«Орта мерзімді жоспарын енгізу – ?здік ж?мысы сапасыны? тиімділігін арттыру та?ырыбы бойынша ?ыс?а мерзімді коучингты? рефлексиялы? есебі


«Орта мерзімді жоспарын енгізу – өздік жұмысы сапасының тиімділігін арттыру " тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі
1-бөлім: Тақырыпты негіздеу
Бірінші коучинг өткізу барысында деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен мектепішілік қоғамдастық отырысында пікірлесіп, жеті модуль идеяларын талқылап, ортақ пікірге келіп, коучинг тақырыбын анықтадық. Әріптестерімнің сұхбаттасу барысында, жеті модульдің теориясын меңгертіп, «Орта мерзімді жоспар» тақырыбына шықтық.
Бұл тақырып біз үшін маңызды, себебі ұстаздар сабаққа орта мерзімді жоспар құрастырып, сабақты заман талабына сай өткізу болып табылады.
Мектеп тұрғысынан қарағанда, бұл тақырыптың маңызы – деңгейлік курстан өткен ұстаздардың 2-3 тәлім алушылары тағайындалды. Олар арқылы мектеп ішінде тәлімгермен орта мерзімді жоспар құрастырып, қысқа мерзімді жоспарға шығып, сабақты қазіргі заман талабына сай өткізетін болады. Өйткені, біз мектепте оқушыны өмірге бейімдеп, алған білімін тиімді, өзіне пайдалы етіп қолдануға үйретеміз.
Коучинг сабағымызға қатысқан 9 мұғалім қазақ тілі пәнінен беретін әріптестеріміз қатысты.
2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау
Коучингке орта мерзімді жоспар тақырыбын алған себебіміз, олардың оқыту тәжірибелеріне өзгеріс енгізуге көмектеседі деп санаймын.
Осы идеяны назарға ала отырып, коучинг сабағына қойған мақсатымыз - орта мерзімді жоспар туралы түсінік беру. Тәжірибе жүзінде іске асыруға жағдай туғызу.
Күтілетін нәтижеміз: Оқытудың жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын құрады.
Коучинг сабағында жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатымен "Алақан" атты жаттығуды жүргіздік. Топта отырған қатысушылар алақаның салып, бес саусағына өзінің бес жақсы қасиетін жазып, көршісіне ұсынды. Содан соң көршісі алақанына оның аталмаған бір қасиетімен толықтырып, оқып берді. Нәтижесінде: кей кезде адамның бойындағы қасиеттеріне мән бермей, дұрыс баға бере алмаймыз.

Сандыққа салынған тәтті сыйлықтар арқылы топтарға бөлуді бастадық. Бірінші топ – қызыл түсті кәмпит, екінші топ – көк түсті және үшінші топ – сары түсті бөлініп отырдық. Содан кейін, коучингтің тақырыбымен таныстырып, оқыту мақсатын түсіндірдік.


Топ мүшелері спикер, дизайнер, тайм-кипер рөлдеріне бөлінді.

«7 модуль» презентациясын ұсынып, коучинг қатысушылары материалын конспектіледі. Коучингке келген мұғалімдер 7 модульді сабаққа қалай ықпалдастыру керектігін түсінді деп ойлаймыз.
Топ мүшелерінің топтық жұмысқа белсенді қатысқандарын бақылаушы тағайындалды.
«Миға шабуыл» стратегиясы ұсынылды. Қойылған сұрақтарға топ мүшелері толық жауап берді. Себебі, ұстаздар әр сабақта жоспар құрастыра алатынын, маңыздылығын, не үшін қажет екенін ортаға сала білді.
Орта мерзімді жоспардың презентациясын тамашалап, конспектілеп, керекті ресурстар ұсынылды. Топтар материалды топтың ішінде талқылап, постерге салып, қорғады.

Топ мүшелері ұсынылған материалдан орта мерзімді жоспарды жасау қадамдарын іріктей ала білді және өз сабақтарында қалай пайдаланылатынын түсіндіре білді.
Мұғалімдердің көңілдерін көтеру мақсатымен сергіту сәтін өткіздік. «Пай-пай, қыздар-ай!» әуенін қосып, бойларын сергітті. Мұғалімдердің көңілдері көтеріліп, сергіту сәті барлығына ұнады деп ойлаймын.

Берілген тапсырмалардан соң, бақылаушыға сөз беріліп, критерийалды бағалады. 1 топтың постерді безендіруі, мазмұнды толық жеткізе білуі тамаша деп қорытындылады. 2 топқа постерді безендіру барысында, ашық түстерді пайдалануға ұсыныс айтылды.

3-бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау
Рефлексияны «Сауалнама» коучингте алған әсерлерін осы кері байланыста жазып берді. Әріптестерім:
Біздің бүгінгі кездесуіміз пайдалы болды ма? дегенде, «әрине, пайдалы, өте пайдалы» деді.
Берілген материалдың ішінен сіз үшін не қызықты болды? дегенде «жаңа материал қызықты болды, бағалаудың түрлері, сергіту сәті, орта мерзімді жоспары» деп белгіледі.
Өз тәжірибене өзгеріс енгізгің келе ме?деп сұрағанда «әрине өзгерткім келеді» деп жауап берді.
Қай бағытта ынтымақтастық жалғастырғың келеді? «иә, осындай коучингте кездесу керек, бірлесіп жұмыс жасау керек, 7 модульмен толық танысмқым келеді»
Қандай тақырыптық коучингтерге қатысқын келеді? дегенде «7 модуль теориясына тоқталсақ, стратегияларымен танысқым келеді, формативтік бағалау».
Сіздің ізгі ниеттеріңіз «шығармашылық табыс, тастарыңыз өрге домалай берсің, сәттілік» тілеп пікірлерін кері байланыс арқылы білдірді.


Бірінші коучингті, өзімізді еркін сезіндік, әріптестерімді ұйымдастыру көңілімнен шықты. 90 минут өткізген коучинг сабағым өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Себебі, әріптестерім диалогтік оқытудың маңызын, диалогтік оқытудың тиімділігін аша білді және айқындай алды деп санаймын.
Мен болашақта, диалогтік оқыту стратегиясы бойынша мектебімнің басқа да әріптестерін қатыстырып, коучинг сабақтарын өткізуді жалғастырамын. Сонымен қоса, жеті модуль идеяларын тарату арқылы көшбасшы мұғалімді қалыптастыруда әріптестеріме көмектесемін деп ойлаймын.
Абылова Мейрамгүл Жұмағалиқызы
Абенова Гүлзия Қайырбекқызы