На тему Геометриялы? денелерді? сызбалары ж?не аксонометирялы? проекциялары.


Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелердің сызбалары және аксонометирялық проекциялары.Сабақтың мақсаты: геометриялық денелердің кескінделу ретін білу.Сабақтың міндеттері:  Білімділік: геометриялық денелердің, олардың бөліктерінің     үйлесімі  туралы мағлұмат беруДамытушылық: сызбаларды оқу,орындау үшін оқушы білімін дамытуТәрбиелік :    таза,сауатты сызба сызуға баулуСабақтың түрі:    жаңа сабақты меңгертуСабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сарамандық жұмыс,ой-қиялға үңілу,ынтымақтастықта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі:тірек –сызбалар,сурет-сызбалар,журналдар,үлгі беттері,таратпа материалдар Пәнаралық байланыс: геометрия,суретСабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңіДайындық бөлім:
II. Өткенді қайталау1.Куб және тік бұрышты параллелепипедті проекциялау.
Кубты оның жақтары проекциялар жазықтығына параллель болатындай етіп орналастырады.Сонда олар өздерінепараллель проекциялар жазықтығына бұрмаланбай өз күйінде –квадраттармен,ал перпендикуляр жазықтықтарына түзу сызықтармен кескінделеді.
Кубтың проекциялары бірдей үш квадрат болып табылады.Куб және параллелепипедтің сызбасында үш өлшемді көрсетеді:ұзындығы,биіктігі,еніҮш бұрышты және алтыбұрышты дұрыс призмаларды проекциялау.
Горизонталь проекция жазықтығына параллель болатын призмалардың табандары оған өз күйінде,ал фронталь және профиль жазықтықтарында түзу сызық түрінде кескінделеді.Призмалардың бүйір жақтары өздеріне параллель болатын проекция жазықтықтарына өз күйінде,ал оларға перпендикуляр проекция жазықтығына сызықтар түрінде кескінделеді.Проекция жазықтығына көльей орналасқан  призмалардың жақтары оларға бұрмаланып кескінделеді.Призманың өлшемдері оның биіктігі мен табанында жатқан фигураның өлшемдерімен анықталады.Штрихпунктир сызықтармен сызбада симметрия осьтері жүргізілген.Призманың изометриялық проекциясын салуды табанынан бастайды.Сонан соң табанның әрбір төбесінен перпендикуляр жүргізеді,оларға биіктікке тең кесінділерді өлшеп салады  және табылған нүктелер арқылы табан қабырғаларына параллель түзулер жүргізеді.
Тік бұрышты проекциялар жүйесінде де сызбаны горизонталь проекциядан бастау.
1.Ауызша (пайдалы кеңестер айту)
2.Жазбаша(тест)
3.Сызбаша
III.Жаңа сабақТөртбұрышты дұрыс пирамиданы проекциялау.Пирамиданың квадрат табаны проекциялардың горизонталь Н жазықтығына өз күйінде проекцияланады.онда пирамида табанының төбесіне жүргізілген бүйір қырлары диогональдармен кескінделеді.Пирамиданың фронталь және профиль проекциялары –тең бүйірлі үшбұрыштар.Пирамиданың өлшемдері оның табанының екі қабырғасының b ұзындығымен және h биіктігімен анықталады.Пирамиданың изометриялық проекциясын табанынан бастап салады.Табылған фигураның центрінен перпендикуляр жүргізеді,оған пирамиданың биіктігін өлшеп саладыжәне табылған нүктені табанының төбелерімен қосады.
Цилиндр мен конусты проекциялау. Егер цилиндр мен конустың табандарындағы дөңгелектер проекциялардың горизонталь н жазықтығына параллель орналасса, олардың бұл жазықтықтағы  проекциялары да дөңгелектер болады.Бұл жағдайда цилиндрдің фронталь және профиль проекциялары –тік төртбұрыштар,ал конустікі –тең бүйірлі үшбұрыштар болып табылады.Барлық проекцияларда симметрия осьтерін жүргізу керектігін және цилиндр мен конус сызбаларын салғанда соларды жүргізуден бастайтынын ескеруіміз қажет.цилиндрдің фронталь және профиль проекциялары бірдей.Конус проекциясы туралы да осыны айтуымызға болады.Сондықтан бұл жағдайда сызбадағы профиль проекциялары артық.Бұдан басқа, Ø белгісі енгізілгендіктен,цилиндр мен конустың пішінін бір проекцияда беруге болады.Бұдан осындай жағдайда үш проекцияның қажет еместігі шығады.Цилиндр мен конустың өлшемдері  h  биіктігімен және табынының   q диаметрімен анықталады.Цилиндр мен конустың изометриялық проекциясын салу тәсілдері бірдей.Бұл үшін х және у осьтерін жүргізеді,оларға қабырғалары цилиндр немесе конус табанының диаметріне тең болатын ромблар салады:ромбыға іштей овал сызады.
 IV.Сарамандық жұмысКөзбен көру,ойды бөлу,меңгеруV.Қауіпсіздік ережелеріVI. Сабақты қорытындылау.
Рефлексия(оқушыларды бағалау)
Оқушылар өзара тәжірибе алмасу,пысықтау бөлімінде оқушының іс-әрекетін бағалаймыз,жинақтаймыз,оқушы ойланады,табады,салыстырады,талдайды,байланыстырады,жауап бередіБекіту кезеңі.Оқушылармен сұрақ-жауап,ой-толғаныс айту,тосын сұрақтарға жауап алу,оқушыларды бақылау,бағалау,мадақтау,ескерту жасау,әділ бағалауҮйге тапсырма беру.