Бейнелеу ?нері п?нінен саба? жоспары: ?рнектерді? т?стері мен бояулары.


Сабақтың тақырыбы: Өрнектердің түстері мен бояулары
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ою-өрнектегі түс пен ренде
рімен таныстыру. Түстердің мағынасы туралы
түсінікнік беру. Түстерді таңдауда эстетикалық
көзқарастарын дамыту. Бояуды дайындау жол
жолдарын меңгерту. Жұмыс үстінде ұқыпты-
лыққа тәрбиелеу.
Сабақтың құрал-жабдықтары: түстер спектры, ою-өрнекпен әше
кейленген қолөнер бұйымдарының үлгілері,
түрлі түсті өрнектер үлгілері.
Сабақтың барысы: 1. Өткен сабақты қайталау, бекіту.
Қазақ ою-өрнектері қаншаға жуық?
Қазақ ою-өрнектерінің неше түрлері бар?
Оларға мысал келтіріңдер.
2. Жаңа тақырыпты әңгімелеу. Өрнек-әшекейлерді бояудың түсіне қарай оюластырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай әсем көрнекті болса да кұңгірт, салқын түске айналдырады.
Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық тарихымен байланысты символдық мәні болған. Әрбір халық түрлі символдық мәнге ие. Фон және суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып келеді. Қазақта кейбір түстердің мынандай символдық мәні бар: көк түс – аспанның символы, қызыл түс – оттың, күн көзінің символы, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, бақыттың символы, қара түс – жердің символы, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстердің бірімен бояғанда оған белгілі мән беріледі.
Қазақ өрнектерінде түстердің орналасуының өзіндік тәртібі бар. Мысалы: кестелі ұлт киімдерінде қара барқыт, көк барқыт негізгі түс (фон) ретінде көп пайдаланылған. Сары және қызыл жіптер негізгі түстер үшін ұнамды болып есептеледі. Ал қара түспен әшекейлеу сирегірек кездеседі., олар тек сырмаққа, аяққапқа, сандыққапқа, басқа оюлар мен күміске жүргізген. Өрнектерді халықтық мәнер көптеген оюлар мен кестелердегі бояу үстерінің бір-бірінен өте алшақ болып тым ашық түсті болып тұрғанын жаратпайды. Көп түсті өрнектермен тігілген кестелерде, құрақтарда, ши орау түрлерінде олардың көрнекі жерін бір рет ашық түспен береді де, одан әрі бірте-бірте ашыла бастайтындай етіп бояу реңін біркелкі жарасымды түстермен өрбітіп отырады.
Өрнек бірнеше түрге бөлінеді. Өрнектерді құру заңдылығына байланысты оны үш түрге бөлеміз:
Өрнекті ленталар (фриз, жиектеу, жолақты, т.б.)
Табақша (айнала қоршау ішіндегі өрнектер)
Торлы өрнектер (үстін толық өрнекпен безендіру)
Бұдан басқа өрнектер жазықтық бетіндегі және рельефтік болып екі түрге бөлінеді.
Жазық өрнектер – жазықтық бетінде немесе қисық бетте түспен түрлі сызықтар көмегімен безендіріледі. Жазық өрнектер киімдерді, үй ішін, тұрмыс заттарын т.б. безендіруге пайдаланылады. Сонымен қатар сәндік безендіру өнерінде кітапты безендіру, хабарлама, қабырға газеттері т.б. маңызды рөл атқарады. Рельефтік немесе бұдыр шығыңқы өрнектер ағашта, сүйекте, таста немесе темірде арнайы көркем жұмыстар көмегімен арнайы материалдармен жасалады.
Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың негізінен үш түрі бар.
Осы заманғы химиялық әдістермен өндірілетін алуан түсті ұнтақ пен сұйық бояулар.
Табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан (охра), әр түрлі минералдар мен өсімдік жемістерінен, малдың қаны мен бауырынан алынады.
Шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар, оларға әр түрлі қоспалар қосылып пайдаланылады.
3. Тақырыпты түсіндіру. Өрнек - әшекейлерді бояудың түсіне қарай орналастырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі бір тәртіппен кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай жақсы ою болса да күңгірт, солғын түске айналады. Ою-өрнектерді әр түсті бояулармен алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар. Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық тарихымен де байланысты символдық мәні болған. Фон және суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып келеді. Бағана айтып өткендей қазақтарда қайсыбір түстің символдық мәні бар. Көк түс аспанның, қызыл түс-оттың, күн көзінің символы, сары түс-ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның символы, қара түс-жерсимволы, жасыл түс-жастықтың, көктемнің символы. Ал енді осы түстер символикасын және өткен сабақта алған білімімізді пайдалана отырып, танысқан ою-өрнек элементтерін ақ қағаз бетіне түсіріп көрсету.
Мысалы: «ағаш» өрнегін – жасыл түспен, «жұлдыз» өрнегі-қызыл түспен, көк фонмен т.б.
4. Оқушылардың өзіндік жұмыстары. Кез келген өрнек элементін таңдап алып қағаз бетіне түсіріп мағынасын ескере отырып фон таңдау және өрнектің түсін таңдау.
-Өрнектің пішінін анықтау
-Жобалау, үйлестіру
-Түс таңдау, фон таңдау
-Суретті аяқтау
5. Сабақтың қорытындысы. Сабақты бекіту. Оқушылардың жұмыстарын көрме ұйымдастырып салыстыру арқылы бағалау.
6.Жұмыс орындарын жинақтау