Сынып са?атты? дайындамасы ?аза? ханды?ыны? ??рыл?анына 550 жыл (9- сынып)


Тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл»
Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. оқушыларды отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа, елжандылыққа тәрбиелеу. 
Сынып сағатының жоспары:
1. Сынып жетекшінің кіріспе сөзі
2. Видео қарау. Елбасы Н. Назарбаевтің қазақ хандығының 550 жылдығы жайындағы интервью
3. Интервьюні оқушылармен бірге талдау
4. Оқушыларға сөз 1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар. Биылғы 2015 жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. 2-жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасап, бастарын біріктіру Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді. Рухы мен тілін жанындай сүйген, Адамдар неге санаулы? Ұлт үшін дәуір отына күйген, Аталар болды алаулы. Армандай асқар, Жолдарға бастар, Ісіңнен ұрпақ от алар. Қалмайсың көштен, Шықпайсың естен, Тағдыры шыншыл аталар. 1-жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. Көрініс "Сұлтандар кеңесі" . 2-жүргізуші:1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыта қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды. Суы мол, топырағы құнарлы, жер жанаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды. 1- оқушы: Біз қазақпыз! Ежелден-ақ қазақ болып аталған Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң. Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан Біз қазақ ежелден-ақ ел боп келдік, Ел қорғауда жасадық сан мың ерлік Болашақтың атар деп жарқын таңы Ұрпақ үшін тозақтың отын көрдік Қалмаққа барлық қазақ қарсы тұрды, Бас қосып хан мен билер ақыл құрды Орыс, қытай, қалмақтан аман шығар. Ұлт тағдырын ойлайтұғын күн туды. Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек Халық баға береді әділ хан деп Бар қазақтың алғашқы ханы болған Керей ханның билікте аты ерек. 2 - оқушы: Шайбани Әбілқайырға сақтама кек, Ұлы көшті бастады Керей, Жәнібек Болашақты бастаған оны өзгерткен Ұрпақтары ұлыларға табына бермек. Батыстан шекара Жайықтан қайтты, Ұлы Қасым хандықтың жерін ұлғайтты. Тәукенің заманында дана халқымыз Алтын ғасыр болады деп тауып айтты. Мәмілеге көреген хандар тұсында Қазақ жері кетпеді жау уысында Керісінше, Мәскеумен көрші елдермен Қарым-қатынас орнатты Қасым тұсында. 3- оқушы: Хандардың қайсысын айтпасақта бүгін Аспанда бұлт тарқап ашылды күн Олардың ерліктерін мәңгі жырласаң Мәңгілік ел болуға лайықпыз, мүмкін Қосқолан тауында жау әскерімен мол Жеңіске сеніммен бастап келді қол Он есе көп жауға тойтарыс берді Салқам Жәңгір, батырлар, Орбұлақта сол Ол хандар мәңгілік қалды тарихта Ол хандар қалмады қиыннан ықта Әліде тереңірек зерттесек тағы Ашылады тарихтың қарасы ағы Қазақтың хандары мәңгілік мақтаныш Халқының ерлігінен алып жігер-күш Олар заңгер, саясаткер, олар қолбасшы Халқын біріктірді, жүзге бөлмей үш. 1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс Біздің жаққа келген екен жылы ағыс Хандық құрып жеткен екен мұратқа О, халайық ,құтты болсын қуаныш! Келесі кезекте Хор: "Елімменің" 2-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата-баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі Би: Сынабаева А., Жұмабаева А., Сауирбаева Г., Отар А. 1-жүргізуші: Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыздың аманаты. Ұшқан құстың қанаты талатын, қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен алған. 4- оқушы: Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға Алаш деген атты аламын Сүйгенім қазақ, өмірі өзім қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын? Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық Арасын қоныс қылдым ірге жайып. Елім, жерім қорғайтын ерім болып, Ер жеттім ен далада лықа тойып. Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен, Бір кезде Еуропаны тітіркенткен Кіргені есік, шыққаны тесік болып, Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына, Талай царь, талай княз тәжім еткен Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға Алаш деген атты аламын Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ Мен неге қазақтықтан сақтанамын. 5 - оқушы: Бұл жарыққа аяқ басып туған жер Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде Ойын–ойнап, шыбын–шіркей қуған жер. Жаратылдым топырағыңнан, сен–түбім Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан–тәнім Сенен басқа жерде маған қараңғы, Жарық болар Шолпан, Айым, сен–күнім Тәтті суың дәмі аузынан еш кетпес Қалың нуың, қыр суыңа жер жетпес Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы Жазу болып адамзатқа ер жетпес Балақ түріп, қозы қуып, жарысып, Батпағыңда тең құрбымен алысып, Түнде – ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз Үйретем деп асау тайға жабысып. «Адам басы – Алла добы» деген рас Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас Кім біледі, мен де шетке кетермін Туған жерім, сені тастап басым жас. 6 - оқушы: Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген Намысын қолынан ешкімге бермеген Тұс-тұстан анталап көз сүзген жаулардан Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған. Төрімде жерімнің байрағым желбіреп, Тұп-тұнық тұрады аспаным мөлдіреп Қазақтың тілері ата жол салтымен Достасу, танысу әр елдің халқымен Қонақжай халқымыз, жомартпыз, дарханбыз Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз Таныған жұмыр жер алаштың баласын Қазақтың елімен даңқты даласын 7 - оқушы: Еркіндігім Қасиеттім Қастерлім Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! Кеше сенің келбетіңді арман ғып, Боданына бұғауландық басқа елдің. Бабалардың басын тігіп бәйгеге, Аналардың жанарына жас бердің! - Уа, Еркіндік, қош келдің! Өзегімді өртке ораған қоғамда, Өз үйіме өзім өгей болам ба?! Алшаң басып жүре алмаса алты алаш Азаттығым! Қадіріңде жоқ онда! ... Саған жету қиын болса қаншалық Сақтап тұру қиынырақ одан да! Алла берген азаттықтың әр сәті- Аманат қой Маған, Саған, Оған да! Уа, Еркіндік! Құның немен өлшенді?! Сені көксеп Боздақтарым өлсе өлді! Сенің, менің ең ғажайып өлеңім, Ең шуақты, Ең шырайлы, Ең шерлі! Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын – Құдай берген ғұмырымда өлшеулі! 2-жүргізуші:Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, Өкініш пе, білмеймін қуаныш па Өз-өзінен жүрегім ән салады. Монолог: Сүйеубаева Г. 1-жүргізуші:Азат өлкем күндей күлген шығыстан Асыл елім жан жүректі ұғысқан Ата-бабам аңсап өткен бақытым Айналайын, байтақ елім Қазақстан! Ән: Алға Қазақстан 
5. деректі фильмді қарау
«Ұлы дала дүбірі»
6. оқушыларға топтарға бөліп, постерлерді жасату
1,2 – топ «Менің тарихым»
3,4- топ «Менің отаным»
5 – топ «Менің болашағым»
Әр топ өз постерлерін ортаға шығып қорғайды
6. Мұғалімнің қорытынды сөзі