Зат есімні? септелуі. 7-ші сынып


Астана қаласы
№ 8 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Утепова Салиха Қамбаровна
Қазақ тілі
( 7- сынып)
Зат есімнің септелуі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:оқушылардың септік жалғауы туралы алған білімдерін толықтыру, қазақ
тіліндегі басқа жалғаулардан ерекшелігін түсіндіру.
2.Дамытушылық: оқушыларды терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға дағдыландыру,шығармашылық қабілетін шыңдау;
3.Тәрбиелік: ата –баба дәстүрін құрметтейтін, адал достықтың қадіріне жететін, елін сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу
Типі : жаңа сабақты меңгерту
Әдіс –тәсілдері: жаңа білімді меңгерту, баяндау,сұрақ – жауап, көрініс, талдау жұмысы
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі , әдебиет
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру:
1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 Сұрақ – жауап әдісі
а)Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
ә)Зат есім деп қандай сөздерді айтамыз?
б) Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
в)Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
г) Зат есімнің қандай жалғаулары бар?
2. Терме диктанты ( Дәптерлеріне зат есімнен болған сөздерді ғана теріп жазады)
Тапқыр, терезе, кешке, жүгірді, ағаш, мейірім, сүйкімді, алты, жирен сары, қысты-гүні, кітап, ғылым, жетінші, таза, қарлығаш, жайлау, орындады, шапшаң, алтын.
( Тапсырманы дұрыс орындағандарын интербелсенді тақтадан көрсету)
ІІ. Жаңа сабақ. Мағынаны ашу.
Қазақ халқы- өз шежіресін, жеті атасын білетін халық. Ол өзінің ата тегін білгенде ғана тарихын ұмытпайтын, салт -дәстүрін білетін, үлкендерді құрметтейтін, кішіге ізетпен қамқор болатын , елін сүйетін азамат бола алады.
Біздің халқымыз ғана емес, сөздеріміз де, асыл қазынамыз да өздерінің тегін, мағы-насы мен қызметін жетік біліп, тәрбиеге көп көңіл бөледі екен.
Соның бірі – сөз таптары. Қазір біз Зат есім патшалығына саяхат жасап, олардың шежіресімен танысамыз.
Зат есім патшасының бір – бірінен алғыр, ақылды, көкжалдай өткір төрт ұлы болыпты. Ұлдарының мінезі әр түрлі болса да, олар өз мемлекетіне адал, елін сүйетін,
әкесін ардақ тұтатын азаматтар болып өсіпті.
Үлкен ұлы көпшіл, көптеген адамдармен қарым-қатынас жасайтын, жайдарлы болыпты.
Екінші ұлы өз перзенттерін аса қадірлеп, тапқан дүниесін төрт ұлына ғана бөліп беріп отырар екен.
Ал үшінші ұлынан жеті немересі болыпты. Зат есімнің жеті немересі барлық жұрт-
пен бірдей қарым – қатынас жасап, олардың алғысына бөленіп жүрер екен.
Өздерің байқағандай Зат есімнің бұл ұрпағы Септік деп аталады екен. Септіктің өзінен өскен, көбейген ұрпақтарын білген жан ешқашан өмірден адаспайды екен.
Келіңдер ,Септіктің сұрақтары мен жалғауларымен танысайық.
( Интерактивті тақтадан септік жалғауының сұрақтары мен жалғауларын көрсету)
Оқушыларға сөздер айтып, ол сөздерді септету, қосымшаларын айту.
Бүгін ауа райы бұлыңғыр болып, нөсер жауайын деп тұр. Нөсердің астында қалып кетпеу үшін, зат есімге септік жалғауын дұрыс жалғауымыз керек. Сонда күн ашылып кетеді. Ал ,келіңдер, сөздерді септеп көрейік.
-ның
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіртіп айтады


Досың... пышағымен мүйіз кес,
Дұшпаныңның пышағымен киіз кес. кескекескес.

-ты


Атқа ауыр жүк артпа
Дос ...ауыр сөз айтпа

-та

-тан

Ескі дос...есіңнен тастама,
Жаңа дос ...қарыз сұрама

Досың... дос болғанға шаттан,
Дұшпаныңмен дос болудан сақтан.
Ақымақ дос...ақылды жау жақсы
Адал дос... ақың кетпейді.

-мен

-қа

- Балалар, достық дегеніміз не? Қане, кімнің досы бар қолдарыңды көтеріңдер ше?
Достықты әрқашан қадірлеп, қастерлеу керек. Себебі, дос- сенің жан серігің, сырла-сың, жаныңнан табылатын мұңдасың.
Келіңдер, достық туралы Әйтімбет бидің айтқан нақыл сөздеріне көрініс тамашалайық ( Көрініс: «Достық туралы»)
Сұрақтар:
Әйтімбет би неліктен достықты: адал достық және амал достық деп ажыратып отыр деп ойлайсыңдар?
Сендер өздеріңнің достарыңның қандай дос болуын қалар едіңдер?
Осындай достық туралы және қандай оқиғалар білесіңдер?
Жеті саны қазақта киелі болып саналады. Жеті санына қатысты көптеген атаулар аталады. Ал, балалар, сендер осы жеті санына байланысты халқымыздың қандай сөздерін білесіңдер?
Мысалы :
7 ата 7 қазына 7 септік
1. Ата 1. Ер жігіт 1. Атау септік
2. Әке 2. Сұлу әйел 2. Ілік септік
3. Бала 3. Өнер - білім 3.Барыс септік
4. Немере 4. Жүйрік ат 4. Табыс септік
5.Шөбере 5. Қыран бүркіт 5.Жатыс септік
6. Шөпшек 6. Берен мылтық 6. Шығыс септік
7. Немене 7. Құмай тазы 7. Көмектес септік
Оқулықпен жұмыс
40 – жаттығу . Ұжымдық тапсырма
Өлеңді оқып, септелген сөздерді анықтап, септік жалғауы мен сұрақтарды ажырату
Барлығына үлгі болар ,қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат бар.
Жеке басым ең алдымен Мараттың
Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.
Сенбейсің бе, күнделікті парақта:
Талай бестік қойылыпты Маратқа
Батыл емес дей алмайсың Маратты
Сол үйретті ауылдағы бар атты.
Алғыссыз күн болған емес Маратта,
Жетеді онда ынта, жігер талап та
Қай өнер де табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан
Міне, сондай жақсы бала Маратпен
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең!
41 - жаттығу Топтық жұмыс. Оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа өлеңнің екі шумағын бөліп беремін. Әр топ оқушылары өздеріне тиісті шумақты көшіріп жазып, септік жалғаулы сөз қай септікте тұрғанын талдап көрсетеді
Толқыннан толқын туады, Толқын мен толқын сырласып,
Толқынды толқын қуады Сырларын ептеп ұрласып,
Толқын мен толқын жарысад. Толқынға толқын еркелеп,
Күңіренісіп кеңеспен, Меруерт көбікке оранып,
Бітпейтін бір егеспен Жыландай жүзге бұралып,
Жарысып жарға барысад Жарға жетер ентелеп
Өлеңді жазған Мағжан аталарың туралы не білесіңдер? Ақынның қандай өлең- дерін оқығансыңдар?
Келесі тапсырмамыз : Жеке оқушылармен орындалады
Оқушыларға қызыл, жасыл, сары түсті қағаз бөліктері таратылады.
Қызыл түсті алған оқушылар:
«Елім деп еңіреп өткен ерлер» атты тақырыпта ойтолғау жазады
Жасыл түсті алғандар:
42- жаттығуды көшіріп, септелген сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын анықтап көрсетіп жазу
Сары түсті алғандар:
41 – жаттығу . Берілген сөздерді тақтаға жазып, септеп береді
Тапсырмаларды тексеріп, оқушылардың пікірін білу
І Ү Жаңа сабақты бекіту
Қай септікте тұрмын?
1. Отан- алтын ұя ( Атау септік, не? деген сұраққа жауап береді, жалғауы - )
2. Азат елдің аспаны ашық ( Ілік септік, сұрағы ненің? жалғауы- дің)
3. Отанға деген сүйіспеншілік- шексіз сүйіспеншілік( Барыс с. сұрағы неге? жал/уы-ға
4.Отанды сатқан оңбас ( Табыс септік, сұрағы нені? жалғауы –ды)
5. Бағынышты елде бақыт жоқ ( Жатыс с, сұрағы қайда? жалғауы – де)
6. Туған жерден өлсең де кетпе ( Шығыс с, сұрағы қайдан? жалғауы – ден)
7. Адам Отанымен, бұлбұл орманымен көрікті ( Көмектес с. с- несімен? жалғауы-мен
Ү Сабақ қорытындылау Септік жалғауының қызметі– зат есімге жалғанып, оған грамматикалық мағына үстеп ,сөйлемдегі басқа сөздермен байланыстыру. Сондықтан бұл септік басқалармен тығыз қарым – қатынаста болып, татулықты , бірлікті, ынтымақты ұнататын септік. Сол себепті біз бір – бірімізбен тығыз тату болу үшін осы септіктермен достаса білуіміз қажет екен. Сонда ғана біз өзіміздің салтымызды, дәстүрімізді , тіліміз бен тарихымызды жақсы біле аламыз. Өз тілін, тарихын, салт- дәстүрі мен әдет –ғұрпын білген де ғана өз Отанымызды сүйетін ұлтжанды азамат бола аламыз.
ҮІ. Оқушыларды бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма:
1.Бүгінгі тапсырмаларға ұқсас мақал – мәтелдерді септеп келу
2. М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінен септелген сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазып келу
.