«Lesson Study-ді? т?жірибені жа?сарту мен жетілдірудегі тиімділігі»


«Lesson Study-дің тәжірибені жақсарту мен жетілдірудегі тиімділігі»
Коучинг-сессия жоспары

Апта -ХІV Күні: ж. Сабақ №
№ Сабақтың тізбегі Оқу үдерісін бағалау
1 Мақсаты Қатысушыларға Lesson Study-дің пайда болуы, таралу аймағы, тәжірибені жақсарту мен жетілдірудегі маңызы туралы тиянақты түсінік беру. Бұл әдістің тиімділігін түсіндіріп, қолданысқа енгізуге алғашқы қадам жасау.
2 Күтілетін нәтиже Қатысушы мұғалімдер Lesson Studyдің шығу көзі, оның таралу аймағы, мақсаты, өткізу ерекшелігі, тәжірибені жақсарту мен жетілдірудегі маңызы туралы ақпарат алады.
3 Түйінді идеялар Lesson Study -тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы
4 Материалдар мен ресурстар Нұсқаулықтар мен үлестірмелі материалдар, компьютер, проектор, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер, бейнежазбалар, бағалауға арналған бағдаршам
Коучинг-сессияның барысы
Коучинг-сессия кезеңдері Уақыты Коучинг-сессияны өткізушінің іс - әрекеттері Қатысушылардың іс - әрекеттері
Сәлемдесу 7 мин Қатысушыларға коучинг-сессияға қатысуға ынта білдіргендері үшін алғысын айтады. «Мандарин» бейнеролигін көрсету арқылы жағымды ахуал орнату
Тәлімгер коучинг сессияға қатысушыларды тақырып және мақсатымен таныстырады Қатысушылар коучермен сәлемдеседі
Топқа бөлу
«Мозайка» әдісі 3 мин Қатысушыларды «Мозайка» әдісі бойынша топқа бөледі. Қатысушылар сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінеді
Миға шабуыл 5 мин «Көрген түсті оқыңыз»
Экранда көрсетілген түстерді оқу ұсынылады. Топ мүшелері экранда көрсетілген түстерді дауыстап оқиды
Таныстырылым 10 мин Коучер Lesson Study-дің шығу тарихы туралы таныстырылым жасайды Бейнежазба 3 мин «Lesson Study-дің тиімділігі»
Топ мүшелері бейнежазбаны тамашалап, ой түйіндейді
«Басбармақ» әдісі 2 мин «Басбармақ» әдісі арқылы коучинг- сессияда берілген білімді қалай түсінгендерін көрсету тапсырылады. Басбармақ арқылы өзінің қаншалықты түсінгенін көрсетеді
Топпен жұмыс (Постер қорғау) 20 мин Топтарға МАН-нан талдауға мәтін беріледі. (46-47- бет). Коуч қатысушылары алдымен берілген тапсырмалар бойынша жеке, жұпта, топта серіктестік орта құра отырып сыни тұрғыдан ойлай келе талқылап, зерттеушілікпен айналысу барысында, мәтінді топпен талдап, постермен қорғау ұсынылады
І топ: Lesson Study тәсілін іске асыру барысы
ІІ топ: Жұмыс құралдары. Тәлімгерлік циклі Топ мүшелері мәтінмен танысып болған соң, ойларын жинақтап постерге түсіреді.
«Бағдаршам» арқылы бағалау 2 мин Қатысушыларға коучинг материалын қалай түсінгендерін «Бағдаршам» арқылы көрсету тапсырылады Қатысушылар коучинг материалын өте жақсы түсінсе, жасыл, әлі де біршама сұрағы бар болса, сары, түсінбеген сұрақтары басым болса, қызыл түсті көрсетеді
Сергіту сәті 3 мин Топ туралы мультикті тамашалауға ұсынады Топпен жұмыс 20 мин Кешкі көйлек үлгісін жасауды ұсынады Топ мүшелері түрлі-түсті қағаздарды пайдалана отырып, кешкі көйлек үлгісін жасайды.
Өзара бағалау 5 мин «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып топтың ең жақсы жетістігі және кемшілігіне ұсыныс айту. Қатысушылар бір -бірінің жұмыстарын тыңдап, бағалайды.
«Бағалау ағашы»
Жеке жұмыс 5 мин «Бағалау ағашы» арқылы өздерінің бағдарлама материалдары жөнінде білім деңгейлерін анықтау Қатысушылар «Бағалау ағашындағы» өз орнын белгілейді (өзін-өзі бағалау)
Рефлексия 5 мин Топ мүшелеріне рефлексия жасау үшін стикерлер тапсырылады Стикерлер арқылы әріптестерден кері байланыс алу Топ мүшелері рефлексия жазады
Барлығы: 90 мин