Разработка открытого занятия по технологии на тему: Жармадан жасал?ан та?амдар


Бекітілді:
Күні:
Сыныбы: 6«ә» «б»
Сабақтың тақырыбы: Жармадан жасалған тағамдар.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың жармалар мен бұршақтұқымдастардың адам тамақтануындағ алатын орны, жармадан тағам түрлерін дайындау технологиясы туралы білімдерді меңгеруді қамтамасыз ету
Білімділік: жармалардың тағамдық құндылығымен, олардың түрлерімен, сұйықтық пен жарманың арақатынасымен таныстыру. Дамытушылық: уақытты тиімді пайдалану, жұмыс істеген кезде тазалықты сақтау және ұқыпты болу, ыдыс-аяқтар мен құралдарды дұрыс пайдалана білу жөніндегі білімдерін жетілдіру.Тәрбилік: азық-түліктерге ұқыпты қарауды тәрбиелеу, тағамдарды безендірген кезде эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі  
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс: биология, тарих
Сабақтың көрнекілігі: түрлі жармалар, фотосуреттері, тапсырма карточкалары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. сәлемдесу,түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ТҚЕ еске түсіру
1. Азық-түліктерді өңдеудің негізгі кезеңдерін ата. Олар қалай орындалады?2. Азық-түліктерді жылумен өңдеудің қандай түрлерін білесіңдер?3. Аспаздық жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін айтып беріңдер.4. Таңғы және түскі асқа дастарқанды қалай жасайды?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жармаларды дәнді дақылдардан өндіреді.
Дәнді дақылдарға дәнділер: бидай, сұлы, арпа, күріш, тары, жүгері қарақұмық;
бұршақтұқымдастарға ірі бұршақтар, үрмебұршақ, асбұршақ, жасымық және соя жатады.
Жармалар және бұршақтұқымдастарда крахмал, ақуыз көп мөлшерде болады. Құрамында В1, В2,РР тобының дәрумендері бар.
Жармаларды пайдалану алдында оларды сұрыптайды, елейді, жуады, кептіреді немесе қуырады.
Жармаларды әртүрлі тағамдарды дайындау үшін қолданады:
басытқылар жеңіл тамақ (салаттар, пасталар)
бірінші (сорпалар)
екінші (ботқалар, салмалар, гарнирлер)
тәтті және десерттік тағамдар (мусс, пудингтер)
ұннан жасалған өнімдер (печенье)
Ботқаларды жармалардың кез келген түрінен суға, қаймағы алынбаған немесе жартылай су қосылған сүтке пісіреді. Концентрациясы, қанығу деңгейі, қоюлығы бойынша ботқалар үгілмелі, созылмалы және сұйық түрлерге бөлінеді.
Консистенция - ботқаның тығыздығы мен қаттылығы жарма мен судың арақатынасына байланысты болады.
IV. Жаңа сабақты бекіту Дәнді бұршақ тұқымдас дақылдардың қандай пайдасы бар?
Жармалар қандай тағамдық заттарға бай?
Жарманы алғашқы өңдеуден не үшін өткізу керек?
Жармалардан қандай тағамдар әзірлеуге болады?V. Сарамандық жұмыс. Сергіту сәті Жұмбақ жасыру (нан, дәнді дақылдар туралы)
Қарақұмық ботқасы
Құрал-жабдықтар мен ыдыстар: шойын қазан, таба, қасық, күрекше.
Азық-түлік мөлшері: жарма-70, су – 140, сүт-100 гр, тортасы айырылған май-10 гр, тұз-дәміне қарай, сарымай-10гр.
VI.Cабақты қорытындылау
Көкөністерді өңдеудің мақсаты неде?
Көкөністерді тураудың қандай түрлері бар?
Көкөністерді күрделі тәсілдермен турап үйрен.
VI.Үйге тапсырма беру.
§9 оқу. Жармалардан жасалған тағамдар(буклет жасау)
VII.Бағалау.