Turbo Pascal-да есеп шы?аруда шарт бойынша циклді ?йымдастыру Repeat операторымен ж?мыс


Turbo Pascal-да есеп шығаруда шарт бойынша циклді ұйымдастыру Repeat операторымен жұмыс
Циклдің процестері ұйымдастыруда Repeat операторы циклдің қайталану саны белгілі болғанда қолданылады. Мұндай жағдайлар көбінесе программаларды құрғанда кездеседі. Әрине бұл оператор бірден белгісіз санның қайталануынан немесе берілген формуламен есептелетін болса ғана қолданылады.
Repeat операторының жалпы жазылуы:
Repeat
<циклдің денесі>
Until<шарт>
Мұндағы, қызметші сөздері Repeat- қайтала, Until- соған дейін деген мағынада қолданылады. Цикл денесі – қайталанып орындалатын бір немесе бірнеше операторлардан тұрады. Цикл денесін құрайтын операторлар санын шектеу қойылмайды. Шартты тексеру логикалық өрнек арқылы жүргізіледі.
Орындалу ережесі: Repeat сөзінен кейін жазылған операторлар бір рет орындалады. Шарт жалған болса операторлар қайталанып орындала береді. Шарт ақиқат болғада ғана тоқтайды, яғни орындалмайды.
Repeat операторы алгоритмдік тілдегі “дейін” цикл командасына ұқсас. “Әзір” цикл командасынан “дейін” циклінің айырмашылығы: қойылған шартқа тәуелсіз бірнеше цикл денесі орындалады. Сонан кейін, шарт тексеріледі. Демек, шарт ақиқат болмаса цикл денесі кемінде бір рет орындалады. Repeat операторының қызметін суреттегі блок схема арқылы сипаттауға болады.
Repeat операторы құрамды оператордың орындалуын талап етпейді. Бірақ бұл Repeat операторы циклдің бір рет те орындалуын қажет ететін жағдайда циклдарды жазуға жарамайды. Егер мұндай жағдайда болса, онда алғышарт операторын қолдануымыз керек. Мысалы: 1кг ірімшік 300 теңге тұрады. Ірімшіктің 100,200,300,...1000 граммына төленетін теңгені анықтайтын және есептің жауабын кесте түрінде шығарудың программасын жазыңыз.
Program pr2;
Var m:integer; {Бүтін}
z:real;{Нақты}
Begin
m:=100;
Repeat
z:=(300*m)/1000;
Writeln(m,’___’,z);
m:=m+100;
until m>1000;
readlnend.
Параметрлі қайталану операторы For операторы
Циклдік құрылымды алгоритмді программалауда қайталанушы процесс бір айнымалының мәніне тәуелді болса, For операторын қолданамыз. Айнымалы тек бір қадамға ғана өзгере отырып циклді басқарыды. Бұл айнымалы циклдің параметрлі қайталану операторы деп аталынады. Санағышы бар параметрлі цикл операторы цикл қайталануын бақылайтын санағыштың алғашқы және соңғы мәндері алдын ала белгілі болған кезде ғана қолданылады.
For операторы алгоритмдік тілдегі параметрлі қайталану командасына сәйкес келеді. і үшін m1 бастап m2 дейін h қадам
Цб
Серия
Цс
For операторы екі түрлі жазылады:
А) for I:=A to B do
Begin

End;
Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған операторлар I:=A, I:=A+1, I:=A+2,…,I:=B үшін орындалады. Мұндағы І цикл параметрі, А –параметрдің бастапқы мәні, В-параметрдің соңғы мәні.
For Х:=М1 to M2 do S1;
Мұндағы, қызметші сөздер: For(үшін), to(дейін) циклдің қадамы +1-ге өсіп отыратынын көрсетеді, do(орында);
Х- скалярлық типтегі айнымалы циклдің параметрі;
М1-цикл параметрінің бастапқы мәні;
М2-цикл параметрінің соңғы мәні;
S1-параметріне тәуелді қайталанып орындалатын оператор. Сондықтан, S1-цикл денесі деп аталады.
Б) For I:=A DOWN TO B DO
Begin

End;
Орындау ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған операторлар I:=A, I:=A-1, I:=A-2,…, I:=B үшін орындалады.
For X:=M1 down to M2 do S1;
1-нұсқадан өзгешелігі to сөзінің орнына down to (төменге дейін) қызметші сөзі жазылады. down to циклдің өзгеру қадамы –1 тең екендігін көрсетеді. Мұндағы Х –тің мәні М1- ден М2-ге дейін –1 қадаммен кему үшін М1>M2 шарты орындалуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса цикл денесі бірде бір рет орындалмайды.
Егер, цикл денесі бірнеше оператордан тұрса, Begin және End операторлар жақшасынпайдаланамыз.
Параметрдің мәніне тәуелді циклді блок схемасында төмендегідей сипаттайды.