?аза? тілінен саба? жоспары Тіл ж?не с?йлеу


Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 4 «В»
Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу
Сабақтың мақсаты: Тіл мен сөйлеудің адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін кеңейту
Күтілетін нәтиже:
Пәндік:тіл және сөйлеу туралы алдыңғы сыныптарда алған білімдерін жетілдіру;
Тұлғалық: өз ана тілін білунен және құрметтеуінен, дұрыс сөйлеу мәдениетін меңгеруінен;
Жүйелік-әрекеттік: өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе білуінен, сөз мағынасын түсіне білуінен көрінеді;
Сабақтың әдіс тәсілдері: талдау
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу
Көрнекілік: үнтаспада құстың, жаңбырдың, жылқының, судың дыбысы
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық
Қайырлы күн достым,
Күлші қане, достым.
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн міне,
Күлші қане, достым.
Сәттілікке толсын!
ІІ Қызығушылығын ояту
4-сыныптың қазақ тілі оқулығымен таныстыру.Тақтада «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой» деген мақал жазулы тұр.
-Тақтадағы жазылған мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
-Бүгін біз сабақты бекерден бұл мақалмен бастап тұрған жоқпыз.Қазақ тілі сабағында сөздің мағынасын түсінуді, оларды дұрыс айтып, оны сөйлеу тілімізде қолдана білуге үйренуді әрі қарай жалғастырамыз.
ІІІ Мағынаны тану
-Сөйлеу адамға не үшін қажет?
-Ал сөйлеудің қандай түрлері бар?
Ендігі білімімізді 1-жаттығу бойынша толықтырып көрейік
Оқушылар сурет бойынша ойларын айтады.
Тақтада мынадай мақалдар жазылып тұрады.
«Ми ойлағанды тіл тындырады»
«Сөз сөзден туады, сөйлемесе неден туады»
«Қымбат дүние қолға түсе бермейді, қымбат сөз ауызға түсе бермейді»
Мақалдың мазмұнын аша отырып, оқушылар тілдің құдіреті туралы түсінік алады.
2-жаттығу Мәтінді көшіріп жазып, суретті жазу мен қазіргі жазудың айырмашылығын айтып, талдап өтеді.
ІV Сергіту сәті
Екі қолды қосқанда,
Құшақ емес пе?
Екі қанат аспанда,
Ұшады емес пе?
Екі аяғым тірегім,
Адымдап мен жүремін.
Алтын күзге риза боп,
Басымды мен иемін.
3-жаттығу Суретте берілген шартты белгілерді қысқаша жазып береді.
Пойыз жүретін жол белгісі. Автобус өтетін жол белгісі. Абайлаңыз, балалар!Жаяу жүргіншілер жол белгісі.
5-жаттығу
Өлеңді көшіріп жазып, талдау жасалады.
Біркелкі зулаймын,
Тым шұғыл бұрмаймын.
Дөңес пе, еңес пе
Бұдыр ма, тегіс пе,
Мұқият барлаймын.
V Ой толғаныс
Сөйлеу тілі арқылы нені анықтаймыз?
-Ежелгі адамдар сурет арқылы қалай жазды?
Үйге тапсырма: 5 беттегі 4-жаттығу
Бағалау: сабақ барысында белсенді қатысқан оқушыларды бағалау