К?ш. Ньютонны? екінші за?ы. Масса.


-436880-789305 Набатов Р. К.
Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп гимназияның жоғары біліктіліктілік санатты, І деңгейлік курс бағдарламасы бойынша сертификатталған физика пәні мұғалімі.

Оңтүстік - Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласы.


Пән: физика, 9-сынып Тақырыбы: §11,12. Күш. Ньютонның екiншi заңы. Масса.
Мақсаты Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық, серпімділік, үйкеліс күштері туралы түсіндіру. Механиканың заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау.
Күтілетін нәтиже А. Оқыған материалды айтып береді.
В.Күштердің түрлерін, күш пен үдеудің арасындағы байланысты қорытып, мысалдар келтіреді.
С.Ньютонның екінші заңын тұжырымдап, есептер шығарады.
Керекті жабдықтар оқулық, ресурс парақтары, жұмыс дәптері, АКТ интернет желісі, суреттер топтамасы, бағалау парақтары, есептер жинағы, постерге критерий, Фличарт, өз жобаларын қорғау
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Диалогтық оқыту, зерттеушілік әңгіме, «қораптағы хат», кеңейтілген тапсырмалар,жоғары дәрежелі сұрақтар, «Ойлан. Жұптас. Бөліс», «Он сұрақ»
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
7 мин Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. 2 мин.
Жабық тест.
1. Инерция заңын ашқан ғалым? Галилео Галилей
2. Бірқалыпты түзу сызықты қозңалыста қандай шама тұрақты. жылдамдық
3. Траекторияның ұзындығын не деп атаймыз?жол
4. Бұрылу бұрышының өлшем бірлігі-радиан.
5. Центрге тартқыш үдеуінің формуласы:
6. Берілген уақыт мезетіндегі жылдамдықты қалай атаймыз? лездік
7. Күшті өлшейтін құрал? динамометр
Мұғаліммен амандасады. Оқушылар сабақ құралдарын тексеріп, орналасады.Топтарға бөлінеді.
Топ мүшелері сұрақтардың жауабын айтады.
Негізгі бөлім
18 мин Оқулықпен, ресурс парақтарымен жұмыс.
Жаңа тақырыпты талқылау үшін суреттер топтамасы беріледі.
Тірек сөздер
1. Ауырлық кұші деп денелердің Жерге тартылу кұшін айтады.
2. Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.
3. Үйкеліс кұші деп денелер тікелей жаңасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.
4. Тірек реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады.
5. Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.
6. Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.
7. денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:
Ауырлық күші серпімділік күші үйкеліс күші

Есептер:9-жаттығу (1,3),10-жаттығу(1,2) Оқушылар тақырыпты оқып
тапсырманы жеке орындап,топта талдайды.

Оқушылар ережені дәптерге жазады, жұмыс дәптерімен жұмыс істейді,талқылайды   Топтық жұмыс. диалог , зерттеушілік әңгіме, өзін-өзі және өзара бағалау Есеп шығарады.
Есеп шығару. Есептер Ньютонның ІІ заңы
1. Диномометрдің көмегімен массасы 200г кеспекті горизонталь тақтада орын ауыстырғындағы оның көрсетуі 0,6Н болса, үйкеліс коэффиценті
(g=10м/с2)
2. Ит жеккен шанаға қар үстінде жұмсалатын күш 0,5кН. Үйкеліс коэффиценті 0,1 болса, жегілген иттердің бірқалыпты қозғалып, сүйрей алатын, жүк тиелген шанасының массасы (g=10м/с2)
3. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарының жарысында олардың бірі бірқалыпты қозғалып, массасы 23 т жүкті жеткізді. Аттың тарту күші 2,3кН болса, үйкеліс коэффиценті
4. Массасы скафандрымен 170кг астронавтың табанының Ай бетімен арасындағы үйкеліс коэффиценті 0,5 болғандағы үйкеліс күші(g=1,6м/с2)
5. Динамометрге ілінген салмағы 4Н жүк оның серіппесін 10см-ге созса, серіппенің қатаңдығы
6. Қатаңдығы 40Н/м динамометр серіппесінің салмағы 2,4 Н жүктің әсерінен созылуы
7.Егер доп 0,1Н күштің әсерінен 0,2 м/с2 үдеу алса, оның массасы
8.Оқушы резеңкені 45 Н күш жұмсай отырып 9 см-ге ұзартты. Егер 110 Н күш жұмсаса, резеңкенің ұзаруы
9.10 Н күштің әсерінен серіппе 0,1 м-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығы
10. Арқан тарту жарысына 4 адам қатысады. Олардың екеуі F1=250 Н және F2=200 Н күштерді түсіріп оң жаққа,қалған екеуі F3=350 Н және F4=50 Н күштерді түсіріп, сол жаққа тартады. Тең әсерлі күш және арқанның қозғалу бағыты:
11. 20 Н күш әсер еткен дене 2,5 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы
12. Массасы 4 кг, 2 Н күш әсер ететін дененің қозғалысы мен үдеуі:
13. F1, F2, F3, F4 (суретте) күштерін қосудың ОX осіне проекциясы
1
3
2
4
5
6
F1
F2
F4
F3
Fx, кН
0

14. Массасы 200 г денені 1,5 м/с2 үдеумен қозғалысқа түсіретін күш
15. Массасы 5мг денені 20 м/с2 үдеумен қозғалысқа түсіретін күш
16. 4 кН күш әсер еткен дене 2,5 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы
17.Қатаңдығы 4кН/м динамометр серіппесінің салмағы 40 Н жүктің әсерінен созылуы
18. 0,20 кН күш әсер еткен дене 0,5 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы
19. Диномометрдің көмегімен массасы 400г кеспекті горизонталь тақтада орын ауыстырғындағы оның көрсетуі 1,2Н болса, үйкеліс коэффиценті
(g=10м/с2)
20. Динамометрге ілінген салмағы 5кН жүк оның серіппесін 10см-ге созса, серіппенің қатаңдығы
21. 80 Н күш әсер еткен дене 5 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы
22. Динамометрге ілінген салмағы 2200Н жүк оның серіппесін 11см-ге созса, серіппенің қатаңдығы
23. 0,520 кН күш әсер еткен дене 0,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы
24. Динамометрдің көмегімен массасы 5кг кеспекті горизонталь тақтада орын ауыстырғындағы оның көрсетуі 35Н болса, үйкеліс коэффиценті
(g=10м/с2)
25. Динамометрге ілінген салмағы 4168Н жүк оның серіппесін 10см-ге созса, серіппенің қатаңдығы
26. Жылдамдығы 200 м/с массасы 160 г оқ бөгетке тиді және тоқтағанға дейін
16 см өтті. Оқтың кедергі күші
27. Массасы 1500 кг автомобиль 0,5 м/с2 удеумен горизонталь бағытта қозғала бастады. Қозғалысқа кедергі жасайтын күш 500 Н –ға тең. Қозғалтқыштың өндіретін тарту күші
28. Массасы 1,5 т автобус орнынан 1,5 кН тарту күшінің әрекетінен қозғалады. Егер автобусқа әрекет ететін кедергі күш 450 Н болса, онда оның үдеуі

Үйге тапсырма
1мин Сұрақтар:1.Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады? 2.Ньютонның І заңын тұжырымда. 3.Галилей мен Ньютонның қозғалысқа көзқарасы олардың ізіашарларының көзқарасынан немен ерекшеленеді?4.Ньютонның І заңын дәлелдейтін мысалдар келтір. Денелердің жерге қатысты қозғалысының қандай жағдайларында инерция заңының бұзылуы байқалады?5.Оны классикалық механиканың атасы деп атаған.6. Оны “сэр” деп атаған.
Үй тапсырмасын күнделікке жазады.§11,12.
9,10-жаттығуларды аяқтау.
Бағалау 2мин
Ұяшықтағы көп баға арқылы бағаланады.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
387985133985
510540189230
152403812540-310515-572770