ.Үйге тапсырма :
Мәтінді оқу
“ Ер есімі ел есінде ” әңгіме жазу.