?ндірістік о?ыту саба?ыны? жоспары №1


Өндірістік оқыту сабағының жоспары №1
Өткізілген күні: 05.09.2016ж.Топ №:11
Сабақтың тақырыбы: PHP орнату және оның сценарийінің синтаксисі.
Сабақтың мақсат – міндеттері: Студенттерге PHP орнатуды және оның сценарийінің синтаксисімен жұмыс істеуді үйрету.
А) білім берушілік: Студенттерге PHP орнатуды және оның сценарийінің синтаксисімен жұмыс жасау туралы толық мағлұматтар беріп білімдерін нығайту, білік дағдыларын кеңейту. Студенттердін білімдерін шыңдау мақсатында материалдармен қамтамасыз ету. Өтілетін тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру. Өз беттерімен білім алуларына бағыт-бағдар беру.
Б) тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
В) дамытушылық: Студенттің өз бетімен ізденістерінің көмегімен сабақтың барысын кеңейту, жаңа технология элементтерімен жұмыс жасай отырып, оқушыларды шығармашылықпен ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту.
Сабақтың материалдық – техникалық жабдықталуы: Компьютер, ноутбук, проектор, интерактивті тақта, электрондық оқулық, кітаптар, техникалық нұсқама карта.
Оқу – өндірістік жұмыстар объектілері: Модемдік байланыспен қосылған компьютерлік кабинет.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру барысы:
1. Студенттермен амандасу, түгендеу.
2. Студенттердін назарын сабаққа аудару.
ІІ. Кіріспе нұсқау:
Жаңа материалды қабылдауға дайындық.
Жаңа тапсырмаларды орындауға нұсқау беру. Тапсырманы орындау тәсілдерін түсіндіру және көрсету. Әдеттегі қателерді талдау.
Кіріспе нұсқау материалдарын бекіту. Сұрақтар, тапсырмалар.
Жұмыс және жұмыс аяқталған соң жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.
Жұмыс орнын бөлу.
ІІІ. Білім алушылардың өзбетіндік жұмысы:
Тапсырма бойынша: Бейне ролик №1 (PHP бағдарламасын орнату).
IV. Ағымдағы нұсқау:
Білім алушылардың жұмыс орындарын тексеру. Тексеру кезінде тапсырманың дұрыс орындалуын, қауіпсіздік техникасын сақталуын, жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылуын бақылау.
Орындалған жұмыстарды қабылдау және бағалау.
Жұмыс орындарын жинау.
V. Қорытынды нұсқау:
Сабақты қорытындылау.
Қателерді талдау.
Білім алушылардың теориялық білімін тексеру.
Бағалау қорытындысымен таныстыру.
Өндірістік оқыту шебері: Қанат Наурызұлы Ізбасаров