Т?рбие са?аты на казакском языке Елбасы-ел намысы, ел тірегі 2 класс


Мақсаты:
Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін,тұлғалық тұғырын түсіндіру.Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру. «1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні » мерекесінің мәнін ашу Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы , туып өскен , оқып білім алған , қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Оқушылардың бойына Елбасына деген сүйіспеншілік ,құрмет сезімін қалыптастыру.
Мұғалім:
Енді оқушылар біз бүгін Елбасымыздың өмірі туралы,осы 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы,Президентіміздің кезінде қандай тұлға болғандығы жөнінде сөз қозғаймыз.Қарапайм металлург жігіт қалай Елбасы болды соны білеміз
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.
1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
Айтқазы Мәди:
Азаптың артта қалды сан ғасыры, Қазақтың жетті әлемге алғаш үні. Дүниенің төрт бұрышы түгел көрдіТөрінде көш бастаған Елбасыны
Атапкел Әнел:
Шартарапта шаттығындай азат күн,
Ғасыр сүйіп түрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,
Шалқи берсін Ән ұраны қазақтың!

Сағат Рауан:
Жұлдызды жыр тумаса жарқылдаған
Қайтеді құлақ тіріп халқым маған
Көк байрақ құдіретті Ер қасында
Қыранның күнің нұры алтындағы 
Сейфуллина Альфия:
 «Елбасына»Ауыр күнді артымызға тастауы –Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,Елбасымыз Нұрағаңның бастауыТуды ұстап тура жолға түсіріп,Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай
Бегендік Дария:Елбасымыз саған мәңгі разымыз,Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,Сіз біздердің піріміз де, әніміз.Бір керемет жасады - ау кісілік!
Оразғали Нұрғазы:
Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесінің орасан зор.
Қорытынды.Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.Ән: «Жаса Қазақстан».
Шахта орта мектебі


(тәрбие сағаты 2 сынып)

Избенова Г
2016 жыл