Биология п?ні бойынша I-жарты жылды?та ?ткен та?ырыптар?а тест тапсырмалары. Ба?ылау ж?мысы (6сынып)


Биология пәні бойынша I-жарты жылдықта өткен тақырыптарға тест тапсырмалары. "Бақылау жұмысы" (6сынып)
Тилеуханова Меруерт Тилеухановна
Биология пәні мұғалімі
Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі КММ
1-бөлім. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Микроскоптың жарық түсіретін бөлімі:
а) көру түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив г) тұтқасы
Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)бұранда ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше г) айна
.Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі зат:
а )цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль г)пластид
Тек өсімдік жасушасында болатын органоид:
а)ядро ә)пластидтер б)вакуоль в)цитоплазма г) қабықша
Жасушаға белгілі пішін, мықтылық қасиет беріп, зақымданудан қорғайтын органоид:
а)цитоплазма ә)ядро б)жасуша қабықшасы в)вакуоль г) пластид
Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:
а)цитоплазма ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль г) митохондрия
Цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын, көбеюге қатысатын жасуша бөлігі:
а)вакуоль ә)цитоплазма б)ядро в)пластидтер г) митохондрия
Өсімдік тұқымында, тамырында, түйнегінде қор жинауға қатысатын пластидтер:
а)хромопластар ә)лейкопластар б)хлоропластар в)фито пласт г)биоласт
Фотосинтез процесіне қатысатын пластидтер:
а)хлоропластар ә)хромопластар б)лейкопластар в) фитопласт г)пласт
Гүл күлтелеріне түс беретін пластидтер:
а) хлоропластар ә)лейкопластар б)хромопластар в) фитопласт г) пласт
Өсімдіктерді әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа:
а)түзуші ә)негізгі б)жабын в) өткізгіш г) бөліп шығарушы
Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізетін ұлпа:
а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек в) негізігі г)тірек
Жасушалары ұдайы бөлінетін ұлпа:
а)түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы в) негізгі г) тірек
Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері:
а)аналық ә)гүл б)тұқым в)жеміс г)жапырақ
Тамыр оймақшасы: а)тамырды ұзартады ә)тамырды сорады б)тамырды зақымданудан қорғайды в)тамырдың ең ұшында орналасады г)тамырдың өсуін баяулатады
2-бөлім. Бұл бөлімде дұрыс жауабын тауып сәйкестендіру қажет, 1 сұрақта 5 жауабы дұрыс болса 2 балл беріледі, 3 жауабы дұрыс болса 1 балл беріледі.
Өсімдіктерді тамыр жүйесіне қарай сәйкестендір:
Кіндік тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер Арпа
Шашақ тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер Асқабақ
Пияз
Асбұршақ
қауын
Өсімдіктерді сәйкестендір:
Өсімдіктің вегетативті мүшелері Аталық
Өсімдіктің генеративті мүшелері Жапырақ
Аналық
Сабақ
Тамыр
Жасуша органиодтарын қызметтерімен, құрылысына қарай сәйкестендір:
Ядро Жұмыртқының ақуызына ұқсас, мөлдір, желім тәрізді қоймалжың зат
Вакуоль Жасушаның сыртын қаптайтын жасунықтан (целлюлоза) тұрады
Цитоплазма Көбеюге қатысатын органоид
Пластидтер Өсімдіктің барлық мүшелерінде кездесіп, әртүрлі түс береді
Жасуша қабықшасы Цитоплазмада орналасқан іші шырынға толы органоид
Өсімдіктердің жемістерін тауып, сәйкестендір;
Бұршаққап Үйеңкі,қараған,шегіршін,қайың
Бұршаққын Бақбақ,күнбағыс,өгейшөп
Дәнек Асбұршақ,беде
Қанатты жеміс Қырыққабат,шомыр,шалқан
Тұқымша Арпа,бидай,сұлы,тары
Ұлпаларды қызметтеріне қарай сәйкестендір:
Негізгі ұлпа Қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді
Түзуші ұлпа Жапыраққа, сабаққа беріктік қасиет беріп, тірек қызметін атқарады
Жабын ұлпа Тамырдың ең ұшында орналасады, барлық ұлпалардан бұрын түзіледі
Өткізгіш ұлпа Өсімдік мүшелерін сыртынан қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды
Бөліп шығарушы ұлпа Атқаратын қызметіне байланысты фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы,ауа жинаушы болып бөлінеді
Тірек ұлпа Жасуша қабықшасы қажетсіз заттарды бөліп шығару үшін жұқа күйінде сақталады
Дұрыс жауаптары: 1-бөлім. 1-ә,2-а,3-а,4-ә,5-б,6-в,7-б,8-ә,9-а,10-б,11-б,12-ә,13-а,14-г,15-в.
2-бөлім. Сәйкестендіру жауаптары:
1.Кіндік тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:асбұршақ,асқабақ,қауын;
Шашақ тамырлы өсімдіктер: пияз,арпа.
2.Өсімдіктің вегетативті мүшелері:жапырақ,сабақ,тамыр.
Генеративті мүшелері:аталық,аналық.
3.Ядро- көбеюге қатысатын органоид;
Цитоплазма- Жұмыртқаның ақуызына ұқсас, мөлдір, желім тәрізді қоймалжың зат,
Жасуша қабықшасы- Жасушаның сыртын қаптайтын жасунықтан (целлюлоза) тұрады;
Пластидтер- Өсімдіктің барлық мүшелерінде кездесіп, әртүрлі түс береді;
Вакуоль- Цитоплазмада орналасқан іші шырынға толы органоид.
4. Қанатты жеміс-Үйеңкі,қараған,шегіршін,қайың;
Тұқымша-Бақбақ,күнбағыс,өгейшөп;
Бұршаққап-Асбұршақ,беде;
Бұршаққын-Қырыққабат,шомыр,шалқан;
Дәнек-Арпа,бидай,сұлы,тары.
5. Өткізгіш ұлпа-Қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді;
Тірек ұлпасы-Жапыраққа, сабаққа беріктік қасиет беріп, тірек қызметін атқарады;
Түзуші ұлпа-Тамырдың ең ұшында орналасады, барлық ұлпалардан бұрын түзіледі;
Жабын ұлпа-Өсімдік мүшелерін сыртынан қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды;
Негізгі ұлпа-Атқаратын қызметіне байланысты фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы,ауа жинаушы болып бөлінеді;
Бөліп шығарушы-Жасуша қабықшасы қажетсіз заттарды бөліп шығару үшін жұқа күйінде сақталады.