Рефлективтік есеп Lesson Study бойынша пікірім.


Lesson Study әдістерін қолдану әдіспен өткізген сабағым бойынша пікірім.
Акмола облысы Бурабай  ауданы Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 4 К сыныбында «Сөйлем мүшелері» тақырыбына, қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткіздім. Алдыма қойған мақсатым: Сөйлем мүшелері не біледі? Сөйлем мүшелері туралы ұғымды қалыптастыру, оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, адамдармен қарым - қатынаста қолдана алу.
Өз сабағымды балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатпен
мультфильм көрсетуден бастадым. Мультфильмге қатысты сөйлем құрастырып, флипчартқа түсіріп, сөйлем мүшелеріне талдады да, қорғады.
Көркем жазу минуты жүргізілді. Мақсаты коллиграфиялық нормаларды сақтау. Ребус шешті. Топпен жұмыс жүргізілді. тапсырмасы топтастыру, яғни сөйлем мүшелерін топтастырды. 3 топ жаттығулар орындады. Сергіту сәтін жүргіздім. «Қызыл өрік» биі, слайдпен.Семантикалық картаны толтырды. Нәтижесінде ережені естерінде сақтады. Шығармашылық тапсырма орындады. Дәптермен жұмыс орындады. Дарынды баламен жұмыс жүргізілді. Барлық балалар жақсы жұмыс істеді. Бір бірін жұппен бағалады. Рефлексия жүргізілді.
Нәтижесінде: Мақсатыма жеттім. Балалар сабақта белсенді жұмыс істеді.
Келешекте түзетуге тиіс іс әрекеттер: уақытты үнемдеуге үйрету, мәтінді толық қамтуға үйрету. Сабағым өзіме және әріптестеріме ұнады. Балалар топпен жұмыс істеуге үйреніп қалды. Бағаны да әділ қойды. Өз ойын еркін айтуға үйренді. Сабағымда жеті модуль түгел қамтылды.
Әріптестеріме сәттілік тілеймін!
Бастауыш сынып мұғалімі: Абишева Г.Б