«Саба?та о?ушыларды? о?у-танымды? ?ызметін ?йымдастыру» та?ырыбы бойынша ?ыс?а мерзімді коучингты? рефлексиялы? есебі


«Сабақта оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі
1-бөлім: Тақырыпты негіздеу
Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табыду, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды ( МАН 43 бет, 2 деңгей)
Сондықтан да коучинг өткізу барысында деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен мектепішілік қоғамдастық отырысында пікірлесіп, коучингтің тақырыбын анықтадық. Іс-әрекет тобындағы мұғалімдермен пікірлесіп,
«Сабақта оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру» тақырыбына шықтық.
Бұл тақырып біз үшін маңызды, себебі Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салада бірдей аударуға ынталандыру және сабақ жоспарын құруда білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлеріне тоқталу міндет.
Мектеп тұрғысынан қарағанда, бұл тақырыптың маңыздысы: сын тұрғысынан ойлау оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау дағдыларына мүмкіндік береді, сабақта ынтамақтастық орнатылады.
Коучинг сабағымызға қазақ тілі мұғалімдері және қазақ бастауыш сыныбынан қатысқан 13 мұғалім.
2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау
Коучингке «Сабақта оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру» тақырыбын алған себебіміз, топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.
Осы себепті назарға ала отырып, коучинг сабағына қойған мақсатымыз - қатысушыларды БЛУМ таксономиясы әдісімен таныстыра отырып, сыни тұрғысынан ойлау арқылы қарым-қатынасын реттеу, топтық жұмыстарда көшбасшылық қызметін  жан-жақты талдау арқылы көз алдарына елестету.
Күтілетін нәтижеміз: БЛУМ таксономиясы әдісі туралы оқып үйренеді.
Бірлесе, ынтымақтастықта орындаған жұмыстарымен таныстырады.
Коуч - коучингке келген қатысушылармен амандасып, топтарды ұйымдастыруда психологиялық ахуалды «Құрт» жаттығуынан бастадым. Қатысушылар бірінің артынан бірі, бір қатарға тұрады, араларында ауа шары, бұл-құрт. Құрт қалай ұйықтайтынын, жылжитынын, керілетінін, жуынатынын көрсетуі керек болды.

Нәтижесінде: коучинг қатысушылары көңіл-күйлерін көтерді.
Топқа бөлуде қиылған сөздерден екі жолды сөйлем құрастыру арқылы 2 топқа бөліндік.
Нәтижесінде: мынадай екі жолды өлең шығу керек болды, бірақ екінші топ соңғы жолында «жинау жолы» тіркесін үстіне жазған. Сонымен бірге өлеңнің мағынасы дұрыс шықты.
Ойлану, оқу жолы- бұл ең парасатты жол,
Еліктеу, ұқсау жолы- бұл ең  оңай жол.
Басың тасқа тиіп, тағдырдан  сабақ  алу,
Тәжірибе жинау жолы- бұл ең ащы жол.

Коучингтің басын бастау үшін «Миға шабуыл» әдісін пайдаланып, «Менің атым Қожа» фильмін еске түсіру үшін  мұғалімдерге үзінді көрсетіледі, 3 сұрақ құруға тапсырма берілді. Мұғалімдер топтасып,фильм оқиғасын еске түсіргеннен кейін, постердің бірінші бөлігіне фильм оқиғасына сәйкес  сұрақтарын жазды.

Нәтижесінде: әр топ өздерінің сұрақтарын оқып берді. Коуч: Сұрақ ауыр әлде жеңіл ме? Балаларға осы сұрақтар ойлануға мүмкіндік бере ме? деген сұрақ қойылды.
Коучингтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырдым. Теориялық  кезеңге шығу үшін, «Блум таксономиясы» стратегиясымен таныстырдым және осы стратегия бойынша жұмыс ұйымдастыруға берілді. Мұғалімдерге таныстырылым көрсетілді және Блум таксономиясына негіздеп  сұрақ құрастыру үшін қажетті етістіктер ұсынылды. Көрсетілім бойынша фильм оқиғасы бойынша Блумның ойлау деңгейлеріне сәйкес сұрақтар шығаруларын сұрадым. Өз құрастырған сұрақтарымен салыстыру. Сұрақтардың сәтті шыққан, сәтсіз шыққан жерлерін топпен талдауға және себебін анықтауға берілді. Қандай қиындықтар туындады? Деген сұрақ қойылды.
Нәтижесінде: өздері дайындаған сұрақтардың сәтті,сәтсіз шыққанын бағалау үшін үш түспен бояу тапсырылды. Блум таксономиясына сәйкес, аталған барлық деңгейлер сын тұрғысынан ойлау үшін қажет деп қаралады. Білімді сын тұрғысынан қолдану, талдау, жинақтау  және бағалау алдында оны жинап, ұғынып алу керек. Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.

Келесі тапсырмада түрлі түсті кеспе қағаздар берілді. Мақсаты:үйлестіріп бір нәрсе жасап шығару.   Қалай жасағандарын түсіндіріп беру. Оған ат беру. Болашақта оны қайда пайдалануға болатындығын түсіндіру болды.

3бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау
Коучингті қорыту үшін «Сауалнама» жүргіздім.
1.Блум бойынша сұрақ құрастыру тапсырмасын бергенде қиындық  болды ма? Не себепті деп ойлайсыз? дегенде, қиындық болған жоқ, өйткені Блум Таксономиясын қайталап өттік; ойлануға уақыт керек.
2.Бүгінгі тапсырма сізге ойлануға мүмкіндік туғызды ма? дегенде, иә, өйткені пробемалық сұрақтарды құрастырдық; ойлануға көп мүмкіндік берді.
3.Жұмыс барысында араларыңызда керағар пікірлер болды ма,егер болса, оны қалыпты мәселе  деп ойлайсыз ба? дегенде, болды, бірақ бірігіп шешім таптық; пікірлер болыд, шешім таптым.
Коучингты мынадай қорынды оймен аяқтадым: «Данышпан мен адам» сөзімен қорытындыладым.
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екенін жеткіздім.

Абылова Мейрамгүл Жұмағалиқызы