Paint графикалы? редактор (5 сынып)


4962525-33132
Оңтүстік Қазақстан облысы
Төлеби ауданы
Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі Алтаева Марал Байсеитқызы
Сыныбы 5
Сабақтың тақырыбы:
Paint редакторында үзінділермен орындалатын әрекеттер.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Paint бағдарламасында командалары арқылы үзінділерге амалдар қолдану туралы алған білімдерін қорытындылау.Үзінділерді жылжыту, көшіру, бұру, қисайту, көбейту әрекеттерін практика жүзінде дамыта түсу.
Дамытушылығы: оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, оқу іс-әрекетін белсендіруге үйрету.
Тәрбиелігі: жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке , бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың түрі: жарыс
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, компьютер, плакаттар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Сыныпты 3 топқа бөліп , топтарға атау беріп таныстыру.
Сабақтың барысы:
І кезең “Полиглот”
ІІ кезең “Бәйге ”
ІІІ кезең “Бильярд ” ойыны
ІV кезең Activ slateпен жұмыс (қашықтықтан сурет салу)
V кезең “Қарақшыны киіндіру”
VІ кезең: Бағалау, үйге тапсырма.
І кезең “Қанша тілді білесің?” ойыны.
Ойынның шарты: Интерактивті тақтада сөз шығады, сол сөздің аудармасын орыс және ағылшын тілдерінде айту керек.Қолды бірінші болып көтерген топ жауап береді, егер жауабы дұрыс болса, сол топ ұпай алады.
Терезе, окно, window
Өшіргіш, ластик, eraser
Қарындаш , карандаш, pensil
Cақтау, сохранить, save
Ашу , открыть, open
Сызық , линия, line
Бояу , закрашивание, painting
Қылқалам , кисть, brush
Жабу , закрыть, close
Шекара, граница, bound
Тышқан, мышь, mouse
ІІ кезең “Бәйге ”.
Ойынның шарты: Интерактивті тақтада 10 ұпайлық 3 ұяшық, 20 ұпайлық 3 ұяшық, 30 ұпайлық 3 ұяшық және 40 ұпайлық 3 ұяшық шығады.Әр ұяшықтың ішінде сұрақ жасырылған. Оқушы ұяшықты басқан кезде сұрақ шығады.Сұраққа дұрыс жауап берсе сол ұпайды иеленеді.
10 ұпайлық ұяшықтардағы сұрақтар:
1. Paint қандай бағдарлама?
Paint графикалық бағдарлама
2. Paint-ты қалай іске қосамыз?
Пуск-Все программы-Стандартные-Paint
3. Paint терезесінің элементтерін ата
Тақырып жолы, мәзір жолы, құрал-саймандар тақтасы, түстер палитрасы, жұмыс аймағы, қалып күй жолы.
20 ұпайлық ұяшықтардағы сұрақтар:
1. Суретті қалай сақтаймыз?
Файл- Сохранить
2.Салынған суретті қалай ашамыз?
Файл-Открыть
3. Шығару құрылғыларын ата
Принтер, экран, проектор
30 ұпайлық ұяшықтардағы сұрақтар:
1. Үзінділермен қандай амалдар орындауға болады?
Еңкейтуге, созуға, бұруға, көшіруге, өшіруге, көбейтуге болады.
2.Редактордың командаларын ата
Қайталау командасы
Орындатпау командасы
3.Paint бағдарламасында қанша құрал сайман бар?
16 құрал сайманы бар
40 ұпайлық ұяшықтардағы сұрақтар
1.Мысық қатарынан бірнеше күн графикалық редакторда сурет салды.Ол оны күшіктің туған күніне сыйламақшы еді.Сурет дайын болар кезде, мысықтың бояуы төгіліп, бүкіл суретін жауып кетті. Басқа суретті салғанға уақыты жоқ. Оған қалай көмектесеміз?
2.Кеңес бергендеріңе мысық өте риза болды.Оның қуанғаны сонша, бір рет орындаудың орнына үш рет орындап, суреттің ең маңызды бөліктерін жоғалтып алды. Ол тағы жылап отыр.Қалай көмектесеміз?
3.Үзіндіні өшіру үшін не істейміз?
Үзіндіні ерекшелеп алып, өшіру батырмасын басамыз.
ІІІ кезең “Бильярд ” ойыны
Шарты: Қызыл, жысыл, көк шариктердің астында 4 құралдан жасырылған, шарикті басқан кезде құрал шығады, сол құралдың атауын және не үшін қолданатының айту керек.
Ерікті аймақты белгілеу
Құю құралы
Түс таңдау құралы
Қисық сызықтарды сызуға арналған
Көпбұрыш , ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады
Тік төртбұрыштар салуға арналған
Жазу, бұл сурет ішінде мәтін орналастырады
Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған.Кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады.
Бұл Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдап алуға болады
Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған
Бүріккіш, пульвелизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді
Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді
Қарындаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі жуандықта сызуға арналған
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрышты салуға арналған
Өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған
ІV кезең. Activ slatепен жұмыс.
Activ Slate құрылғысы қашықтықтан интерактивті тақтада сурет салу үшін арналған құрылғы.
Оқушылар суреттің бір үзіндісін салып Activ slate-ты келесі оқушыға береді, уақыт беріледі, қай топ жылдам және әдемі аққаланы салса , сол топ жоғары ұпайды алады. Қалған екі топ сол уақытта қарсы топтар үйде дайындап келген сөзжұмбақтарын шешу керек.

V кезең. Қарақшыны киіндіру.(Практикалық жұмыс)
Әр топ бір қарақшыны киіндіру қажет. Ол үшін киімді кесіп алып, қарақшының үстіне апарады.

Ұпайларды санап , жеңімпаз топты марапаттау.
Бағалау.