О?ушыларыны? жазу машы?ын ?алыптастыру ма?сатында ж?ргізілген Lesson Study жазбалары


№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебінің 3 «В» сынып
оқушыларының жазу машығын қалыптастыру мақсатында
жүргізілген Lesson Study жазбалары
Өзім жетекшілік жасайтын 3«В» сынып оқушыларының жазу машығы дұрыс жолға қойылмаған. Оқушылар көркем жазу сабағында әріптердің жазылу емлесін толық танысқанымен, қазақ тілі пәні бойынша әр сабақта 4-5 жаттығу орындау барысында уақытылы үлгеру үшін асығыс жазғандықтан, жазу үлгісін ескере алмай қалады.
Жазу коллеграфиясы нашарлап бара жатқан соң, бірнеше тәсілдер қолданып көрдім.
Жаттығуларды орындау барысында үнемі әріптерді дұрыс, әдемі жазуды ауызша ескертіп отырдым. Қосымша сабақтар да жүргіздім.
Бұл жұмыстар оқушылардың жазу машығын қалыпты жағдайға келуіне оншалықты көмегі тимеді.
Осыдан кейін, Lesson Study «Проблеманы зерттеу әдісі» бойынша жұмыстар жүргізуді қолға алдым.
Бұл үшін оқушыларды 5-6-дан топқа бөліп отырғыздым. Топтық жұмыс бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Төрт топқа бөлінген оқушыларға плакатқа жазылған бір мағына беретін бірдей екі сөйлемдерді іліп, оқытып, жазылу ерекшеліктеріне тоқталдым. Оқушылар тақтадағы сөйлемнің жазу ажары сақталып және сақталмай жазылған бірдей екі сөйлемді оқи отырып, ерекшеліктеріне тоқталды. Оқушылар кезекпен өздерінің пікірлерін айтты:
оқушы: Бірінші сөйлемде әріптер әдемі, ұқыпты жазылған.
Екінші сөйлемде ұқыпсыз, жазу ерекшеліктерін сақтамай жазған.
2-оқушы: Бірінші сөйлемде сөз құрамындағы әріптер бір-бірімен дұрыс
байланысқан.
Екінші сөйлемдегі сөз құрамындағы әріптер бірі-бірімен дұрыс
байланыспаған.
3-оқушы: Бірінші сөйлемде сөздерді дәптер сызығының ішінен толық,
әдемі етіп жазған.
Екінші сөйлемдегі сөздер, әріптер дәптер сызығының ішіне толық
жазылмаған.
4-оқушы: Бірінші сөйлемде сөз құрамындағы әріптер бірқалыпты бірдей
етіп жазылған.
Екінші сөйлемдегі сөз құрамындағы әріптер бірқалыпты емес, әртүрлі.
Енді оқушылардан қай үлгі дұрыс екендігін сұрадым. Оқушылар бірінші
жазу үлгідегі жазылған сөйлем дұрыс жазылғандығын айтты. Осыдан
соң осы үлгіні негізге ала отырып, жазу ажарын дұрыс қалыптастыруға
жүргізілетін критерийлерді оқушылардың өздері сарамандап айтып
шықты.
Жазу машығын қалыптастыруға ұстанатын критерийлер:
Әр әріпті дұрыс, әдемі жазу;
Сөз құрамындағы әріптерді бір-бірімен дұрыс байлыныстыру;
Сөздерді дәптер сызығының ішіне дұрыс, әдемі етіп жазу;
Сөз құрамындағы әріптерді бірқалыпты, бірдей етіп жазу;
Сөз, сөйлемдерді ұқыпты, таза, әдемі етіп жазу.
Бұл критерийлер бүкіл сабақ бойына ескеріліп, ұстануы үшін әр топтан
бір оқушыны топ бағалаушысы етіп тағайындадық. «Топ бағалаушысы
әр сабақта өзгертіліп отырады».
Жаттығулар орындау барысында «Топ бағалаушысы» жоғарыда
келтірілген критерийлерді негізге ала отырып, оқушылардың жазу
жұмыстарына баға беріп отырады.
Сабақ соңында оқушылардың жазба жұмыстарын бақылап отырған «Топ
бағалаушыларына» сөз беріліп, әр топтағы оқушылардың жазған
жазуларына баға қойды.
Алғашқы сабақтағы «Зерттеу жұмысы» бойынша, оқушылардың жазу
ерекшеліктерін үш деңгейге бөлдім.
І деңгей (А) – жақсы
ІІ деңгей (В) – орташа
ІІІ деңгей (С) – нашар
Сынып оқушыларының жазу ажары бойынша бөлінген бұл деңгейлер
алғашқы кезде төмендегідей көрсеткішті көрсетті.

Ата-аналарға да бұл критерийлер таныстырылды. Күнделікті үй
жұмысын орындауда қадағалау тапсырылды.
Әр сабақ бойында оқушылар жұмыстарын осы критерий бойынша
жүргізді.
Бұл зерттеуді келесі сабақта қазақ тілі пәні бойынша тағы қолдандым.
Тақтаға тапсырма орындауға екі оқушы Рита мен Мейіржанды
шығардым. Екеуіне сөйлем жаздырдым. Сөйлемдерді жазып болған соң,
Рита мен Мейіржанның жазу ажарына тоқталдық.
Оқушылар Рита мен Мейіржанның жазған сөйлемдерінің жазу ажарын
салыстыра келе, критерий бойынша талдау жасады.
Екі оқушының жазу ажарын талдап, қорытындылай келе, оқушыларға
өздері жақсы көретін адамға жақсы тілек жазудыы тапсырдым.
Оқушылардың жазған тілек сөздерін көріп тексергенде, біршама
оқушылардың көркем жазғандарын байқадым.
Оқушылардың бұл жұмыстарын мадақтап, әлі де көркем жазу үшін
қалай жазу керектігін сұрадым. Өздерінің жазған тілек сөздеріне қарай
отырып, оқушылар әлде де, ескеріп отыратын критерийлерді атап
шықты:
Әріптерді дұрыс, әдемі етіп жазу;
Сөздерді, әріптерді дәптер сызығының ішіне толық жазу. Дәптер сызығынан шықпай жазу.
Жіберілген қателерді сызып, боямай, жоғары жағына жазу.
Таза, ұқыпты, жылдам жазуға дағдылану.
Осы критерийлерді ескере отырып, жаттығулар орындауға кірісеміз. Әр
топқа тағы да бір оқушыдан «Топ бағалаушысын» сайлап аламыз.
Жаттығу орындау барысында «Топ бағалаушылары» жазу ажарына
тиісті бағаларын қойып отырады.
Сабақ соңында «Топ бағалаушысы» оқушылардың жазу ажарына
қойылған бағаларын талдап, жіктеп түсіндіре отырып, қойылған
бағаларын айтады.
Екінші сабақтан соң оқушылардың жазу ажарын тағы үш деңгейге
бөлгенде мынадай көрсеткіш көрсетті.

Бұл әдістің жазу ажарына әсерін дұрыс екендігіне көз жеткізген соң, осы
тәсілмен оқушыларды қызықтыратындай, ойын тәсілдерін кірістіре
отырып, тағы екі-үш рет өттім.
Оқушыларға да бұл тәсіл ұнады. Алғашқы кездегіге қарағанда оқушылар
жазу емлесін ұқыпты сақтауға тырысты.
Соңғы мәліметтерді жинақтадым да, оқушылардың жазу ажары мынадай
көрсеткіштерді көрсетті.

Бұл әдісті қолдана отырып сабақ жүргізудің тиімділігі:
Оқушылар топқа бөліне отырып, аз, шағын мүшелермен жұмыс атқарады (5-6 оқушыдан);
Топтасып, бірін-бірі бақылай отырып, бірін-бірі назарда ала отырып жұмыс жасайды;
Оқушы өзінің жұмысын жан-жағындағылармен салыстырып, өз деңгейін біліп отырады;
Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйренеді;
Топ мүшелері бір-біріне достық көмек көрсете отырып, нәтижеге жетуге ұмтылады;
Оқушы өзін-өзі бағалайды;
Бірін-бірі бағалайды;
Ата-ана бағалайды.
Бұл тәсілді қазақ тілінен басқа да пәндерге толық енгізуге болады.
3«В» сынып жетекшісі: Айтбаева Рабиға