Емтихан?а дейінгі ж?не емтихан кезіндегі т?ртіп барысында?ы ?сыныстар.


Емтихан кезіндегі тәртіп
Материалда: магнитафон, ватман, әр түрлі сурет салу құралдары, А4 қағаздары, қарындаштар, тестке жауап жазатын бланктер.
«Менің қыймылымды қайтала» жаттығуы.
Мақсаты:ақпаратты қабылдау және таратудың табыстылығына әсер етуші факторларды дамыту.
Уақыты: 15 минут.
Ережелер: Шеңберге тұрыңдар. Қазір көңілді музыкамен билейміз. Тек мына шартты орындауымыз керек: бастапқыда әркім бір қыймыл орындайды, менің белгім бойынша (алақан шапапалақтау) оң жағыңдағы көршіңнің қыймылын қайталайсың.. Егер барлығымыз зейін сала орындасақ ойын соңында сіздің өз қыймылыңыз өзіңізге қайтып келеді.
Талдау: көңіл – күйлерің қалай? Кімге өз қыймылы қайтып келді? Ол өзгеріп пе? Бастапқы қыймылыңызды көрсетіңізші?
«Сәлем хат» жаттығуы
Мақсаты: жұмысқа оң бағытталу, топтың ұйымшылдығын арттыру, эмпатия сезімін дамыту.
Уақыт: 5 минут
Алдарыңдағы кішкентай қағазға әркім өз сәлемін жазып қобдишаға салады. Мен оны араластырамын,сендер бір-бірден суырасыңдар да дауыстап топқа оқып бересіңдер.
Талдау:Сәлем хат жазу қиын болды ма?
Біреудің сәлемін оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
Ал өздеріңнің сәлемдеріңді оқығанда ше?
Тренингті жалғастыруға дайынсыңдар ма?
«Жарайсың!» жаттығуы.
Мақсаты:Стресс кезінде өзіңе деген сенімділікті арттыру.
Уақыты:10 минут.
Ережесі:Екі шеңбер құрамыз: біреуі ішкі, біреуі сыртқы.Сыртқы шеңбердегілер өздеріне қосағын тауып алып, оған қарама қарсы тұрады да кезекпен өзінің жетістіктері туралы айтады. Тыңдап тұрған адам әр бір жетістікті естіген сайын саусағын бүгіп, «Жарайсың! Бір! Жарайсың! Екі!» деп санайды. Өзің туралы жаман ойлар болсадағы сен жақсы екеніңді жігерлене раста.
Егер кімде – кім өзін ыңғайсыз сезініп ұялатын болса іштей «Мен өзімді жақсы көремін, мен сыяқты ешкім жоқ, мен ешкімге де ұқсамайтын, қайталанбайтын адаммын!» деп айтыңыз, қайталаңыз.
Егерде басыңызға өзіңіз туралы жаман ойлар келген жағдайда сіз әлі даму үстінде екеніңізді ұмытпаңыз, сіз әлі қалыптасып болған жоқсыз сондықтан кемшіліксіз болмайды. Дәл қазір ол туралы емес, жетістіктеріміз туралы айтуымыз керек.
Менің белгім бойынша ішкі шеңбер орнында қалады ал сыртқы шеңбер оңға бір адым жылжып қосақтарымызды ауыстырамыз. Ойын ары қарай жалғасады.
Талдау:
Өзіңіздің жақсылықтарыңыз туралы көп есіңізге түстіме?
Кей-кезде өзіңізге «Бұны мен жақсы жасадым!» деп айтасызба?
Егер бір дөрекі қателік жіберген болсаңыз өзіңіз туралы не айтасыз?
Неге өзіңіз туралы жақсы сөздер айту маңызды?
Қосағыңыздан неге үйрендіңіз?
«Өзіңді емтихан кезінде қалай ұстауың керек» мини лекция.
Мақсаты:Түлектерді емтихан алдында және емтихан кезінде өзін қалай ұстау керектігін ережелер арқылы таныстыру
Уақыты:15 минут.
Талдау: Өз бойларыңда қандай ерекшеліктерді өзгерткілерің келеді? Неге?
Тест: «Менің өзімді сезінуім»
Мақсаты: Өз жеке басытарыңның ерекшеліктері туралы, әдеттері туралы, жалпы өзің туралы ой жүгіртуге мүмкіншілік жасау.
Уақыт: 15 минут.
Шарттарымен таныстыру: Төменде келтірілген ой- пікірлерге «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіздер. Ашылып шын жауап беруге тырысыңыздар. Тесттің қорытындысынан шыққан ақпарат ең әуелі өзіңізге керек. Ол сізге өз бойыңыздағы ерекшеліктерге ой жүгіртіп, тренинг жаттығуларын орындауда көмек болады.
Тесттің жауаптарын талдай келе «көбінде осылай болады» деген ой тұжырымдауын пайдалана отырып кәдімгі жағдайдағы іс-әрекетіңізді сыйпаттайтын жағдайда «ия» деп жауап беріңіз. (қосымша тест 11в)
Кілті: Әр бір «ия» деген жауапқа бір балдан қойып, қосындысын шығарыңыз.
1-2 балл. Өмірдің кейбір қиыншылықтары болсадағы сіз оны ашық қызыл (розовый) түсте көресіз. Ол жаман да емес, белгілі бір шекке жеткенше.
3-6 балл. Сіздің өмірге деген көзқарасыңыз жалпы алғанда нормадағы деңгейде, бірақта қазірден бір шаршағандық, мысқыл көзқарас сезінеді. Ерте емеспе?
7-10 балл. Сізбен байланысты болған оқыйғаның бәрін теріс, жаман (негативті) қабылдайсыз. Сіздің өміріңізде қуанышты сәттердің мүлдем болмағаныма?
Әрине сіз келіспеуге құқылысыз, сондадағы шыққан қорытынды туралы ойлану сізге пайдалы болар. Сонымен қатар алдымыздағы Емтиханға қандай киіммен барған жөн.
Киімнің түсі көзге жағымды , қонымды ,біріңғай, байыпты түстен және синтетикалық емес болғаны дұрыс. Алыстан айқайлап тұратын, көзге ерекше түсетіндей киімдерді кимеуге тырысыңыз. Өзіңізбен сұхбаттасатын адамдарда жағымсыз пікір тудырмауға тырысыңыз. Артық ешнәрсе болмауға тиіс! Емтиханнан соң мейлі, не кисеңізде өзіңіз білесіз.
Емтиханға дейінгі және емтихан кезіндегі тәртіп барысындағы ұсыныстар.
Емтиханға бір күн қалғанда ештеңе істемеңіз. Егер оқып үлгермеген жерлерің болса тырыспағаныңыз жөн, оданда дем алып, ертеңгі емтихан туралы біраз ұмытқаныңыз дұрыс.
Емтихан алдында ұйқыны қандырып алу керек.
Емтиханға кірер есік алдында өзіңді сабырлық сақтауға жинақта «Мен сабырлымын! Мен мүлдем сабырылымын.» деп бірнеше рет қайтала. Жауап берушілердің алдыңғы қатарымен бар. Неғұрлым көп отырсаң соғұрлым үрейленіп, мазаң кетеді.
Өз бойыңды жинақтап, ойыңды шоғырландыр.
Тапсыратындығыңа сенімді болып бөлмеге нық кір.
Арқаңды түзу ұстап, ыңғайланып отыр. «Мен басқалардан биікпін, ақылдырақпын, қулаумын сондықтан мен ойлағандай жақсы болады» деп ойлан. «Мен сабырлымын, мен мүлдем сабырлымын» деген сөзге тоқтал. Бірнеше рет қайтала. Ақырында саусақтарыңды жұмырдыққа түй.
Жайсыздықтан арылу үшін мынандай демалу жаттығуларын жаса:
– ыңғайланып отыр
мұрныңмен терең дем ал (4-6секунд)
демді ішіңде ұстап тұр (2-3 секунд)
баяу шығар
Тест бланктерін толтыруда артық сұрақ қоймас үшін зейін қойып тыңда. Саған бәрін түсіндіріп айтады: қалай толтыру керек, қандай әріппен жазу керектігін, қандай санмен облыс, аудан, мектеп номерін жазу керектігін т .с.с.
Зейініңді тапсырманы орындауға шоғырландырып айналадағыларға көңіл аудармауға тырыс. Асықпай тез орындауға тырыс. Тапсырманы толығымен оқып шық. Асығамын деп басын оқып, аяғын өзің құрастырма. Сенен нені сұрап тұрғанын анықта!
Сұрақтардың ішінен күдіксіз, жақсы білетініңе бірінші жауап бер. Сонда сенің бойыңда сенім күші арта бастайды да сен сабырлы қалыпқа түсесің. Кез келген тестте сен жақсы білетін сұрақтар бар, тек ойыңды шоғырлындыр.
Жаңа тапсырмаға көшкенде алдыңғыны ұмыт, тест жауаптары бірімен бірімен байланысты болмайды.
Жауап бергенде бір – бірлеп шығарып тастау тәсілін қолдан! Мүлдем келмейді дегендерін бір – бірлеп шығара отырып жауап бер.
Егер анық жауабын білмей күмәндансаң өз интуицияңа сенім арт.
Тексеруге уақыт қалдыр, көзіңмен бір жүгіртіп тексеріп шықсаң мүмкін айқын қателеріңді байқарсың.
Барлық тапсырмаларды орындап шығуға тырыс. Есіңде болсын, жүз пайызға толық жауап берушілер кемде кем. Өйткені тесттік тапсырмалар максималды деңгейге есептелінген. Жақсы бағаға 80-70 пайызда жетіп қалады.
Ауызша жауап бергенде нені ескеру керек:
Егер емтихан алып отырған адам шапшаң қимылды, ширық болса онда сенің созып, ақырын берген жауабың оның көңілін қайтаруы мүмкін.
Керісінше байыпты, салмақты адамға сенің шапшаң, қатты, қыймыл-қозғалысыңды қоса берген жауабың ұнамауы мүмкін.
Әр нәрсенің шекті болуын есіңнен шығарма. Артық кетпе!
5.«Мен өзімді ..... үшін мадақтаймын» жаттығу.
Мақсаты: Өзін бағалауды жоғарлату, эмпатияны дамыту.
Уақыты: 10 минут
Ережесі:Мен сендерді өздеріңді өздерің бір нәрсе үшін мақтауларыңды ұсынамын. Мақтауды көп айтатын кез келді, бірақ мұны біз өте сирек жасаймыз. Бүгін сондай өзіңді-өзің неге болсын мақтайтын мүмкіншілік туып тұр! Ендеше мына жолдағы сойлемді жалғастырыңыз: «Мен өзімді ..... үшін мақтаймын».
Талдау: Өзіңді мақтау қиынға соқты ма?
Осы жаттығуды орындай отырып қандай сезім биледі бойыңды?