Ньютонны? бірінші за?ы. Инерциялы? сана? ж?йелері та?ырыбында физика п?нінен саба? жоспары


Физика 9-сыныпмерзімі
Сабақтың тақырыбы Ньютонның бірінші заңы.Инерциялық санақ жүйелері.
Мақсаты Инерциялық санақ жүйелерінің,Ньютонның бірінші заңының тұжырымдамасының физикалық мағынасын ашып түсіндіру.Жаратылыстану пәндерімен байланыстыра отырып,оқушылардың білімін және ойлау қабілетін арттыру.Құбылыстың өмірмен байланысын көрсету арқылы өз бетінше іздену қабілетін шыңдау, шығармашылық ойлауын дамыту
Жұмыс нәтижесі Инерциялық санақ жүйелерінің ,Ньютонның бірінші заңының тұжырымдамасын білді,
Ньютонның бірінші заңымен инерциялық санақ жүйелерінің байланысын анықтай алды.Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырады.Жаңа тақырыптың негізгі идеясын есептер шығаруда қолдана біледі,талдай алады. Ұжымдасып еңбек етуді үйренді.
СілтемеФизика оқулығы
оқулық  авторлары: Р.Башарұлы,Д.Қазақбаева,У.Тоқбергенова,Н.Бекбасар.
Әдістер мен тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; дарынды балаларды оқыту, топтағы бірлескен жұмыс;
Дерек көздері Мұғалімге арналған нұсқаулық,АКТ,электрондық оқулық, дидактикалық таратпа материалдар, интерактивті тақта.
Сабақ жоспарыҰйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша
Үйге тапсырма
Рефлексия
Үйге тапсырма§10. 8- жаттығу. №1,2
Ойлауды
Блум бойынша жіктеуМұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау
БілуҮй тапсырмасы
A)теориялық білімдерін тексеру.
(сұрақтар қою)
Центге тартқыш үдеу деп қандай үдеуді айтады?
Неліктен центрге тарқыш үдеуді нормаль үдеу деп те атайды?
Центрге тартқыш үдеудің формуласы?
Қисықсызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
Айналу периоды дегеніміз қандай физикалық шама?
Жиілік деп қандай шаманы айтады? Сабақта білімін көрсетеді.
Оқыған материалды есте сақтайды, еске түсіреді, қайталайды. Ыстық орындық
Түсіну Жаңа тақырып бойынша электрондық оқулықтан оқушыларға қосымша түсініктемелер беріледі.
1.Динамика-денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі.
2. Инерциялық санақ жүйесі-салыстырмалы тыныштығын немесе түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын сақтайтын жүйе.
3. Инерциялық емес санақ жүйесі –үдеумен қозғалып келе жатқан жүйе. Жазады,айтады,түсіндіреді. Оқушылардың бағалау сызбасы
Қолдану Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру.
Деңгейлік тапсырмалар
1. Мына жағдайларда қайсы денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіндіріңдер.
А) сүңгуір қайық судың ішінде тыныштық қалыпта тұрғанда;
Ә) сүңгуір қайық су түбінде тұрғанда.
2. Парашютші бірқалыпты және түзусызықты қозғалыс жасап, төмендеп келеді. Қандай денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіндіріңдер.
3. Автомобиль жазық горизонталь жолмен моторын сөндіріп, бірқалыпты қозғала ала ма?
4. Бетірген жағдайлардың қайсысында санақ жүйесін инерциялық деп қарастыруға болады? Егер лифт:
А) еркін түссе;
Ә) жоғары қарай бірқалыпты қозғалса;
Б) жоғары қарай үдемелі қозғалса;
В) төмен қарай үдемелі қозғалса;
Д) төмен қарай бірқалыпты қозғалса;
Е) жоғары қарай баяу қозғалса; Оқыған материалды нақты жаңа жағдайда пайдаланады Оқушылардың бағалау сызбасы
Сергіту сәті Оқушы денесін қозғалтпай басын бұрып қана оқушыралдың атын атап шығады.Бірақ ұл баланың есімін атамай,есімінің орнына жаңылмаймын деген сөзді айтуы керек. Оқыған материалды нақты жаңа жағдайда пайдалану Ой қозғау
ТалдауАлған білімді саралау, тәжірибеден өткізу 
1.Салт атты шауып келе жатыр.Егер ат сүрініп кетсе немесе оқыс тоқтаса,онда қандай жағдай байқалуы мүмкін?
2.Неліктен сүрініп кеткен адам алға қарай құлайды?
3.Станциядан шыққан пойыз жылдамдығын үдетті. Осы кезде ауыр қолсандықты еден бойымен қай бағытта жылжыту оңайырақ: пойыздың жүру бағытымен бе, әлде қарама-қарсы бағытты ма?
4.Мұз айдынындағы екі бала қайсысының салмағы көп екенін білгісі келді.Бір ғана рулеткамен осыны қалай білуге болатынын айтыңдар.
Кешегі білімі мен бүгінгі білімін салыстырды, талдау жасайды
Бағалау парағы
Жинақтау 3 сұрақтан тұратын сөзжұмбақ құрастыру,сағат тілімен ауыстырып, шешу.
А)тақырыпқа байланыстыБ)табиғатпен байланысыВ)қызықтыЖаңа білімді қолданады,ойлап табады,құрастырады,шығарады Критерийлер
Өзара бағалау
Бағалау Эксперимент:
Жазық әйнектің үстіне кішкентай болат шар қоямыз. Неге ол тыныштықта болады?
Кері байланыс орнатады.Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді. Логикалық ойыстикерРефлексия
БілемінБілдімБілгім келеді
жазадыОқыту үшін бағалау