«С?з ж?не оны? ма?ынасы»


Ембі қалалық №2 орта мектеп

Тақырыбы:
«Сөз және оның мағынасы»
Мұғалімі: Мусрепова М.К.
Сыныбы: 2 «Б»
2013 – 2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Сөз белгілі бір заттың, құбылыстың,сын-сапаның т.б. атауы екенін ұғындыру,сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқату.
Сабақтың міндеттері :
Білімділік: Оқушылардың сөз туралы білімдерін молайту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту,көркем жазуға баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдемі, сыпайы сөйлеуге,ұйымшыл, тапқыр болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық, қуыршақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,көрнекілік, сұрақ-жауап,ойын.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Психологиялық сәт.
Әкел досым,қолыңды.
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек?
Көрсет қане соныңды.
Баққа бірге кірейік.
Қол ұстасып жүрейік.
Татулықтың белгісі.
Кел, қосылып күлейік:
Ха-ха-ха-ха-ха-ха!
3.Тірек білімді еске түсіру.
Әлемдегі бар дүние түрлі нәрселерден құралады.Мысалы: бұлттар- су тамшыларынан,орман ағаштардан тұрады. Біздің сөйлеу тіліміз- сөйлемдер-
ден,ал сөйлем нелерден құралады? Бұл сұраққа жауап беру үшін Алдаркөсе
мына өлеңді оқығандарың дұрыс деп ойлайды.
Теңіз де тартылады,
Мұхит та сарқылады.
Құлайды орман-тоғай,
Қирайды орда-сарай.
Жер болып тау шөгеді,
Жайқалған бау семеді.
Көз жастан қақ қалады...
- Сөз нелерден құралады?
- Дыбысты не істейміз?
- Әріпті не істейміз?
Қызығушылықты ояту. Қазір «Желтоқсан» сөзіндегі әріптерден сөз теріп
ойнаймыз.Үлгі: ал,жел,ел,тоқ,сан,оқ,тоқсан т.б.
4. Жаңа мағынаны тану.
Көркем жазу сәті. С с сөз сақина самаурын
Оқулықпен жұмыс. 232-жаттығу Әр бағанда не жазылғанын оқып, бір-
бірінен өзгешелегін тап.
ш р еша себақа шана
т а қ бра ба қасебет қара
н сбе на
Сөз – заттың, сапаның, қимылдың,санның атауы.Мысалы: ай,күн,әдемі,
жиырма, ойнады,оқушы.
Сергіту сәті өткізіледі .Оқушылар Алдаркөсе әнінің әуеніне билейді.
заттың
Сөзсапаныңатауы
қимылдың
233-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып,бірнеше сөз жасап
жаз.Сөз мағынасы неліктен өзгерді деп ойлайсың?
................
ж.....лжа ............
................
.................
234-жаттығу.Сөздерді білдіретін мағынасына қарай топтап жаз және сұрақ
қой. Үлгі:
адам сұр жиырма жүзді
Сөзжұмбақты шешу.
1.Көл жағасында өсетін шөп ( құрақ)
2.Адамның дене мүшесі ( құлақ)
3.Сүттен жасалатын тағам ( қатық)
4.Ыдыс ( қасық)
1 2
4 3
235-жаттығу Жұмбақты шеш.
Адассаң ал қолыңа,
Бағыт сілтер жолыңа.( …........... )
«Көп сөз тауып көрейік » тренингі.
Ыдыстар: кесе,қасық,қазан,ожау т.б.
Құстар:
Үй жануарлары:
5.Ой толғаныс. Жаңа тақырыпты қорытындылау.
Сөйлем неден құралады?
Сөз неден құралады?
Сөз
Сөз дегеніміз не?



Иса Темірханов деген оқушымның «Сөз-ойдың жемісі» атты мақаласымен
бүгінгі сабақты аяқтағым келіп отыр.
Қазақ тілі сөзге өте бай.Әрбір сөздің айтылуы мен жазылуынан басқа
мағынасы да бар.Сөз мағынасына көңіл бөліп, түсіне білу керек.Себебі адамды қуантатын да,ренжітетін де бір ауыз сөз.Қазақ «Дос көңілі бір атым насыбайдан қалады» деген.Сондықтан айтатын әрбір сөзімізді ойланып, мағынасын жете түсініп айтуымыз керек.Кейбір сөздер өткір,кейбіреуі
жұмсақ болып келеді.Өткір сөздер сүйектен өтіп кетеді,ал жұмсақ сөздер
жүректі жібітеді.Себебі «жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады» ғой.
Сондықтан сөздерді қолданған кезде мағынасын түсініп, орынды жерінде дұрыс айту керек.Себебі: сөз- адам ойының жемісі.Айтатын сөзіміз саралы, жүрекке жағымды, терең мағыналы болса екен. Осы азғантай өмірде жақсы
сөздерді көбірек айтып,адамдар бірін-бірі ренжітпей жүрсе екен.
(27.09.2012 жыл)
- Жақсы балалар, енді сабақ барысында жинаған жетондарымызды санап,
сол бойынша білімдерімізді бағалайық.
Күнделікті ашайық,
Қолға қалам алайық,
Қане,қане тез ғана,
Үй жұмысын жазайық. Үйге: 236-жаттығу,ережені жаттау.
Бүгінгі сабаққа арнап Алдаркөсе сендерге сыйлықтар әкеліпті.
Қане, сол сыйлықтарды қабыл алыңдар.
Осымен сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар!