План урока по казахскому языку Саба?ты етістік пен салт етістік


Бекітемін: _________________
Сынып: VІ
Күні: 18.01.2016 ж. Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақтың мақсаты: 1. Етістіктердің мағынасына қарай сабақты етістік пен салт етістіктер болып
бөлінетіндігі туралы толық теориялық мағлұмат беру, оқушылардың білі-
мін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру.2. Оқушыларға тақырыпты меңгерту, сауаттылыққа баулу, сөйлеу мәдение-
тін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту;
3. Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып,
оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға,
еңбектенуге, тиянақтылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері
Көрнекілігі: Кесте
САБАҚ БАРЫСЫ:
Кезеңдері Уақыты
Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару
Ұйымдастыру 2 мин Үй тапсырмасын
тексеру 8 мин Болымды етістік дегеніміз не?
Болымсыз етістік дегеніміз не?
Болымсыз етістік қалай жасалады?
180-ж.Өлең жолдарындағы етістіктің мағынасын анықтап, болым-
сыз етістіктердің қалай жасалғанын түсіндіру.
Мақтанба, баптанба, жанбай, дей көрме, ерме, алма, біле алмай, құр қалма.
Қызығушылықты
ояту
3 мин Топтастыру


етістік


Мағынаны тану 25 мин Жаңа сабақты түсіндіру
Етістік

(мағынасына қарай)

Салт етістік
Сабақты етістік


Табыс жалғаулы сөзді қажет етеді
Табыс жалғаулы сөзді қажет етпейді



Жаттығу жұмысы
181-ж. Мақал-мәтел құрамындағы етістіктерді тауып, қайсысы
сабақты, қайсысы салт екенін анықтаңдар.
Күшін сұрама, ісін сұра, пейіліңді көрсет, мейіріңді көрсет, отты өшірерсің, семіздікті көтерер, азығын жина, жерін мақтайды, кө-лін мақтайды, кенін мақтайды.
182-ж. Етістіктерді тіркесіп тұрған сөздерімен бірге көшіріп жа-
зыңдар. Оларды етістіктің қай түріне жататынын анықтаң-
дар.
183-ж. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, салт етістіктердің астын
ирек сызықпен сызыңдар.
185-ж. Мәтіннен сабақты етістікті тауып, оны өзі тіркесіп тұрған
сөзбен бірге көшіріп жазыңдар.

Ой толғаныс
5 мин
ВЕНН диаграммасы

Сабақты етістіктер
Салт етістіктер


Үйге тапсырма 2 мин 184-жаттығу. Ереже жаттау.
Бағалау
1 мин