Зат есімні? септелуі 4 сынып «Склонение имен существительных ».п


Қосанова Ақыш Ахметқызы № 15 мектеп-лицей
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі.
Сабақтың мақсаты:1.Зат есім ұғымын еске түсіру,түсініктерін кеңейту.Сөздер
ді септіктерге қойып, қолдана білу ережесін меңгерту.Ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.
2.Тәрбиелік: Байланыстыра сөйлеу,жазу сауаттылығын меңгертіп,шығармашылықпен жұмыс істеуге машықтандыру.
3.Дамытушылық: Оқушылардың бойында қарапайымнан күрделіге ұстанымына сүйене отырып,өз ойын дәләлдеу қабілеттерін қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, талдау,жинақтау,дидактикалық әдіс.
Сабақ технологиясы: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Сабақ көрнекілігі: сызбалар,ұлттық ойын асық қималарынан карточкалар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниетану, математика.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері» (бір-біріне сәттілік тілейді )
2.Интерактивті тақтадағы берілген тапсырмаға назар аудару.
ағаш үш қалың аңдиды
дәрігер бесеу тату жауады
ақын жетінші қоңыр киінеді
Оқушыларға ой тастау 1 мин
-Кестедегі сөздер қатары нені білдіреді?
-Оқушылар сөздер қатарының сөз таптарына берілгенін анықтайды.
3.Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ойын қозғау.
-Сөз таптарының ішінде жалғаулардың барлық түрін қабылдайтын қай сөз табы?
-Зат есім. Жалғаудың төрт түрін де қабылдайды.
-Жалғаудың қандай түрлерін білесіңдер? Көптік,жіктік,тәуелдік,септік.
4.Ендеше бүгін Септік атайдың «Жетіген» музыкалық аспабының шығу тарихын асық ойыны арқылы еске түсірейік.
«Жетіген» жеті ішек, жеті тиекті, бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгері-кейінді орналастыру арқылы келтіреді. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп-қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады.Ішектері аттың қылынан тағылады.
5.Ұлттық ойындардың бірі асық ойыны арқылы тапсырманы орындай отырып интерактивті тақтада жауабы жазылады. (Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап бере отырып септіктердің сұрақтары мен жауаптарын ретімен орналастырады.) Жетіген ұлттық аспабының шығу тарихы баяндалып септіктер ретімен орналастырылады.
3.Көркем жазу.Жетіген .
Жетіген –шертіп ойнайтын көне ұлттық аспап. Жетіген сөзін ауызша септеп шығу.
№7 тапсырма.Сөйлемдегі қарамен жазылған сөзге сұрақ қоя отырып көмектес септік сұрақтары мен жалғаулары анықталып, ереже қорытындыланады.
4. Оқулықпен жұмыс.Жұмбақты шешіп, сұрақ қойып септікті анықтау.
Отпен кіріп, күлмен шығып.
5.Тақтамен, дәптермен жұмыс.343-жаттығу. Топпен жұмыс.
6.Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіру.Септік жалғаулы сөздерді тауып,сөз құрамына талда.
І топ.Желмен жарыспа,көлеңкеңді қума. Жел-мен, көлеңкеңді.
ІІ топ.Тіліңмен жүгірме,біліміңмен жүгір.
ІІІ топ.Таспен ұрғанды аспен ұр.
7.Шығармашылық тапсырма.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Тай Білім Еңбек
Берілген сөздермен шағын әңгіме жазып,қай сепікте және қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау.
8.Мәтінмен жұмыс. Алатау мәтінін талдау.
1.Мәтінді оқу
2.Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
3.Көмектес септіктегі сөздерді табу.
4.Мәтінге ат қою.Мәтін түрін анықтау.
-Қазақстанның әсем қаласы Алматы орналасқан Іле Алатауы.
-Қазақстандағы тағы қандай тауларды атай аламыз?
-Алтай,Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань.( Слайд)
9. 348- жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып,сөйлемдерді көшіріп жазу, талдау.
Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық.(Ы.А.)
Ыбырай Алтынсарин кім? Сұрағына тірек сызба құрастыру.
10. «Кубизм» стратегиясы.
1.Суреттеңіз.Зат есім ережесі.
2.Салыстырыңыз. Зат есімді басқа сөз табымен салыстыру.
3.Зерттеңіз. Зат есімнің ерекшелігі. 4 жалғауды да қабылдайды.
4.Қолданыңыз.Зат есімді түрлендіру.
5.Ойыңызбен байланыстырыңыз.
Зат есім туралы не білесің? Тірек сызба құрастыру.
Зат есімнің жекеше,көпше түрі.Зат есімнің көпше түрі.Зат есімнің тәуелденуі.Сұрақтары Кім?Не?Кімдер?Нелер?Зат есімнің жіктелуі. Сөз табы.Ереже.Зат есімнің септелуі.Негізгі зат есім.Туынды зат есім.Жалқы есім.Жалпы есім.
6.Талқылаңыз немесе қарсы шығыңыз.
1.Зат есім сөз табы.
2.Жалғаудың 4түрін де қабылдай алады.
3.Негізгі,туынды зат есім.
4.Зат есім сөйлемнің барлық (5)мүшесі бола алады.
5.Негізгі қызметі- бастауыш.
15.Кері байланыс-Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз?
-Қандай жаңа ұғымдармен таныстық?