Физика п?нінен саба? жоспары. Та?ырыбы: Ньютонны? екінші за?ы


Сыныбы: 9
Пәні:физика
Сабақтың аты § 11,12 Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса жайлы мағлұмат беру
Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Өзін-өзі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса жайлы мағлұмат алады
Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Өзін-өзі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады. Ол әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.
Үйкеліс күші екінші дененің бетін басып қысатын Р күшке, үйкелісетін беттердің материалы мен өңделу сапасына байланысты олады.
Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады.
│Fүйк.│=μN
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.
Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.
5022850
Денеге туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:
a=F/m

–динамиканың негізгі теңдеуі.
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру
1.1. Топқа бөлу (геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( ыстық орындық, сұрақ-жауап арқылы)
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі
Ньютонның екінші заңы не жайында айтылған?
Күштің қандай түрлерін осы уақытқа дейін өттік?
Дене массасы жайында не білеміз?
ІҮ. Топтық жұмыс «РАФТ» әдісімен түсіндіру
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
4133215248285(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы) берілген суреттерді түсіндіру
20675601555752266958890
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
1 Білу Ньютонның ІІ заңы дегеніміз не? 2 Түсіну Күштердің және Ньютонның ІІ заңының формуласын жаз? 3 Қолдану Шамалары F1 = 3 H және F 2 = 4 H болатын екі күш дененің бір нүктесіне әсер етеді. F1 және F2 күш векторының арасындағы бұрыш 90°-қа тең. Осы күштердің тең әсерлі күшінің модулін табыңыз? 4 Талдау FR= F1+F2 шарты қандай жағдайда орындалады? 5 Жинақтау Еден үстінде тұрған денеге қандай күштер әсер етеді?
6 Бағалау Дененің орын ауыстыруында Ньютонның ІІ заңының маңыздылығы қаншама? Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
Есеп шығару

ҮІІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.)
Кейінгі тапсырмалар 9 жаттығу №1
Кейінгі оқу §11,12 Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса